Ақпарат

Атырауға ұшатын рейстер, Қазақстан


Атырау қаласы Каспий маңы ойпатында Орал өзенінің Каспий теңізіне құйылатын жерінде орналасқан. Қала мұнай өнеркәсібінің орталығы болып табылады, сондай-ақ бұл жерде қызыл балық пен қара уылдырық шығырылады. Қала бірден екі континентте – Орал өзенінің екі жағалауындағы Еуропа және Азия континенттерінде орналасқан. Атырау қаласының тарихы орыс шенеунігі Гурий Назаров қаланың негізін салған кез 1645 жылдан басталады. Қалаға Гурий Назаровтың құрметіне Гурьев деген ат берілген, кейін 1991 жылы қаланың аты Атырау деп өзгертілді. Қала стратегиялық маңызды нысана болып есептелгендіктен тарихы бай жерлердің бірі болып табылады. Қазіргі таңда қала Атырау облысының облыстық орталығы, Ақтау қаласымен қатар Қазақстанның маңызды порттарының бірі және аймағында көмірсутегілердің негізгі көлемі шығарылатын инвестициялық нарық болып табылады. Атырауға ұшатын рейсіңізді «Эйр Астанамен» брондап, Қазақстанның батысындағы бай да жомарт жерге сапар шегіңіз.