Ақпарат

Астанаға ұшатын рейстер, Қазақстан


Даланың інжу-маржаны және Қазақстан Республикасының елордасы Астанаға саяхаттаңыз. Есіл өзенінде орналасқан бұл қала – футуристік стилінде салынған уьтра-заманауи ғимараттары бар әсем қала. Сіз бұл қалаға келсеңіз, міндетті түрде «Бәйтерек» монументінің үстіне көтеріліп, мұнарадан қаланың таңғажайып көрінісін тамашалаңыз. Қаланың басқа да көрнекі жерлерінің қатарында Бейбітшілік пен келісім сарайы – Пирамида, әлемдегі шатыр түрді құрылыстардың ең орасан зоры – Хан Шатыр, жаңа және таңқаларлық президент сарайы – Ақ Орда бар. Қаланы «оң жағалау» және «сол жағалау» деп екіге бөлетін өзен жағалауымен серуендеуіңізге немесе дүкен, кафе, ресторан, түнгі клубтары бар тіршілік орталығы болып табылатын Республика даңғылы бойымен серуендеуіңізге болады. Билетіңізді «Эйр Астанамен» брондап, Еуразияның жүрегінен көрсетіліетін қызметті таңдаңыз.