Мобильді отырғызу талоны

«Эйр Астана» Алматы және Астана қалаларынан ұшатын рейстер үшін және Атырау қаласынан ұшатын ішкі рейстер үшін мобильді отырғызу талонын іске қосқаны жайлы қуана хабарлайды. Мобильді отырғызу талондарын қолданып, шекаралық бақылауды Fast Track тіркеу орны арқылы өте аласыз.

Мобильді отырғызу талоны біздің мобильді қосымша арқылы немесе мобильді құрылғыңызбен біздің ресми сайтымыз арқылы тіркеу жасаған кезде қолжетімді. Ол үшін тіркеу жасаған кезде «Мобильді отырғызу талонын сақтау» опциясын таңдаңыз. iOS құрылғыларын пайдалансаңыз, талонды Passbook/Wallet қосымшасына, ал Android құрылғыларын пайдаланатын болсаңыз, Pass2U қосымшасына сақтаңыз. Сақталған мобильді отырғызу талонын интернетсіз пайдалына аласыз.

Бұл қызмет келесі смартфондар үшін қолжетімді:

  • iOS – Air Astana қосымшасын пайдалану үшін iOS-тың 7-інші және одан жоғары нұсқалары мен Passbook/Wallet қосымшасы қажет;
  •  Android – Air Astana қосымшасын пайдалану үшін мобильді отырғызу талонын сақтауға арналған Pass2U қосымшасы қажет (егер смартфоныңызда бұл қосымша жоқ болса, сізге мобильді отырғызу талонына онлайн сілтеме беріледі);

Мобильді отырғызу талоны қағаз отырғызу талонымен қатар қолданылады. Жақын арада біз осы сервистің пайдалану географиясын кеңейтуді жоспарлап отырмыз.

Егер сіз отырғызу талонын телефоннан өшіріп тастасаңыз немесе телефон бір себеппен істен шықса, cіз отырғызу талонын дербес тіркеу терминалдары арқылы, немесе әуежайдағы әуекомпанияның тіркеу орнынан ала аласыз.