Біз туралы

AB-initio ұшқыштарды дайындау бағдарламасы

 

ab initio

«Эйр Астана» ұлттық тасымалдау әуекомпаниясының ұшқышы болғыңыз келеді ме?
Заманауи ұшақтарын меңгергіңіз келеді ме?
Ұшқыш мамандығының қиындықтары жасқандырмайды ма?

 

Онда ұшқыштарды бастапқы дайындау Ab-Initio бағдарламасы сізге арналған!

«Эйр Астана» әуекомпаниясы өз қызметін жоғарғы стандарттарға сай атқарады және де лайықты үміткерлерді әуекомпаниядағы кез келген бос орынға шақырады. Сонымен қатар ерекше қабілетті, білімді және жігерлі адамдарға «Эйр Астана» әуекомпаниясы Ab-Initio атты ұшқыштарды бастапқы дайындау бағдарламасы бойынша кәсіби оқытуды ұсынады.

Үміткерлерді іріктеу тұрақты түрде жүргізіледі және бірнеше кезеңнен тұрады. Барлық кезеңдерден сүрінбей өткен үміткерлер дүние жүзінің алдыңғы қатарлы ұшқыштар мектебінде білім алуға мүмкіндік алады. Біздің осы бағдарламамызды сәтті аяқтаған пилоттарымыздың Жетістікке жету жолдарын қалай өткендігі туралы мұнда баяндалған.

 

Ab-Initio бағдарламасының қатысушыларына қойылатын талаптар:

  • Жасы 18 бен 34 жас аралығында;
  • Қазақстан Республикасының азаматығы;
  • Орта немесе арнаулы орта білімі болуы керек;
  • Ағылшын тілін жетік меңгерген;
  • Денсаулығы медициналық комиссияның талаптарына сай болуы керек;
  • Сотталмаған және полициялық мәліметтерде тіркелмеген;
  • Халықаралық паспорты болу керек;
  • Шенген визасын алу талаптарына сәйкес болуы керек;
  • «Эйр Астана»-мен еңбек шартқа кем дегенде 7 жылға қол қоюға және оқу құнының 50% қайтаруға келіскен болуы керек.


Steps to apply for “Ab-Initio” programme:

 

  1. Ab-Initio анкетасын толтырыңыз

  2. Төмендегілерді қосыңыз: 

    - Паспорт көшірмесі;
    - IELTS сертификаты (бар болған жағдайда)*;
    - ВЛЭК сертификаты (бар болған жағдайда)*

    *Осы сертификаттар және қылмыстық жазба туралы анықтама COMPASS тестінен кейін міндетті түрде тапсырылуы қажет.

  3. Қажетті құжаттарды төмендегі мекен-жайға жіберіңіз:

    Қызметкерлерді басқару департаменті
    «Эйр Астана»
    050039 Алматы қ-сы,
    Закарпатcкая к-сі, 4А
    «Эйр Астана» Орталық 1
    Тел.: +7 (727) 330 90 77

 

Барлық құжаттар талаптарға сай болған жағдайда, үміткер бастапқы іріктеуге шақырылады:

  • Ағылшын тілі тесті;
  • SHL қабілеттер тесті (VMG ауызша ақпаратты талдау және NMG сандық ақпаратты талдау);
  • Қазақстандық медициналық комиссияның үміткердің «ұшқыш» мамандығына оқу үшін денсаулық және психофизиологиялық жайы туралы куәландыруы (ВЛЭК Класс 1 сертификаты);
  • Үміткердің ұшқыш болуға үйрену қабылетін COMPASS жүйесі арқылы тестілеу;
  • Сыртқы сарапшылар және «Эйр Астана» әуекомпаниясының өкілдері (Ұшуды ұйымдастыру және Қызметкерлерді басқару жөніндегі департаменттер) бірлесе отырып өткізетін қорытынды бағалау.

Ескертулер:

  • Егер медициналық комиссия үміткер денсаулығының жарамсыздығын айқындаған болса, оның қайта қатысуы тек медициналық комиссияның оң қорытындысын алғаннан кейін мүмкін болады;
  • Егер үміткер SHL тесті , COMPASS тесті , қорытынды бағалау бойынша қанағаттанарлық нәтижеге жетпеген жағдайда, үміткердің бағдарламаға қайта катысуы туралы шешімді Эйр Астана іріктеу комиссиясы қабылдайды;
  • Үміткерге кез келген кезеңді қайта тапсыруға 1 мүмкіндік берілуі мүмкін;
  • Оқуды бастамас бұрын үміткерлер EASA (European Aviation Safety Agency) бірінші класс медициналық сертификатын алу үшін медициналық тексеруге жіберіледі.