Біз туралы

«Эйр Астана» TripAdvisor сайтының Travellers' Choice Awards сыйлығының лауреаты атанды

16.04.2018

Дүниежүзілік саяхаттар сайты TripAdvisor «Эйр Астананы» Travellers’ Choice Awards 2018 сыйлығының «Аймақтық Азия тасымалдаушысы» номинациясында жеңімпаз деп жариялады. Саяхаттаушылар борттағы қызмет көрсетуді, салондағы тазалықты, тамақ пен сусындарды, креслолар жайлылығын, кресло арасындағы қашықтығын, баға мен сапаның үздік ара қатысын, тіркеуді және компанияның ойын-cауық жүйесін жоғары бағалады. Үздік тасымалдаушылар 2017 жылғы ақпаннан 2018 жылғы ақпанға дейін әлем бойынша көрсетілген рейтинг пен пікірлер саны мен сапасын ескеретін алгоритм бойынша анықталған.  

«Біздің әуекомпания сервистің ең жоғарғы стандарттарына үздіксіз ұмтылады, және мен «Эйр Астана» осы марапаттың иегері болғанына бақыттымын,» - деді компания президенті Питер Фостер. «Мен TripAdvisor сайтында біздің рейспен ұшқаннан кейін пікір қалдырған әрбір жолаушымызға шын жүректен алғыс айтқым келеді және одан арғы қолдауына сенімдімін».

Жаңалықтар


29.08.2018

«Эйр Астана» 2018 жылғы бірінші жарты жылдықта тасымалдың және кірістің өсуін көрсетті
«Эйр Астана» өткен жылдың іспеттес кезеңімен салыстырғанда 2018 жылғы бірінші жарты жылдықта жолаушы тасымалының 10% және кірістің 17% ұлғайғаны туралы хабарлайды. 2018 жылдың қаңтар мен маусым айы арасында 2 миллионнан астам жолаушы тасымалданды.


10.08.2018

«Эйр Астанамен» бірге астаналық марафон
«Эйр Астана» Астана марафонының тіркелген жүгірушілеріне арнайы тарифтер ұсынады.

17.07.2018

«Эйр Астана» Skytrax World Airline Awards сыйлығының жеті дүркін лауреаты атанды
«Эйр Астана» әуекомпаниясы тағы да 4 жұлдызды рейтингісіне және Skytrax World Airline Awards беделді сыйлығы бойынша “Орталық Азия мен Үндістандағы үздік әуекомпания” атағына жетінші рет ие болды. Марапаттау рәсімі 2018 жылғы 17 шілдесінде Лондондағы Langham қонақ үйінде өтті.


04.06.2018

«Эйр Астана» әуе компаниясы флотындағы ұшақтар санын көбейтеді және жаңа ұшу бағытын ашады
«Эйр Астана» әуе компаниясы Ресейге жаңа екі бағытта рейстер ашып, әуе флотын Airbus A321neo ұшағымен толықтырды. Бұл ұшақ NEO үлгісінен сатып алынған үшінші лайнер болып табылады. Жаңа рейстер Астанадан Түменге және Қазанға ашылды.


04.06.2018

Қоғам акционерлеріне арналған ақпарат
«Эйр Астана» АҚ 2018 ж. 31-ші маусымда өткізілген акционерлердің жалпы жиналысында қабылданған таза кірісті төлеу тәртібі туралы хабарлайды


16.05.2018

10 ұшқыш «Эйр Астана» әуекомпаниясының командирлері атанды
2018 жылдың 15 мамырында «Эйр Астана» әуекомпаниясының 10 ұшқышы әуе кемесінің командирі атағын алған, бұған дейін ab-initio бағдарламасымен оқытылған ұшқыштарды құттықтай отырып, әуе компаниясының 16 жылдығы атап өтілді.


14.05.2018

2018 жылғы FIFA Әлем кубогы кезінде қауіпсіздік шараларын күшейту
2018 жылы Ресей Федерациясында FIFA -2018 әлем чемпионатын және FIFA 2017 Конфедерация Кубогын өткізу кезеңінде күшейтілген қауіпсіздік шараларын қолдану ерекшеліктері туралы.


23.04.2018

Үндістан азаматтары үшін визасыз тәртіптеме
2018 жылғы 23 cәуірден және 31 желтоқсанға дейін Астана мен Алматы арқылы үшінші елдерге қазақстандық әуекомпаниялармен транзитпен ұшатын Үндістан азаматтарына 72 сағаттық визасыз тәртіптеме қолданылады.


16.04.2018

«Эйр Астана» TripAdvisor сайтының Travellers' Choice Awards сыйлығының лауреаты атанды
Дүниежүзілік саяхаттар сайты TripAdvisor «Эйр Астананы» Travellers’ Choice Awards 2018 сыйлығының «Аймақтық Азия тасымалдаушысы» номинациясында жеңімпаз деп жариялады.


12.03.2018

«Эйр Астана» жаңа Атырау-Франкфурт рейсін ашады
2018 жылдың 26 наурызынан бастап ұлттық тасымалдаушы Атырау мен Франкфурт арасында дүйсенбі және жұма күндері Airbus A321-де екі класты ұшағымен (бизнес-класта 28 орын, эконом-класта - 151) ұшуларды бастайды. Атыраудан Франкфуртқа ұшу уақыты 5 сағатты құрайды.


05.03.2018

«Эйр Астана» Cathay Pacific әуекомпаниясымен кодшерингтік келісім жасады
«Cathay Pacific» және «Эйр Астана» бүгін өзара кодшерингтік келісімге қол қойды. Бұл Cathay Pacific клиенттері үшін Қазақстаннан және «Эйр Астана» әуекомпаниясының клиенттері үшін Гонконгтан Азия және Австралияға саяхат жасауға туристік мүмкіндіктерді арттырады.


26.02.2018

«Эйр Астана» күн сайын Лондонға қатынайды
«Эйр Астана» Астанадан Лондонға 2018 жылдың 1 маусымынан бастап күн сайын ұшатын болады. Жаңа жиіліктер сәрсенбі және жұма күндері қосылады.


01.02.2018

«Эйр Астана» 2017 жылдың қорытындыларың шығарды
«Эйр Астана» әуекомпаниясы 2015 және 2016 жылдарындағы төмендеуден кейін 2017 жылы жолаушылар тасымалының 12% -ға және кірістердің 22% -ға өсімін тіркеді. 2017 жылы әуе компаниясы 4,2 млн. жолаушыны тасымалдады. Жүк тасымалдаудың өсімі 30% құрады.


26.01.2018

«Эйр Астана» - Пулково әуежайы сыйлығының екі дүркін иегері
«Эйр Астана» әуекомпаниясы екінші жыл қатарынан «Пулково» әуежайының «ТМД елдерінің ең серпінді дамып келе жатқан тасымалдаушысы» номинациясындағы сыйлығына ие болды.


08.01.2018

«Эйр Астана» 3 «Боинг-767» ұшағында интернет ортатты
Әуекомпания «Боинг-767» үш кеңфюзеляжды ұшағында кең жолақты жоғары жылдамдықты байланысты құрғаны туралы хабарлайды.


03.01.2018

«Эйр Астана» тұңғыш A321neo ұшағы келді
Қазақстанның ұлттық әуе тасымалдаушысы Гамбургтегі Airbus зауытында шығарылған А321neo тұңғыш ұшақты қабылдады.


15.12.2017

«Эйр Астана» 2017 жылы 4 миллионыншы жолаушыны тасымалдады
Қазақстанның Тәуелсіздігі күні қарсаңында «Эйр Астана» 2017 жылы 4-миллионыншы жолаушыны тасымалдады. Бұл компания тарихындағы рекордтық жылдық көрсеткіш.


06.12.2017

«Эйр Астана» елордада авиациялық техникалық орталықты құрды
Орталықтың ашылуы аймақтағы көшбасшылыққа жетуге барлық мүмкіндіктері бар Орталық Азиядағы ең ірі ұшақтарды жөндеу кәсіпорындарының біріне айналатыныны анық.


31.10.2017

Авиацияда қызметкерлердің жетіспеушілігі және «Эйр Астанада» бұл мәселені шешу жолдары
«Эйр Астана» бүкіл Қазақстан бойынша үміткерлерді іріктеу, жұмысқа алу және дайындау мақсатында «Арманыңды іске асыр» науқанының басталуы туралы хабарлайды.


13.10.2017

«Эйр Астана» «MYSEAT» қызметін енгізді
Жаңа қызмет халықаралық практика болып табылады, және оны өзге отандық әуекомпаниялар енгізді.


05.10.2017

Жас қазақстандық ғалым Стивен Хокингпен кездесті
15 жастағы данышпан бала Исаак Мустопуло атақты үлыбританиялық физик-теоретик Стивен Хокингпен кездесті. Сал ауруына шалдыққан Исаак Мустопуло Ұлттық инновациялық конкурста арнайы жүлде иеленіп, 4 қазанда физик-теоретик профессор Стивен Хокингпен кездесті. Кездесу Британ кеңесі мен "Эйр Астана" ұйымдастырған Ұлыбританиядағы оқу-танымдық сапар кезінде өтті.


07.09.2017

"Эйр Астана" бортта кең жолақты жылдам байланысты енгізеді
Енді «Эйр Астана» жолаушылары «Боинг-767» әуе лайнерлерінің борттарында кең жолақты жоғары жылдамдықты желіге қол жеткізді. Әуекомпаниясы Inmarsat’s Global Xpress (GX) Aviation мүмкіндіктерін пайдаланатын Rockwell Collins кабина жүйесін орнатты.


23.08.2017

«Эйр Астана» IOSA эксплуатациялық қауіпсіздік бойынша аудитті 6 рет сәтті өтті
2017 жылғы мамырында «Эйр Астана» әуекомпаниясы IOSA (IATA Operational Safety Audit) Әуе көлігі халықаралық қауымдастығының эксплуатациялық қауіпсіздігі бойынша алтыншы аудитті сәтті өтті. Алғашқы рет әуекомпания IOSA аудитін 2007 өткен және әр екі жыл сайын 2009, 2011, 2013, 2015 жылдары өткен. Келесі аудит 2019 жылы жоспарланған.


20.06.2017

«Эйр Астана» Skytrax World Airline Awards сыйлығын алтыншы рет алды
«Эйр Астана» әуе компаниясы тағы да 4 жұлдызды рейтингісіне және Skytrax World Airline Awards беделді сыйлығы бойынша “Орталық Азия мен Үндістандағы үздік әуе компания” атағына алтыншы рет және «Орталық Азияда және Үндістанда үздік борттық қызмет көрсету» сыйлығымен бесінші рет ие болды. Марапаттау рәсімі 2017 жылғы 20 маусымда Ле-Буржеде Париж авиасалонында өтті.


31.05.2017

«Эйр Астана» әуекомпаниясы Астанадан Киевке ұшуларды жаңғыртады
1 маусымнан бастап «Эйр Астана» Қазақстан елордасынан Украина елордасына тікелей рейстерді бастайды. Ұшулар аптасына 5 рет Airbus A320 және Embraer 190 заманауи әуе кемелерімен орындалады


18.04.2017

Ab-initio бағдарламасының ұшқыш-түлектері «Эйр Астана» әуе кемесінің командирлері атанды
Ab-initio ұшқыштарды алғашқы даярлау бағдарламасының бірінші түлектері арасынан Airbus флотының 6 екінші ұшқышы әуе кемесінің командирлері қызметіне тағайындалды. Олар: Ахметов Талғат, Чугай Виктор, Агмуров Бердіхан, Тұрғамбаев Тимур, Сулейманов Роман және Петин Дмитрий. Бағдарламаны тәмамдаған тағы 2 ұшқыш нұсқаушылардың бақылауымен рейстерде командирлік қызметке даярлықтан өтіп жатыр және олар сәуір айының соңында командирлер қатарына қосылады.


15.03.2017

Air Astana мен Lufthansa кодшерингтік келісімге қол қойды
Бүгін Air Astana мен Lufthansa кодшеринг келісіміне қол қою арқылы өз ынтымақтастығын кеңейтті.


02.03.2017

"Алматыдан «Эйр Астананың» халықаралық рейстеріне мобильді тіркеу басталды
Бүгіннен бастап «Эйр Астана» Алматыдан ұшатын жолаушыларына халықаралық рейске ұялы телефон арқылы тіркелуге ұсынады. Мобильді отырғызу талоны бар жолаушыларға шекаралық бақылаудан өту үшін FAST TRACK жеке үстелше белгіленген. Бұл қызмет Алматы халықаралық әуежайымен және ҚР ҰҚК шекара қызметімен өзара әрекеттестік арқасында мұмкін болды. Сөйтіп «Эйр Астана» осындай қызметті ұсынатын Қазақстандағы бірінші әуекомпания болды. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы шілде айында ішкі рейстерге мобильді тіркелу енгізілген болатын.