Ұпайларды пайдалану

Ұпайларды пайдалану
Нақты бағытқа ұпайлар саны
Саяхат жайлы армандарыңызды жүзеге асырып, Nomad Club-пен түрлі елдерді аралап көріңіз. Көшесі жанға толы Алматыдан Лондонның танымал көрікті жерлеріне дейін – біздің бағыттар шытырман оқиғаға жол ашады. Күн сәулелі Оңтүстік-Шығыс Азия, мейлі мәдениетке бай Еуропа болсын, әр жердің өзіндік қайталанбас әсері мен жадыңда қалар естелігі бар. Әлемді аралауға бізбен бірге ұшыңыз.
KAZ Z1: Алматы, Астана, Қызылорда, Өскемен, Шымкент, Қарағанды
KAZ Z2: Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Орал
Үндістан: Дели
Таяу Шығыс: Дубай, Абу Даби, Жидда, Мәдина
Еуропа: Амстердам, Анталия, Франкфурт, Лондон
Түркия: Ыстамбұл
Оңтүстік-Шығыс Азия/Қиыр Шығыс: Пхукет, Бангкок, Сеул, Бейжің, Фукуок
Қырғызстан: Бішкек
Әзірбайжан: Баку
Өзбекстан: Ташкент
Тәжікстан: Душанбе
Грузия: Тбилиси, Батуми
Мальдив: Мале
Батыс Қытай: Үрімші
Nomad Club марапаттарын алу сәтіне келсек, біз сізді саяхатта теңдессіз әсерге бөлегенімізді мақтан тұтамыз. Көрсетілген ұпайлар біздің сан алуан бағытымыздың сапардағы бір жаққа жетуін ғана білдіреді. Алайда ең қызығы: сіз саяхатыңызды екі еселей аласыз, ол үшін екі жаққа жету жүлделі билетін сатып алып, кестеде келтірілген қажетті ұпай санын екі есе көбейтесіз. Өзіңізді авантюрист сезіндіңіз бе? Бизнес-кластағы жүлделі билеттің жартысы мен эконом-кластағы жүлделі билеттің жартысын қосыңыз. Біз сізге жүлделі сапарды өз қалауыңызға сай дербестендіруге мүмкіндік беруге ұмтыламыз. Қызмет класын жоғарылатуға келсек, аударылған ұпайлар бір бағыттың жол ақысына ғана жарамды. Алайда ұшар алдында тиісті класс бойынша расталған және рәсімделген брондау барына көз жеткізген маңызды. Біз Nomad Club аясында сапарыңызды жайлы әрі шынымен пайдалы етуге ұмтыламыз.
Біз маусымдық және сұраныс шегі коэффициентіне қарай жүлделі билет алудың үш лимитін ұсынамыз:
Төмен сұраныс: сұраныс азайғанда ұшу ұпайы төмендегенін пайдаланыңыз, себебі бұл сапарыңызды анағұрлым бағалы етеді.
Орта сұраныс: сұраныс өсуіне қарай ұпай саны шамалы көбеюі ықтимал, бұл белгілі бір бағыттар мен уақыттың танымалдығын білдіреді.
Жоғарғы сұраныс: мереке немесе фестиваль сияқты саяхат қызған кезде төленетін ұпай саны сұраныстың өсуіне орай шарықтау шегіне жетуі мүмкін.
Қашан сапарға шығатыныңызға қарамастан, бұл көп деңгейлі жүйе ұпай құнын барынша көтере алатыныңызға кепілдік береді. Күтпеген жерде саяхат іздеп немесе қызық демалысты жоспарласаңыз да, әлемді қалағаныңыздай зерттеп білу үшін, Nomad Club сізге керегінше икемділік береді.
Ұпайларды пайдалану тәсілдері

Жүлделі билет алу

Қызмет класын жоғарылату
Марапат алу тәртібі
Марапатты ұшулар
- Өз шотыңызды тексеріп, ұпайлар саны таңдаған марапатыңызға жететініне көз жеткізіңіз.
- Ұшуды Air Astana-ның марапат билеттерін брондау, ұпайларды сатып-алу және аудару беттерінде онлайн немесе брондау орталығына не сату кеңсесіне хабарласып брондаңыз. Ұшуды қалаған сапар күніне дейін 3 жұмыс күні бұрын брондау қажет. Сіз үшін марапатты тасымалға туристік агенттіктер брондау жаса алмайды.
- Марапатты растағаннан кейін Nomad Club агенттері сізге әуежай алымдарын төлеу жайлы электронды түрде хабарлайды.
Қызмет класын жоғарылату
- Өз шотыңызды тексеріп, таңдаған марапатыңызға ұпайлар саны жететініне көз жеткізіңіз.
- Air Astana әуекомпаниясының брондауға рұқсат етілген класынан жатын эконом-класқа немесе эконом-класқа билет сатып алыңыз.
- Бизнес-класта орын брондағанға Air Astana-ның брондау орталығы немесе сату кеңсесіне хабарласыңыз. Қызмет класын жоғарылатуға өтінішті қалаған сапардың күніне дейін 3 жұмыс күні бұрын жібере аласыз.
- Брондау орталығының мамандары қызмет класын жоғарылату өтініші қашан расталатынын және билетті қайта жазуға кеңсеге алдын-ала келу керек пе, хабардар етеді.
- Жүлделі тасымалға маусымдық шектеу жоқ, бірақ бөлінген орын саны шектеулі, сондықтан жүлделі ұшу сапарын мүмкіндігінше ерте брондауға тырысыңыз. Ұшу күнін шамалы өзгерте алсаңыз, онда қалаған сапарыңызға бос орын табу мүмкіндігі де өседі.
Тіркелу кезіндегі апгрейд
Бизнес-класқа билет алып немесе қызмет класын жоғарылатып үлгермесеңіз, әркез ұшар алдында арнайы қызметті пайдаланып, тіркелетін жерде ұпайларды бизнес-класқа апгрейдке ауыстыра аласыз. Сіз сондай-ақ бизнес күту залына тегін қол жеткізіп, ұшар алдында демала аласыз.
Сізге білу керегі:
- Қатысушыға Nomad Club ұпайлары бастапқыда эконом-класта сатып алған билеті негізінде есептеледі;
- Тіркелу кезіндегі апгрейд қызметін үшінші тұлғаға беруге болмайды;
- Ұпай есебінен қызмет класын жоғарылатса, әуекомпания жеке жол жинағымен және бизнес-класс тағамымен қамтитынына кепілдік бере алмайды;
- Тіркелу кезіндегі апгрейд қызметі тек бір бағытқа көрсетіледі. Ұшып болған соң ұпайлар қайтарылмайды;
- Тіркелу кезіндегі апгрейд қызметі тек бір жолаушы көрсетілген брондауға қолданылады;
- Қатысушыға жүк алып өту нормасы мен бизнес-кластың күту залына өту мүмкіндігі қызмет класын жоғарылатқаннан кейін ғана қолжетімді болады;
- Air Astana тіркелу кезінде апгрейд алуға орын санын шектеу құқығы бар екенін мәлімдейді.
Сізге білу керегі:
- Тіркелу кезінде MySEAT қызметін үшінші тұлғаға беруге болмайды;
- Тіркелу кезінде MySEAT қызметі тек бір бағытқа беріледі. Ұшып болған соң ұпай қайтарылмайды;
- Air Astana тіркелу кезінде MySEAT алуға орын санын шектеу құқығы бар екенін мәлімдейді.
- Қызметті пайдалану үшін әуебилетті брондағанда қатысушы нөмірін енгізуді өтінеміз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Nomad Club бағдарламасына тіркелу үшін, келесі қарапайым қадамдарды орындауыңызды өтінеміз:
1. Сілтеме бойынша өтіңіз.
2. Тіркелу үлгісін толтырыңыз: есіміңізді толығымен латынша, жынысты, жеке электрондық пошта адресін, ұялы телефон нөмірін, туған күнді жазыңыз және аккаунт құпия сөзін таңдаңыз. Сондай-ақ Nomad Club бағдарламасының Ережелерімен және шарттарымен танысыңыз.
3. Тіркелуді аяқтау үшін электрондық адресіңізге аккаунтты іске қосуға сілтеме жіберіледі.
4. Тіркелу кезінде көрсеткен электрондық пошта адресіндегі сілтемемен өткен соң, қатысушы нөмірі жіберіледі. Бұл дерек бірегей болуы тиіс. Бірнеше бағдарламаға тіркелуге бірдей электрондық пошта адресі мен телефон нөмірін пайдалануға болмайды. Тіркелу 2 жас және одан жоғары жастағы тұлғаға қолжетімді. Nomad Club виртуалды қатысушы картасын бағдарламаға тіркелгеннен кейін біздің веб-сайтымызда жеке кабинетіңіз немесе мобильді қосымша арқылы қол жеткізе аласыз.
1. Тіркелуді әуекомпанияның сайтында өз бетіңізше келесі сілтемемен жасай аласыз.
2. Бала 2 жасқа толса, бағдарламаға қатыса алады. Бағдарламаның әр қатысушысының өз электрондық пошта адресі мен телефон нөмірі бар. Қолданып қойған электрондық пошта адресін/телефон нөмірін байланыстыруға болмайды. Сондықтан балаға жаңа электрондық пошта адресін ашу немесе өзге қатысушы қолданбайтын басқасын (телефон нөмірі де солай) көрсету қажет.
Nomad Club ұпайларын пайдаланып қызмет көрсету класын келесі үш тәсілмен жоғарылата аласыз:
1. Сату кеңсесіне барып, қызмет көрсету класын жоғарылатуға өтініш беріңіз.
2. Брондау және ақпарат орталығына хабарласып, қызмет көрсету класын жоғарылатуға өтініш қалдырыңыз.
3. Қызмет көрсету класын көрсетілген сілтемеге өту арқылы сайттағы есептік жазбаңызбен онлайн жоғарылатыңыз.
Байланысты тақырыптар
Nomad Club бағдарламасы туралы толығырақ біліңіз
Арнайы ұсыныстар

Қатысу дәрежелері мен марапаттар

Серіктес күту залдары
