Nomad Club бағдарламасына қосылыңыз
Air Astana ұтыс ойыны 2025 – тегін билеттер мен Nomad ұпайларын ұтып алыңыз
2025 жылғы 1 желтоқсанға дейін кез келген бағытқа билет сатып алып, саяхат жасаңыз да, бағалы сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігіне ие болыңыз.
Ұтысқа қалай қатысуға болады
- 2025 жылғы 15 қыркүйек пен 30 қараша аралығында Air Astana-ның кез келген бағыты бойынша билет сатып алыңыз да, саяхаттаңыз. Билет сатып алу кезінде Nomad Club қатысушы нөмірін көрсетіңіз.
- Осыдан кейін сіз автоматты түрде ұтысқа қатысушы боласыз.
- Жеңімпаздар тізімін және соңғы жаңалықтарды www.airastana.com сайтынан, әлеуметтік желілерден және ақпараттық хаттардан таба аласыз.
Сыйлық қоры
- Air Astana-ның кез келген халықаралық бағытына 2 бизнес-класс әуе билетіне сертификат
- Air Astana-ның кез келген халықаралық бағытына 2 эконом-класс әуе билетіне сертификат
- 50 000 Nomad ұпай сертификаты
- 20 000 Nomad ұпай сертификаты
- 10 000 Nomad ұпай сертификаты
Ұтыс нәтижелері
Жеңімпаздар 2025 жылғы 10 желтоқсанда нотариус пен комиссияның қатысуымен кездейсоқ таңдау (рандомайзер) қызметі арқылы анықталады. Бұл процесті әлеуметтік желілерде тікелей эфирден бақылауға болады.
Нәтижелер www.airastana.com сайтында жарияланады. Егер сіз хабарландыруды өткізіп алсаңыз да, біз Nomad Club есептік жазбаңызда көрсетілген электрондық пошта арқылы сізбен байланысамыз.
Ұтыс шарттары
- Билет сатып алу және саяхаттау мерзімі: 2025 жылғы 15 қыркүйек – 30 қараша аралығы.
- Ұшу алдында Nomad Club қатысушы нөмірін көрсету міндетті.
- Сіз қаншалықты көп билет сатып алсаңыз, ұту мүмкіндігіңіз соншалықты жоғары болады.
- Ұтып алынған әуе билеттерін пайдалану шарттары сертификаттарда көрсетілген.
- Ұтып алынған ұпайларды пайдалану шарттары Nomad Club бағдарламасының ережелерімен реттеледі.