Жалпы ереже
Соңғы жаңарту: 2024 ж. 30 мамырЖеке ақпарат (немесе жеке дерек) Сізді сәйкестендіретін немесе Сізді сәйкестендіруге қолданылатын дерек дегенді білдіреді. Мысалы, есіміңіз және байланыс дерегіңіз, ұшқаныңыз туралы ақпарат және Nomad Club ынталандыру бағдарламасына қатысуыңыз жайлы ақпарат. Бұл ақпаратқа сонымен қатар Сіздің веб-ресурсымызды және мобильдік қосымшамызды қолданғаныңыз туралы дерек кіруі мүмкін.
Бұл Саясат біздің Сізге қатысты жинаған, қолданған және/немесе басқа әдіспен өңдеген, сондай-ақ Сіз біздің рейспен ұшқанда, веб-сайтымызды және мобильдік қосымшамызды пайдаланғанда, брондау және ақпарат орталығымызға хабарласқанда немесе біздің басқа қызметімізді тұтынған кездегі жеке ақпаратқа қолданылады. Біздің қызметімізді пайдалана отырып Сіз осы Саясаттың шартымен келісетініңізді растайсыз.
Сіздің жеке ақпаратыңызға қатысты кез келген сұрақ немесе мәселе жөнінде «Эйр Астана» АҚ-ның төмендегі байланыс арнасына жүгіне аласыз:
- Электрондық пошта: data.privacy@airastana.com
- Пошта мекен-жайы: «Эйр Астана» АҚ, Закарпатская көш., 4А, 050039, Алматы қ., Қазақстан.
Қазақстан Республикасының «Жеке дерек және оны қорғау туралы» заңына және басқа қолданылатын жергілікті және халықаралық заңға сәйкес «Эйр Астана» АҚ Сіздің жеке дерегіңізді жинауға, сақтауға, қолдануға, қорғауға және құпиялығын қамтамасыз етуге өзіне толық жауапкершілік алады. «Эйр Астана» АҚ-ның заңды тұлғалық мекен-жайы (БИН 010940000162): Закарпатская көш., 4А, 050039, Алматы қ., Қазақстан.
«Эйр Астана» АҚ Сіздің жеке ақпаратыңызды қызмет көрсетуге және оны жақсартуға, келісімді және заңды тұлғалық міндетімізді орындауға, сондай-ақ рейсімізде ұшу кезінде Сіздің қауіпсіздігіңізді қамту мақсатында жинайды және өңдейді. Бұл ақпаратқа жататыны:
- Жеке басты сәйкестендіретін дерек және байланыс ақпараты: Есімі, туған күні, азаматтығы, төлқұжат және басқа сәйкестендіретін дерек, телефон нөмірі және электрондық поштаның адресі.
- Саяхат туралы ақпарат: Билет нөмірі, Сіз ұшқан бағыттар, рейс дерегі, ұшқанда ерекше қалауыңыз және арнайы өтініш (мысалы, бортта орын таңдау және тамақ таңдау), сондай-ақ арнайы көмек көрсету туралы ақпарат.
- Қаржылық ақпарат: Кредит не дебет картасы туралы ақпарат, соның ішінде карта иесінің есімі, карта нөмірі және оны қолдану мерзімі сияқты төлем дерегі.
- Медициналық ақпарат: Саяхатқа қажет денсаулығы туралы дерек, соның ішінде дәрігерден анықтама, медициналық көрсеткіш, арнайы көмек немесе орналасу туралы сұраулар.
- Ниеттестік бағдарламасы туралы ақпарат: Ниеттестік бағдарламасына қатысушы нөмірін, миль балансын және қолжетімді артықшылықты қосқандағы қатысу туралы дерек.
- «Эйр Астана» АҚ-мен өзара әрекеттестік дерегі: Біздің қызметпен өзара әрекеттесу, соның ішінде өтініштер, пікірлер, шағымдар және қызметкермен өзара әрекеттесу нәтижесінде жиналған ақпарат.
- Cookies және онлайн сәйкестендірушілер: Біздің сайтымыз бен мобильдік қосымшамызда cookies және балама технология көмегімен, атап айтқанда IP адрестер, тұрған орны мен тілді баптауын қосқанда жиналған ақпарат.
- Авторизация туралы ақпарат: Біздің веб-сайтқа не мобильдік қосымшаға кіруге қол жеткізу үшін логин және құпия сөзге қатысты дерек.
- Физикалық орта қауіпсіздігінің ақпараты: «Эйр Астана» АҚ физикалық ортасына кіру журналындағы жазба.
- Маркетинг ақпараты: Қалаған саяхат туралы дерек, маркетинг кампаниясы мен шара нәтижесінде алынған клиенттің қанағаттануына қатысты жүргізген сауалнама қорытындысы.
- Аудиовизуалды ақпарат: Кеңсеміздегі бейнебақылау камерасының жазбасы, сондай-ақ Брондау және ақпарат орталығымызға жүгінген кездегі дауыс жазбасы.
Жиналатын жеке дерек түрі мен көлемі Сіздің "Эйр Астана" АҚ-мен өзара әрекеттесуіңіздің сипатына байланысты. Бұл дерек қызметімізді және цифрлық платформамызды қолдану барысында тікелей өзіңізден, сондай-ақ үшінші тұлғалардан, мысалы Сіздің ұшуыңызды ұйымдастыруға қатысатын билет сату агенттіктерінен жиналады.
"Эйр Астана" АҚ жеке деректі қорғау туралы қолданылатын жергілікті және халықаралық заңның сақталуын қамтамасыз ете отырып Сіздің жеке дерегіңізді келесі мақсатта жинайды және өңдейді:
- Қызмет көрсету: Жеке ақпарат Сізге әуебилет рәсімдеу, рейске тіркелу, жүк рәсімдеу, төлемді өңдеу, арнайы тағам ұсыну, сондай-ақ Сізге қажетті басқа да қызметті қосқанда ұшуыңызға қатысты қызмет көрсету үшін жиналып, өңделеді.
- Қызмет сапасын жақсарту: Жеке дерек қызметіміз бен өніміміздің сапасын жақсартуға, сондай-ақ клиент сұранысы мен қалауын түсінуге қолданылады.
- Реттеуші талаптарды сақтау: Жеке деректі өңдеу біздің авиациялық, кедендік және басқа қолданылатын жергілікті және халықаралық заңға сәйкес жауапкершілігімізді орындауға қажет.
- Маркетинг және коммуникация: Біз жеке деректі маркетинг мақсатында жаңа қызмет, ұсыныс және акция туралы ақпаратты хабарлауға, сондай-ақ жеке ұсыныс жасағанға клиент қалауын зерттеу мақсатында пайдаланамыз. Сіз маркетинг хабарламасынан веб-ресурсымыз бен мобильдік қосымшамыздың кіріктірілген қызметін қолдана отырып кез келген уақытта бас тарта аласыз.
- Келісімдегі жауапкершілік: Әуебилет «Эйр Астана» АҚ мен деректің субъекті арасындағы келісім шартының негізі болғандықтан, жеке деректі өңдеу осы шартты орындау үшін керек.
- Реттеуші міндеттер: Жеке деректі өңдеу авиациялық, кедендік және басқа қолданылатын жергілікті және халықаралық заңға сәйкес реттеуші міндеттерді орындау үшін жүзеге асады.
- Өңдеуге келісім беру: Белгілі бір өңдеу түріне, мысалы, Сіз маркетинг хабарламасына жазылғанда дерегіңізді өңдеу Сіздің келісіміңіздің негізінде жасалады.
- Заңды қызығушылық: Кейбір жағдайда жеке деректі өңдеу біздің заңды қызығушылығымыздың негізінде іске асады, оның ішінде көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту және/немесе алаяқтардан қорғау да бар.
Басқа адамға бронь қойғанда немесе әуебилет сатып алғанда Сізге ол адамның жеке дерегін қолдануға рұқсат алу қажет.
Жоғарыда аталған санаттағы жеке деректі біз түрлі арналар арқылы аламыз:
- Сізден тікелей
Біз жеке деректі өзіңізден тікелей Сіз әуебилетті брондағанда және/немесе сатып алғанда және/немесе басқа тауар мен қызметті біздің сату арнамыз арқылы қолданғанда, рейске тіркелгенде, онлайн-аккаунт ашқанда, Nomad Club ниеттестік бағдарламасына тіркелгенде, бізге өтініш не шағым жібергенде, анкета сұрағына жауап бергенде, бізге әлеуметтік желіде хабарлама қалдырғанда, қолдау қызметімізге хабарласқанда, чат-ботпен хат алысқанда, біздің электрондық хатымызды немесе мобильдік хабарламамызды алуға жазылғанда, медициналық форманы немесе алып жүретін ересексіз саяхаттаған кәмелеттік жасқа толмағандарға форма толтырғанда, біздің конкурсқа немесе жарнама акциясына қатысқанда аламыз.
- Сіздің туроператорыңыздан немесе туристік агенттіктен, біздің серіктес әуекомпаниядан не Сіздің ұшуыңызды ұйымдастыратын және басқаратын басқа компаниядан
Біз жеке дерегіңізді Сіз әуебилетті туристік агенттік немесе бөтен веб-сайт арқылы сатып алған жағдайда, сондай-ақ Сіз серіктестеріміздің көлік жалдау, трансфер, қонақ үй брондау қызметіне жүгінгенде үшінші тұлғадан аламыз. Сіздің жеке дерегіңізді өңдегенде Сіздің ұшуыңызды ұйымдастыруға қатысатын аталған үшінші тұлғалардың да жауапкершілігі бар. Олар Сіздің жеке дерегіңізді қалай өңдейді, Сіз ол туралы толық ақпаратты олардың жеке деректі қорғау жөнінде тиісті саясатынан таба аласыз.
«Эйр Астана» АҚ жеке ақпаратты сақтау мерзімін қолданылатын заңды және жеке деректі өңдеу мақсатын ескеріп анықтайды. Тек заңда көрсетілгендей, жеке деректі анағұрлым ұзақ мерзім сақтау талап етілетін кейбір жағдай болмаса, жеке деректі өңдеу мақсатына жеткен сәтте Сіздің жеке дерегіңіз өшіріледі немесе анонимге айналады.
Атап айтсақ, Сіз әуебилет брондағанда немесе сатып алғанда біз Сізге әуеұшу бойынша қызмет көрсету үшін тиісті жеке ақпаратты Сіздің ұшып болғаннан кейінгі сұрауларыңыз бен шағымдарыңызды қарауға қажет мерзімге сәйкес сақтаймыз. Сондай-ақ ақпарат Nomad Club жиі ұшатын жолаушылар бағдарламасы аясында ұсынатын артықшылықты қамтамасыз етуіміз үшін де сақталуы мүмкін.
Cіздің жеке ақпаратыңызды үшінші тарап жинаса, мысалы, қонақ үймен немесе көлікті жалға берумен айналысатын компания болса, ол солардың жеке деректі қорғау саясатына сәйкес сақталатынына назар аударыңыз.
Жоғарыда белгіленген деректі өңдеу мақсатына жету үшін және көрсетілген құқықтық негізге сәйкес (келісім шартын орындау, заңды қызығушылық, келісу немесе өңдеу жөнінде заңмен белгіленген міндеттер) Сіздің дерегіңіз келесі категориядағы алушыларға берілуі мүмкін:
- Басқа әуекомпанияларға (біздің кодшер және интерлайн серіктестерге);
- Әуежайдағы, күту залындағы операторларға және жерүсті қызметіне;
- Қандай да бір елге кіруге қолданылатын ереже негізінде уәкілетті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ дәйекті және құқықтық негіздегі сұратуға, мысалы құқық бұзушылықты тергеу аясында;
- Сіздің ұшуыңызды ұйымдастыруға қатысы бар Туристік агенттіктерге;
- Жиі ұшатын жолаушыларды ынталандыру бағдарламасы жөніндегі біздің әріптестерге;
- Нарықты зерттейтін және сараптайтын, маркетинг қызметін көрсететін немесе біздің атымыздан клиенттерге сауалнама жүргізетін компанияларға;
- «Эйр Астана» АҚ қызметіне қатысты заң бұзушылыққа және/немесе Мінез-құлық кодексіне, соның ішінде алаяқтық, жемқорлық, кемсіту, этикаға қайшы мінез-құлық және басқа заң бұзушылық туралы хабарламаларды өңдеу қызметін іске асыратын компанияларға;
- Трансфер, көлік жалдау, қонақ үйді брондау қызметін ұсыну процесіне қатысатын серіктестерге;
- Ақпараттық технология саласында, мысалы, брондау және билет сатып алу жүйесі, деректі сақтау, жолаушыларды рейске тіркеу жүйесі сияқты салада қызмет көрсететін компанияларға;
- Басқа қызмет көрсетушілерге, мысалы, веб-сайт жұмысын қамтуға, ақпараттық хабарламаларды жіберуге, пікірді өңдеуге қатысты мердігерлерге.
Сіздің жеке дерегіңіздің қауіпсіздігі мен құпиялығын қамтамасыз ету біздің басымдығы жоғары міндетіміз болып табылады. Біз ISO/IEC 27000 сериясының стандартын ұстанамыз және тиісті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету үшін шара қолдандық, атап айтсақ, кез келген кездейсоқ және заңсыз жоюды, жоғалтуды, өзгертуді, жария етуді, немесе бұл дерекке заңсыз қол жеткізуді болдырмау. Аталған шараға жататыны:
- Ұйымдастыру шарасы: Біз ақпаратты қорғау үшін қызметіміз бен шешім қабылдауымыздың негізі болып табылатын тиімді саясат пен шаралар енгіздік. Біздің қатерді басқару жөніндегі ұстанымымыз дерек қауіпсіздігін сәйкестендіруге, бағалауға және барынша азайтуға көзделген. Қызметкерлерді үнемі оқыту оларға ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қауіпті анықтауға және тиісінше шешім қабылдауға көмектеседі. Сондай-ақ біз жеке ақпарат қауіпсіздігіне ықпал етуді барынша азайтуға қатысты шара қолдану рәсімін әзірледік. Біз мұнымен қатар өзіміздің физикалық нысандарымыз бен ресурстарымызды рұқсат етілмеген қолжетімділіктен қорғауға қатысты шара қолданамыз.
- Техникалық шаралар: Біз деректі сақтау кезінде де, жеткізу кезінде де техникалық жағынан қорғау тұрғысында Сіздің ақпаратыңызды қорғау үшін шифрлауды қолданамыз. Біз жүйемізді алдын-алуға көмектесетін қолжетімділікті бақылау механизмі, желі аралық экран және сырттан енуді анықтау арқылы қорғауды жүзеге асырамыз. Біз сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздіктен қорғанып, қолданатын технологияның өзектісін қолдау үшін бағдарламалық жасақтаманы үнемі жаңартып тұрамыз.
Қазақстан Республикасының «Жеке дерек және оны қорғау туралы» заңына, сондай-ақ қолданылатын халықаралық заңға сәйкес, Сіз өзіңіздің жеке ақпаратыңызға қатысты анықталған төмендегі құқыққа иесіз:
- Қолжетімділік құқығы. Сіз бізде өзіңіздің жеке дерегіңіз барын білуге, сондай-ақ деректі, мақсатты, дереккөзді растауға байланысты ақпарат алуға, сонымен қатар жеке деректі жинау және өңдеу әдісін; жеке дербес дерек тізімін; дербес деректі өңдеу мерзімін, соның ішінде оларды сақтау мерзімін білуге құқылысыз.
- Түзету құқығы. Сіз расталатын тиісті құжатыңыздың негізінде бізде сақталған дербес дерегіңізді өзгертуге және толықтыруға құқылысыз.
- Жою құқығы. Сіз жергілікті және қолданылатын халықаралық заң нормасына сәйкес бізде сақталған дербес дерегіңізді жоюға құқылысыз.
- Өңдеуді шектеу құқығы. Сіз жергілікті және қолданылатын халықаралық заң нормасына сәйкес дербес дерегіңізді өңдеуімізді шектеуге құқылысыз.
- Келісімді қайтарып алу құқығы. Сіз бастапқыда дербес деректі қандай негізде өңдеуге келісім берсеңіз, сол негіздің аясында қайтарып ала аласыз.
- Деректі тасымалдау құқығы. Қолданатын заң нормасына сәйкес Сіз «Эйр Астана» АҚ-нан біз жинаған дербес деректі басқа ұйымға беруді немесе тікелей өзіңізге беруді сұрауға құқылысыз.
Егер Сіз осы құқықтың бірін қолданғыңыз келсе, бізбен мына электрондық пошта адресіне хабарласыңыз: data.privacy@airastana.com
Құқықтың жүзеге асуын талап етуші дерек субъектісі нақты Сіз екеніне көз жеткізу үшін, «Эйр Астана» АҚ Сізден қосымша ақпарат сұрауы мүмкін.
«Эйр Астана» АҚ сонымен қатар Сіздің жеке дерегіңізді маркетинг мақсатында, мысалы, ақпараттық бюллетень мен ұсыныс жіберу, маркетинг кампанияларын өткізу үшін өңдейді.
Егер біз Сізден, мысалы, хабарламаға жазылуға келісім сұрасақ, онда маркетинг хабарламасын жіберуге Сіз берген келісім негіз болады. Егер біз Сіздің дербес дерегіңізді ақпарат және маркетинг қызметі мақсатында келісім сұрамай өңдесек, онда әр нақты жағдайды алғанда біздің заңды қызығушылығымыз осы өңдеуімізге жеткілікті негіз болады деген тұжырымға келдік.
Егер Сіз бұдан былай маркетинг хабарламасын алғыңыз келмесе, өз келісіміңізді кез келген уақытта өзгерте аласыз. Маркетинг хабарламасын алудан бас тарту жолы төмендегіше:
Егер Сіз https://airastana.com сайтында тіркелген қолданушы болсаңыз, онда өз есептік жазбаңыз туралы бөлімдегі маркетингке қатысты қалауыңызды кез келген уақытта өзгерте аласыз.
Сондай-ақ біз электрондық пошта арқылы жіберетін әр маркетингтік хабарламада алдағы уақытта маркетинг хатын алуды тоқтатуға болатын жазылудан бас тарту опциясы бар.
Сіз https://airastana.com веб-сайтымызды немесе мобильдік қосымшамызды қолдана отырып бізге Сіздің қолдану тәжірибеңізді жақсарту үшін, өз құрылғыңызда cookie файлдарын орналастыруға, оларға қол жеткізуге және веб-сайтты және мобильдік қосымшаны пайдаланғаныңыз туралы деректі жинауға басқа да әдісті қолдануға рұқсат беруге келісесіз.
Толық ақпаратпен біздің Cookie-ді қолдану саясатымыздан таныса аласыз.
Сізге ыңғайлылық және ақпарат үшін біздің сайтта басқа веб-сайтқа сілтеме болуы мүмкін. Біз Сіздің жеке ақпаратыңызды веб-сайтымызда және мобильдік қосымшамызда қорғаған кезде, біз Сіз бөтен веб-ресурсты қолданған уақытта бөлісе алатын дербес дерегіңізге жауап бермейміз. Осыған орай сол веб-сайттардың дербес деректі қорғау туралы саясатымен танысуды өтінеміз.
Сіздің жеке дерегіңізді қорғауға қатысты нақты және өзекті ақпаратты ұсыну үшін, біз бұл Саясатқа өзгеріс енгізу құқығын өзімізде қалдырамыз.
Бұл Саясат өзгерген жағдайда, біз жаңарған нұсқасын өзіміздің https://airastana.com веб-сайтымызда жариялаймыз.
Көмек орталығы
Сіз біздің қызметтеріміз туралы пайдалы ақпарат ала отырып, түрлі мәселелер бойынша сұраныстарыңызды Air Astana-ға тікелей жібере аласыз.