Altyn Bank
Altyn Bank Nomad Club кредит және дебет карталарын пайдаланып, көбірек ұпай алыңыз.
Altyn Bank Nomad Club кредит және дебет карталарын пайдаланып, көбірек ұпай алыңыз. Altyn Bank Nomad Club Mastercard World дәрежесінің кредит және дебет карталары сіздің алдыңызда бүкіл әлемді ашады. Жиналған бонустық ұпайларды Nomad Club шотындағы басқа бар ұпайлармен бірге Air Astana әуе компаниясының рейстерінде тегін ұшу үшін немесе қызмет көрсету класын жоғарлату үшін қолдансаңыз болады.
Картаның сипаттамасы:
Altyn Bank Nomad Club - онлайн ашуға болатын карта, ал карта сіздің Қазақстандағы мекенжайыңызға тегін жеткізілетін болады. Толық ақпарат www.altyn-i.kz сайтында.
Кредит картасы бойынша талаптар:
- Жеке тұлғалар үшін 5 млн. теңгеге дейінгі кредит лимиті;
- Картаны бір рет рәсімдеп, кредитті көп рет пайдалану мүмкіндігі;
- Дүниежүзі бойынша тауарлар мен қызметтерді комиссиясыз төлеу мүмкіндігі;
- 2 айға дейінгі кредиттеудің жеңілдік мерзімі (жеңілдік мерзім шарттары Altyn Bank Nomad Club кредит және дебет карталары бойынша қолма қол ақша түріндегі және қолма қол ақшасыз түрдегі операцияларға таралады);
- Apple Pay/Samsung Pay сандық әмияндарындағы карталарды толтыру мүмкіндігі;
- 3D secure-мен интернеттегі қауіпсіз операциялар;
- Тегін транзакциялық SMS-хабарлама.
Төлем жүйесі/ Өнім: | Кредит/дебет картасы: Masterсard World Altyn Bank Nomad Club |
Картаның қолданыс мерзімі: | 3 жыл |
Есепшот валютасы: | Кредит картасы: KZT Дебет картасы: KZT,USD |
Картаны шығару және жылдық қызмет көрсету құны: | Ай сайынғы қызмет көрсету құны - 500 теңге *Басқа қызметтердің құны банктің қолданыстағы тарифтері бойынша. |
Бонустық ұпайларды есептеу: | Air Astana әуекомпаниясының сату кеңселерінде немесе www.airastana.com сайтында төлеу кезінде әр 200 (екі жүз) теңге үшін – 1 Nomad ұпай. POS-терминалдарда немесе интернетте төлеу кезінде әр 500 (бес жүз) теңге үшін – 1 Nomad ұпай*. *ставкалар, бәс, электрондық ақша, кедендік төлемдер, аударымдар және т.б. |
Бонустық ұпайлардың жарамдылық мерзімі: | Транзакция жасалған күннен бастап 36 ай. |
Қосымша артықшылықтар: | MasterCard төлем жүйесінен - www.mastercard.com/kz жеңілдіктер және арнайы ұсыныстар. |
Altyn Bank Nomad Club картасына өтініш беру үшін мына сілтеме арқылы онлайн рәсімдеуге өтініш бере аласыз.
Байланыс ақпараты:
Байланыс орталығы: +7(727)35-65-777
Вебсайт: www.altyn-i.kz
Байланысты тақырыптар

Бизнес-класс

Борттағы қызмет көрсету

MySEAT
