1. Кіріспе


1.1 Nomad Club Air Astana әуекомпаниясының жолаушыларды ынталандыру бағдарламасы болып табылады. Nomad Club бағдарламасының қатысушылары Air Astana әуекомпаниясының рейстерімен ұшқандары үшін және бағдарламаның серіктес компаниялардың қызметтерін пайдаланғаны үшін ұпай жинайды. 


1.2 Nomad Club бағдарламасына қатысу үшін, төмендегі ережелер мен шарттарымен танысқаныңыз жөн. Қатысушы бағдарламаға тіркелген кезде, Интернет арқылы «Жіберу» пернесін баса отырып, бағдарлама ережелері мен шарттарымен танысып, келісетіндігін растайды.


2. Бағдарламаға қатысу


2.1 Бағдарламаға бір жасқа толған кез келген жолаушы қатыса алады. Кәмелетке толмаған (18 жастан төмен) қатысушы беретін өтінішке ата-аналарының бірі немесе ресми қамқоршысы қол қояды. Бағдарламаға отбасылар, топтар, компаниялар, трестілер, өкімет департаменттері, агенттіктердің, тағы басқа мекемелердің қатысуына тыйым салынады.


2.2 18 жасқа толмаған балалар жеке электрондық пошта мекенжайларын пайдаланып, бағдарламаға өзін-өзі тіркеуіне жол берілмейді. 18 жасқа толмаған балаларды тіркеу «Көмек орталығы» арқылы ата-аналардың бірі немесе қорғаншылары арқылы жүзеге асырылады.


2.3 Жергілікті заңдар мен шектеулерге сәйкес, кез келген мемлекет резиденті тіркелу формасын онлайн біздің сайтымызда толығымен толтырғаннан кейін тол  рұқсат беріледі. Форма толықтай толтырылмаған жағдайда, Air Astana өтінішті жоюға немесе қатысушыдан толық ақпаратты сұрауға құқылы. Air Astana қатысу туралы кез келген өтінішті қабылдамауға құқылы.


2.4 Қатысуға өтініш Air Astana-ға қатысушы жеке ақпаратын сақтау және өңдеу, сондай-ақ түрлі зерттеулер, маркетинг, тұтынушыға қызмет көрсету және ақпаратпен алмасу үшін қажет етіледі. Заңдар негізінде талап етілген жағдайда ғана, бұл ақпарат, қатысушыға хабарлануынсыз немесе хабарлануымен, үкімет органдарына берілуі мүмкін.


2.5 Бағдарламаға қатысушы Nomad Club мүшесінің қолдау көрсету қызметкерлеріне жазбаша сұраныс арқылы немесе кез келген уақытта онлайн жеке қатысушы кабинеті арқылы өзгерте алады. Қатысушы дұрыс пошта мекенжайын, электрондық пошта мекенжайын және телефон нөмірін көрсетуге жауапты. Air Astana мекенжайдың қате болуына байланысты жөнелтілмеген хаттар немесе сыйақылар үшін жауапкершілік артпайды. Қатысушы аты-жөнін Көмек орталығына тек расталған заңды дәлел ұсыну арқылы өзгерте алады. 


2.6 Әрбір қатысушы тек бір мүшелік нөмірге ие бола алады. Бірнеше адамдардың бір мүшелік нөмірге немесе бір адамның бірнеше мүшелік нөмірге ие болуы мүмкін емес. Егер бір қатысушы бірнеше мүшелік нөмірге ие болған жағдайда, Air Astana екі нөмірдің біреуін жабуға/жоюға құқығы бар.


2.7 Әртүрлі есімге тіркелген екі есеп-шотты біріктіру мүмкін емес.


2.8 Air Astana қатысушы келеңсіз жағдай туғызып, бұзақылық көрсетсе немесе бағдарламаның ережелер мен шарттарына және әуекомпанияның жолаушыларды тасымалдау ережелеріне бағынбайтын болса, қатысушы картасын немесе марапаттарды дұрыс пайдаланбаса, барлық жиналған ұпайларды жоюға құқығы бар. Қатысушы барлық жасаған зақымдарға, дау және соған байланысты орын алған шығындарға жауапты. 


2.9 Қатысушылар өз мүшелігін Көмек орталығына жазбаша сұраныс жіберу арқылы немесе сайтта жеке кабинеті арқылы кез келген уақытта тоқтата алады. Бұл жағдайда барлық жиналған ұпайлар жойылады. 


2.10 Nomad Club қатысушысы қаза болғаны туралы хабарлауын алатын болса, мүшелікті тоқтатады және жиналған ұпайларды жояды. Сондай-ақ, Nomad Club жаратылмаған ұпайларды жақын туысының шотына аудара алады. Ол үшін дәлел ретінде туыстық құжаттардың түп нұсқалары талап етіледі.


3. Қатысушы картасы


3.1 Nomad Club виртуалды картасы. Nomad Club виртуалды қатысушы картасын бағдарламаға тіркелгеннен кейін біздің веб-сайтымызда жеке кабинетіңіз немесе мобильді қосымша арқылы қол жеткізе аласыз.


3.1 Тұрақты пластикалық қатысушы картасы тек қана элит дәрежесіндегі қатысушыларға есеп-шотында көрсетілген мекен жайға, 2-4 апта ішінде пошта арқылы жіберіледі. Бұл картаны картада жазылған тұлға ғана пайдалана алады. Nomad Club картасы кредиттік, дебет немесе АТМ картасы болып табылмайды. Карта тек Air Astana меншігі болып табылады және талап етілген жағдайда Air Astana-ға қайтарылуы тиіс. Air Astana кез келген уақытта қатысушыны анықтау үшін немесе ұпайларды шоттан алу үшін қатысушы картасын ұсынуды талап етуге құқылы.


3.2 Қатысушы пластикалық картасы тек қана элит дәрежесіндегі қатысушыларға есеп-шотында көрсетілген мекен жайға, 2-4 апта ішінде пошта арқылы жіберіледі. Бұл картаны картада жазылған тұлға ғана пайдалана алады. Nomad Club картасы кредиттік, дебет немесе АТМ картасы болып табылмайды. Карта тек Air Astana меншігі болып табылады және талап етілген жағдайда Air Astana әуекомпаниясына қайтарылуы тиіс. Air Astana кез келген уақытта қатысушыны анықтау үшін немесе ұпайларды шоттан алу үшін қатысушы картасын ұсынуды талап етуге құқылы. 


3.3 Nomad Club күміс, алтын және гауһар дәрежелі мүшелік карталарында пайдалану мерзімі көрсетіледі және осы уақыт аралығында Элит қатысушысы ретінде қосымша түрлі артықшылықтарға ие екендігін білдіреді (6-шы тарауды қараңыз, Nomad Club-тың Элит Дәрежелері және Артықшылықтары).


3.4 Егер мүшелік карта жоғалған немесе ұрланған жағдайда мүшелер бұл жөнінде міндетті түрде Nomad Club Қолдау Орталығына хабарлауы тиіс. Карта бірінші рет ауыстырылса тегін жасалады. Алайда екінші немесе келесі бірнеше ауыстыруларға Air Astana төлемақы тағайындауы мүмкін.


4. Ұпай жинау


Nomad Club бағдарламасындағы жинау бірлігі – Nomad-ұпай және миль. Миль Air Astana рейстерімен ұшқан кезде беріледі және элит дәрежеге өтуге әсер етеді. Nomad-ұпайлар Air Astana рейстерімен ұшқан кезде және Nomad Club серіктес компаниялардың қызметтері мен тауарларын пайдаланған үшін, сонымен қатар, Air Astana әуекомпаниясының басқа да белсенділіктері үшін беріледі, бірақ элит дәрежеге өту үшін пайдаланылмайды.


4.1 Air Astana әуекомпаниясының рейстерімен ұшқан кезде берілетін Nomad-ұпайлар мен мильдер


4.1.1 Қатысушылар Air Astana әуекомпаниясының тұрақты рейстерімен ұшқан сайын Nomad-ұпайлар мен мильдер жинайды. Nomad Club бағдарламасындағы берілетін Nomad-ұпайлар мен мильдер саны билеттегі тарифке төленген сомаға байланысты 2024 жылдың 12 мамырынан кейінгі бір бағыттағы ұшуларға Nomad-ұпайлар мен мильдер саны билеттегі тариф бағасына сай есептеледі. 2024 жылдың 12 мамырына дейінгі ұшуларға Nomad-ұпайлар мен мильдер саны екі қаланың арасындағы қашықтық негізінде беріледі.


4.1.2 Ішкі рейстер үшін берілетін Nomad-ұпайлар саны: Зона-1* және Зона-2* аймағы ішіндегі ұшулар үшін жұмсалған әрбір 1000 теңге үшін он бес 15 Nomad-ұпай және миль. Зона-1 және Зона-2 арасындағы ұшулар үшін жұмсалған әрбір 1000 теңге үшін жиырма 20 Nomad-ұпай және миль. Халықаралық рейстер үшін жұмсалған әрбір доллар (USD) үшін үш 3 Nomad-ұпай мен миль жинай аласыз.

*Зона 1: Алматы, Астана, Қызылорда, Өскемен, Шымкент, Тараз

*Зона 2: Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Орал 


4.1.3 Nomad-ұпай мен миль салық пен басқа да қосымша төлемдерді қоспағанда, тек қана билеттің тариф құнына ғана беріледі.


4.1.4 Тарифтің жалпы сомасы – рейс орындалып болғаннан кейін біздің бухгалтерлік жүйемізде жазылған тариф.


4.1.5 2024 жылдың 12 мамырына дейін орындалған рейстер мен IT тарифтері бойынша жазылған билеттер үшін ұпайлар мен мильдер екі қаланың ара қашықтығы (TPM) негізінде беріледі.


4.1.6 Билетті брондау кезінде көрсетілген есептелетін ұпайлар саны ұшудан кейінгі нақты есептелген ұпайлардан сәл өзгеше болуы мүмкін. Бұл валюта бағамдарының өзгеруіне байланысты болуы мүмкін.


4.2 Екі қаланық ара қашықтығы (TPM) негізінде берілетін ұпайлар мен мильдер. Ұшып шығу нүктесі мен соңғы бару нүктесі арасындағы қашықтық бір қаладан екінші қалаға дейінгі миля өлшеу бірлігмен өлшенгендегі қашықтық болып табылады (Ticketed Point Mileage). Бұл өлшем Халықаралық Әуе Көлік Ассоциациясымен (IATA) жарияланады және кейде жаңартылып отырады. Кейде есеп-шотқа есептелген ұпайлар мен мильдер басып шығарылған Nomad Club материалдарында көрсетілген ұпайлар санына сәйкес келмейді. Бұл Халықаралық Әуе Көлік Ассоциациясының (IATA) сол кезге миля өлшеу бірлігімен өлшенетін қашықтықты жаңадан жариялағандығын білдіреді. Ішкі рейстер үшін есептелетін ұпайлар мен мильдер саны кестеде көрсетілген.


4.2.1 Төмендегі кесте халықаралық TPM төлемдеріне қолданылатын факторларды анықтайды. Жарамды брондау кластары және олардың сәйкес өтеу мөлшерлемелері төмендегі кестеде көрсетілген:


Тариф түрлері
Брондау классы
Ұпай саналу коэфициенті
БизнесJ C D Zx 1.5
Жатын экономWx 1.25
Толық экономYx 1.25
ЭкономB H K Lx 1.0
Жеңілдетілген экономT Q S V E P Mx 0.5


4.2.1 Берілетін ұпайларға байланыста басқа да ережелер. Халықаралық бағыт аялдаманы қамтыса немесе рейс нөмірін өзгертсе, ішкі бағыт үшін берілетін миль саны жоғарыда көрсетілген 4 тарау/а/2-ге сәйкес есептеледі. Халықаралық бағыт халықаралық аялдаманы қамтыса, ұшу ұпайлары халықаралық ережелерге сай, 4 тарау/а/2.1-де көрсетілгендей есептеледі.


4.2.2 Air Astana әуекомпаниясының тұрақты кестелерінде енгізілген барлық ұшу бағыттарында рейс нөмірі мен тасымалдаушы коды (КС) әуе билетінде көрсетілген жағдайда, сонымен қатар рейсті атқаратын компания Air Astana әуекомпаниясы есептелген жағдайда қатысушылар ұпайлар мен миль жинай алады.


4.2.3 Орындалмай қалған ұшулар үшін ұпайлар мен мильдер берілмейді. Рейс өзгертілген жағдайда немесе ұшуды Air Astana әуекомпаниясының бастамасы бойынша, өзге серіктес әуекомпания жүзеге асырса, немесе әуекомпания тарапынан қызмет көрсету бизнеске классқа көтерілсе, ұпайлар мен мильдер алғаш Air Astana әуебилетінде көрсетілген бағыт пен брондау классы бойынша есептеледі.


4.2.4 Қатысушылар Nomad Club мильдері және ұшу сегменттерін тек рұқсат етілген әуебилеттер бойынша ғана жинай алады. Марапат, тегін, жүлде, арзандатылған немесе серіктес компаниялар үшін арнайы тағайындалған жеңілдік, әуекомпания қызметкеріне тағайындалған жеңілдік, туристік агенттік/индустрия жеңілдіктері, чартерлік әуебилеті, нәресте әуебилеті, G класында брондалған топ әуебилеттері және тағы басқа соған ұқсас арнайы әуебилеттер үшін мильдер  мен сегменттері тағайындалмайды. Мына кластар бойынша ұпайлар, ұшу сегменттері есептелмейді: I, R, U, X, N, G, O.


4.2.5 Қызмет көрсетілу класын жоғарлату марапаты немесе тағы басқа жоғарлатулар үшін ұпайлар мен мильдер алғашында брондалған әуебилеті бойынша тағайындалады.


4.2.6 Ұпайлар мен мильдер, әуебилетін кім сатып алғанына қарамастан, әуебилетінде көрсетілген тұлғаға ғана тағайындалады. Сатып алынған, бірақ пайдалынылмаған әуебилеті үшін ұпайлар мен мильдер тағайындалмайды.


4.2.7 Егер ұшу бірнеше ынталандыру бағдарламаларын қамтыса, ұпайлар мен мильдер соның ішіндегі тек бір бағдарлама үшін тағайындалады. Тіркеу жасалғаннан кейін, ұпайлар үшін таңдалған бағдарлама өзгертіле алмайды.


4.2.8 Қатысушылар бағдарламаға тіркелгенге дейін соңғы 12 ай ішінде ұшқан ұшулары үшін ұпайлары мен мильдерін қайтара алады, бірақ ұшу күнінен бастап 12 айдан аспауы тиіс.


4.2.9 Air Astana бағдарламаның ұпай жинау ережелері мен шарттарын, онымен қоса ұпай және мильдер жинау дәрежелерін және рұқсат етілген брондау класын өзгертуге құқылы. Air Astana есеп-шотқа қате есептелген ұпайларды шегеруге құқылы.


4.3 Бағдарлама серіктестерінің қызметтерін пайдаланған үшін берілетін ұпайлар


4.3.1 Nomad Club қатысушылары ұпайларды Nomad Club серіктес компаниялардың қызметі мен тауарларын тұтынғандары үшін жинай алады. Мұндай ұпайлар Nomad Club және серіктес компания арасында жасалған келісім-шартқа сай есептеледі. Әр серіктес компания бойынша өзіндік ұпай жинау жүйесі бар ерекше келісім-шарт жасалады және ол өзгеруі мүмкін.


4.3.2 Серіктес компаниялардың тізімі мен келісім-шарт ережелері жөнінде Серіктестер бөлімінен немесе Nomad Club Қолдау Орталығына хабарласу арқылы біле аласыз.


4.3.3 Серіктес компаниялар арқылы жиналған ұпайлар бонус ұпайлары болып табылады және қатысушының Элит квалификациясының өсуіне ықпал етпейді. (6-шы тарауды қараңыз, Nomad Club-тың Элит Дәрежелері және Артықшылықтары).


4.3.4 Air Astana серіктес компаниясының бүлінген тауары немесе көрсеткен қызметі үшін жауап бермейді.


4.4 Ұпай жарамдылығы


4.4.1 Жиналған ұпайлардың әрекет ету мерзімі рейстің орындалған күнінен бастап немесе бағдарлама серіктестіктерінен алынған ұпай болған жағдайда, транзакция жасалған сәттен бастап 36 айды құрайды.


4.4.2 Жеке есеп-шотқа арнайы науқан кезеңінде жиналған ұпайлар миль ретінде қарастырылмайды және дәреженің өзгеруіне әсер етпейді.


4.4.3 Қолданбаған ұпайлар мерзімі аяқталғаннан кейін қатысушының шотынан жойылады. Жойылған ұпайларды қайтадан қалпына келтіру мүмкін емес.


4.5 Ұпайларды қадағалау


4.5.1 Ұпайлар қатысушы есеп-шотына автоматты түрде түсіп отырады. Бағдарлама қатысушысы өзінің қатысушы нөмірін әуебилетін брондау кезінде үнемі көрсетуі қажет. Туристік агенттікте брондау кезінде, қатысушылар Nomad Club қатысушылары екендігін айтуы керек.


4.5.2 Қатысушылар өз мүшелік нөмірлерін рейске тіркелу кезінде көрсетулері қажет. Бұл әуебилетін брондау кезінде көрсетілсе де, тағы қажет етіледі.


4.5.3 Қатысушы ұшқандығы үшін берілген ұпайлар есеп-шотта көрсетілмегенше өз әуебилеті көшірмесін, отырғызу талонының түпнұсқасын сақтауы қажет.


4.5.4 Серіктес компаниялардың қызметтері мен тауарларын пайдалану үшін берілетін бонус ұпайларды шотқа жинау үшін, олардың қызметтерін пайдаланған кезде әрдайым мүшелік картаны көрсету қажет. Қызметті пайдаланғандығы немесе тауарды сатып алғандығын куәландыратын құжатты, ұпайлар есеп-шотқа саналмай қалған жағдайда көрсету үшін, сақтап қойған жөн.


4.5.5 Миль және ұпайларды шотқа түсіру 4 аптаға дейін қажет етуі мүмкін.


4.5.6 Жеке шоттағы балансты Іс-әрекеттерді шолу бөлімінен тексеріп отыруға кеңес береміз. 


4.6 Шот көшірмесі


4.6.1 Бағдарлама қатысушылары, шот көшірмесін ай сайын алып тұрады. 


4.6.1 Егер ұпайлар шотқа қате саналса, қатысушы, шот қағазын алғаннан бері 3 (үш) айдың ішінде Nomad Club Қолдау Орталығына міндетті түрде хабарласуы қажет. Air Astana ұпайларды қате саналғандығы туралы шешімді қабылдауға құқылы және қатысушының жеке шотын, қате саналған ұпайлардың кесірінен, дұрыстау үшін, қатысушыдан түрлі дәлелдеме құжаттарын талап етуі мүмкін. Есеп-шоттағы барлық жаңа еңгізулер мен өзгерістер келесі шотта көрсетіледі.


4.7 Есептелмеген ұпайлар мен мильдер 


4.7.1 Ұпайлар мен мильдер өз ретімен дұрыс саналып отырылуы үшін барлық мүмкіндіктер жасалады. Алайда, егер ұпайлар есеп-шотқа саналмай қалған жағдайда қатысушы ұпайларды веб-сайт арқылы орнына келтіре алады.


4.7.2 Есептелмей қалған ұпайларды ұшудан кейін 12 ай ішінде қайтаруға болады.


4.7.3 Есеп-шотқа түскен ұпайлар келесі есеп-шот үзіндісінде көрсетіледі.


4.7.4 Air Astana жауапкершілігі ұпайларды тек расталған транзакциялар бойынша есептеумен шектеледі. Air Astana есептелмеген ұпайлардың қалай және қаншасы есеп-шотқа есептелу керектігі жөніндегі шешімді өзі қабылдауға құқылы.


5. Марапаттарды пайдалану 


5.1 Негізгі ережелер


Nomad Club бағдарламасы марапат билеттерін, жоғарлатуларды және Air Astana белгілеген басқа да марапаттарды ұсынады. Тек марапат билеттерін онлайн брондауға болады. Air Astana рейстеріндегі жоғарлатуларды онлайн брондау мүмкін емес.


5.1.1 Марапатқа қажет ұпай санын жинаған қатысушы Nomad Club марапатына ие бола алады. Марапат тегін әуе билеті немесе қызмет көрсету класын эконом-класынан бизнес-класқа алмастыру түрінде беріледі.


5.1.2 Барлық марапаттар тек Air Astana тұрақта рейстеріне, әуекомпания бланкында жазылған билеттер бойынша беріледі. Код-шер келісім-шарт бойынша орындалатын рейстер бойынша және қаржыландырылған (субсидиялық) бағыттар және чартерлік рейстер бойынша марапат алу мүмкін емес.


5.2 Марапат билеттері 


5.2.1 Марапат билеттерін онлайн веб-сайтттағы жеке кабинет, мобильді қосымша немесе Nomad Club қызмет көрсету орталығы арқылы алуға болады. 


5.2.2 Марапаттау билеттерін алу ұпайларына қойылатын талаптар марапаттау ұшу кестесінде көрсетілген. Ұпайлардың қажетті саны ұшу сұранысына байланысты. Екі (2) жастан асқан балаларға марапаттар алу үшін ересектертермен бірдей ұпайлар қажет. Екі (2) жасқа толмаған, бөлек орынды иеленбейтін сәбилер марапат билеті бар ересек саяхатшының сүйемелдеуімен тегін жүреді. Сәби жасы саяхат бойы 2 жастан аспауы тиіс. Бір марапат билеті иесімен тек бір нәресте сапар шеге алады. 

 

5.2.3 Марапаттау билеттерін пайдалану арқылы жасалған саяхаттар миль, ұшу сегменттері немесе Nomad-ұпайлар әкелмейді. 


5.2.4 Элит дәрежесі бар қатысушылар марапат билеттерімен саяхаттағанда артықшылықтарын толық пайдалана алады. 


5.2.5 Марапатқа қажет ұпай саны арнайы марапат кестесінде көрсетілген. Егер марапат балаға (2 жастан асқан) тағайындалса, қажет етілген ұпай саны ересек адамға сай талап етіледі. Егер бала 2 жастан кем болса, онда марапатқа ие болған жолаушымен бірге тегін сапар шегеді. Сәби жасы саяхат бойы 2 жастан аспауы тиіс. Кәмелетке толған марапаты бар бір жолаушымен екі жасқа толмаған бір ғана бала тегін сапар шеге алады.


5.2.6 Марапатқа қажет ұпай саны арнайы марапат кестесінде көрсетілген. 


5.2.7 Қызмет көрсету класы марапаты Y, B, H, K, L, T, Q, S, V, E, P, M брондау кластары бойынша рұқсат етіледі. Осыдан басқа кластар бойынша мұндай марапатқа тапсырыс беру мүмкін емес. Мұндай марапатқа тапсырыс беру үшін эконом-класс әуебилеті сатып алынып қойылуы қажет.


5.2.8 Ұшуды Air Astana-ның марапат билеттерін брондау, ұпайларды сатып-алу және аудару беттерінде онлайн немесе брондау орталығына не сату кеңсесіне хабарласып брондаңыз. Ұшуды қалаған сапар күніне дейін 3 жұмыс күні бұрын брондау қажет. Әдетте марапатқа тапсырыстар ұшу күндеріне байланысты кезекпен қарастырылады, бірақ кем дегенде ұшуға 3 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей жасалады.


5.2.9 Марапаттың кез келген түріне сұраныс растағаннан кейін Nomad Club агенттері сізге әуежай алымдары мен эконом және бизнес класс арасындағы айырмашылық алымдары туралы төлеу жайлы электронды пошта арқылы хабарлайды. Өтініштер жөнелту күніне байланысты, қалаған ұшу күніне дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей, кезекке сай өңделеді.


5.2.10 Барлық қосымша алымдар мен төлемдерді қатысушы немесе жолаушы марапат әуебилетін рәсімдеу немесе қызмет көрсету класын жоғарылату кезінде өзі төлеуі тиіс.


5.2.11 Қатысушы ұшу марапатына қажет ұпай санының жеткілікті екендігіне көз жеткізуі қажет. Егер ұпай саны жеткіліксіз болса, марапатқа тапсырыс беру мүмкін емес.


5.2.12 Ұшу марапаты тек расталған болуы қажет. Ұшу марапаты «ашық ұшып шығу күні», күту тізімі немесе расталмаған әуебилеті мәртебесі бойынша жазылып берілмейді.


5.2.13 Егер қатысушы ұшу марапаты бойынша рейске келмей қалса, ол белгілі бір сома төлеп, ұшуын өзгерте алады. Егер бағдарлама қатысушысы рейске келмей қалса, ол марапат билетін қайтара немесе ұшу күнін өзгерте алмайды. Егер жартылай пайдаланылған марапат бойынша екінші ұшу сегментінің күні өтіп кеткен болса, ұшу күнін өзгерту және билетті қайтару мүмкін емес.


Билетті қайта брондау үшін Air Astana-ның Брондау және ақпарат орталығына хабарласуыңызды сұраймыз:

Алматыдағы тел.: + 7 (727) 244 44 77

Астанадағы тел.: +7 (717) 258 44 77

Жұмыс уақыты: 24/7


5.2.14 Туристік агенттік ұшу марапатын брондай алмайды және оны жазып бере алмайды.


5.2.15 Air Astana өз қарауынша ұшу марапатына қажет ұпай санын өзгерте алады, белгілі бар марапатты шақырып алуға немесе белгілі бір ұшу марапатына шектеулер қоюға құқылы.


5.3 Марапаттың болу мүмкіндігі


5.3.1 Ұшу марапаттарына мезгілдік шектеулер жоқ. Алайда, әуекомпания ұшу марапаты орындарын кез келген ұшу бағыты және қызмет көрсету кластары бойынша шектеуге құқылы. Сондықтан, сатуға орындар болғанмен, Nomad Club марапат орындары болмауы ықтимал. Сұраныс жоғары бағыттар бойынша ұшу марапатына тапсырысты алдын ала берген жөн.


5.3.2 Жүлде билетін онлайн брондау кезінде қалаған күндер болмаған жағдайда, қатысушы Nomad Club қызмет көрсету орталығына телефон арқылы немесе анықтама орталығы арқылы хабарласып, марапаттау орындарын ашу үшін арнайы сұранысты толтыра алады. Алайда, арнайы сұрау оң жауап беруді білдірмейді және марапат билетіне орындардың ашылуына әкеледі. 


5.4 Марапатты өзге тұлғаға тапсыру мүмкіндігі


5.4.1 Nomad Club марапатын осы ереженің 5.1.1 бөліміне сәйкес, брондау кезінде бағдарламаның мүшесі деп танылған кез келген адам ала алады. Марапат берілгеннен кейін оны басқа тұлғаға беруге немесе алушының атын өзгертуге болмайды.


5.4.2 Марапатты басқа тұлғаға аудару үшін Air Astana веб-сайтындағы Nomad Club бетінде марапат аударудың арнайы формасын толтырып, оны Nomad Club мүшелерін қолдау қызметіне жіберу керек.


5.4.3 Қызмет көрсету класын жоғарылату марапаты өзге тұлғаға тапсырылуы мүмкін.


5.4.4 Қызмет көрсету класын жоғарылату марапаты өзге тұлғаға тапсырылуы мүмкін.


5.4.5 Nomad Club жүлде билеттерін шығаруды және/немесе қатысушыдан кез келген сыйақыны басқа тұлғаларға беру және/немесе аударуларды таңдаулы түрде растау құқығын өзіне қалдырады. Мұндай сыйақыларды жіберуге немесе аударуға рұқсат беру үшін Nomad Club қатысушымен телефон арқылы байланысады, сонымен қатар құжаттамалық растауды және кейбір жағдайларда бағдарлама менеджерімен бейне қоңырауды сұрайды.


5.5 Марапаттың өзге шарттары


5.5.1 Аялдама


Марапат ұшуы бойынша бір аялдама («стоповер») рұқсат етіледі. Аялдама 24 сағаттан аспауы қажет. Қызмет көрсету класын жоғарлату марапаты бойынша ұшу аялдамалары бірінші жазылып берілген әуебилетке сәйкес болады.


5.5.2 Жер учаскесін қамтитын әуебилеті


Егер екі қала бір ұшу зоналарында орналасқан болса, жер учаскесін қамтитын әуебилетін алуға рұқсат етіледі (жолаушы бір қаладан ұшып шығып, қайтар жолын басқа қаладан жасауы мүмкін).


5.5.3 Ұшу марапатының мерзімі


Ұшу марапаты әуебилеті, жазылып берген күннен бастап бір жыл ішінде жарамды. Ұшу марапаты әуебилетінің мерзімі ұзартылмайды және мерзімі өткен күннен кейін ол үшін ұпайлар орнына келтірілмейді.


5.5.4 Сапар уақытын өзгерту


Жүлделі билеттің ұшу уақытын ақысыз түрде бір рет қана өзгертуге болады және белгіленген кластарда бос орындар болған жағдайда ғана. Барлық келесі өзгертулер жүлделі билеттің қайтарылуын және қатысушының жеке шотынан 3 000 ұпайдың алынуын немесе 15 000 теңге айыппұл төлеуін талап етеді. Осы талаптар орындалғаннан кейін ғана жаңа жүлделі билет жазылып беріледі. Ішкі ұшулар үшін өзгерту билеттің ұшу уақытынан  24 сағат бұрын жасалуы тиіс, ал халықаралық ұшулар үшін өзгерту билеттің ұшу уақытынан 72 сағат бұрын жасалуы тиіс өзгертулер жасау үшін Air Astana байланыс орталығына немесе билет сату кеңсесіне хабарласу қажет.


5.5.5 Пайдаланбаған марапат ұшулары үшін ұпайларды қайтару


Бағдарлама қатысушысынан марапат ұшуға келісімін алғаннан соң, Nomad Club агенттері қатысушы шотынан қажетті ұпай санын алып, марапатқа жаратады. Ұпайлар шоттан алынған сәттен бастап, марапат ұшуы жасалған болып есепетеледі. Егер бағдарлама қатысушысы ұшу марапатын, әуежай және тағы басқа алымдарды төлеу арқылы, сатып алмаса, немесе жазып берілген ұшу марапатын толық немесе жартылай пайдаланбаған болса, оны қайтаруына болады. Алайда, мұндай жағдайда марапатқа жұмсалған толық ұпайлар санынан 5000 ұпай саны айыппұл ретінде шоттан шегеріледі. Қатысушысы Air Astana-ға Ішкі ұшулар үшін ұшу уақытынан 24 сағат бұрын, ал халықаралық ұшулар үшін ұшу уақытынан 72 сағат бұрын хабарласып пайдаланбаған әуебилеттің нөмерін айтып, өтініш жасауы қажет. Ұпайлар 7 күн ішінде орнына келтіріледі. Қайтарылған жағдайда ұпайлардың жарамдылық мерзімі ұзартылмайды. Жартылай пайдаланған әуебилеті үшін ұпайлар қайтарылмайды. 


5.5.6 Ұшу марапатындағы басқа да өзгерістер


Бағыттың, брондау класының, жолаушының аты-жөнін өзгерту және т.б. ұшу марапатын қайтаруды және жаңа әуебилетін жазып беруде талап етеді. Егер қатысушы есеп-шотында жаңа ұшу марапатына қажет ұпай саны жеткіліксіз болса, онда тапсырылған жарамсыз ұшу үшін орнына келтірілетін ұпай санының есеп-шотқа түсуіне дейін 6ір апта уақыт күту қажет.


5.5.7 Жоғалған/Ұрланған марапаттар


Жоғалған/ұрланған марапаттар үшін әуекомпанияның жоғалған/ұрланған әуебилеттері бойынша жазылған стандарт процедуралары іске қосылады. Қосымша ақпаратты кез келген Air Astana брондау және сату офисінен немесе Nomad Club Қолдау Орталығынан алуға болады.


6. Элит дәрежелері және оларға тағайындалған артықшылықтар


Егер бағдарлама қатысушысы Air Astana рейстері бойынша өте көп ұшулар орындаса, әуекомпания мұндай қатысушыға күміс, алтын және гауһар дәреже тағайындап, оған қосымша артықшылықтар ұсынады.


Элиттік дәрежесі
Артықшылықтар
Nomad Club Күміс
  • Әр ұшуға 25% көп ұпайлар
  • Тіркеу кезіндегі артықшылық
  • Эконом-класс бойынша сапар шекксе де, бизнес-класс тіркеу орнына тұру мүмкіндігі
  • Рұқсат етілген жолжүк үстіне қосымша бір жолжүгін тегін өткізу. Алып жүруге болатын жолжүктің ең жоғарғы мөлшері эконом-класта 23 кг, ал бизнес-класта 32 кг құрайды.
  • Жолжүк белгі заттары
  • Ай сайынғы есеп-шот көшірмелері
Nomad Club Алтын
  • 50% ұпай көп ұпайлар
  • Рейске тіркеу кезіндегі артықшылық
  • Бизнес-класс күту залы + 1 қонақ, Air Astana әуекомпаниясының бір рейсінде коммерциялық әуебилетімен сапар шеккен
  • Қосымша екі жолжүгін тегін өткізу. Алып жүруге болатын жолжүктің ең жоғарғы мөлшері эконом-класта 23 кг, ал бизнес-класта 32 кг құрайды.
  • Kүту тізімінде басындық беріледі
  • Жылына 30 000 ұпайлар сатып алу
  • Аты-жөні жазылған жүк биркалары
  • Air Astana бортында ең ыңғайлы орындарды тегін таңдау
Nomad Club Гауһар
  • 100% көп ұпайлар әр ұшуға
  • Гауһар деңгейінде болу мерзімі ішінде 4 рет тегін қызмет көрсету класын жоғарылатуға болады. Класс жоғарылату саны бір біріне қосылмайды және келесі жылға ауыстырылмайды
  • Nomad Club элит дәрежесін сыйға беру мүмкіндігі
  • Бизнес-класс күту залдары + 1 қонақ, Air Astana әуекомпаниясының бір рейсінде коммерциялық әуебилетімен сапар шеккен
  • Рұқсат етілген жолжүк үстіне қосымша екі жолжүгін тегін өткізу. Алып жүруге болатын жолжүктің ең жоғарғы мөлшері эконом-класта 23 кг, ал бизнес-класта 32 кг құрайды.
  • Күту тізіміндегі басымдық
  • Жылына 100 000 ұпайлар сатып алу
  • Ұпайларды тегін аудару мүмкіндігі
  • Бизнес-класс орнында тіркелу
  • Air Astana бортында ең ыңғайлы орындарды тегін таңдау


6.1 Күміс, алтын және гауһар дәрежелеріне жету үшін, қатысушы бір жылдың ішінде (1 қаңтар және 31 желтоқсан аралығында) келесідей ұшу талаптарын орындауы қажет:


Элиталық деңгейдегі біліктілік талаптары

  • Күміс Nomad Club: 25 000 мильдер немес 30 ұшу сегменті
  • Алтын Nomad Club: 50 000 мильдер немес 60 ұшу сегменті
  • Гауһар Nomad Club: 100 000 мильдер немес 125 ұшу сегменті


6.2 Келесі элит біліктілігіне өту үшін тек мильдер ғана әсер етеді. Қалған түрлі бонустар, серіктес компаниялардың көмегімен жиналатын ұпайлар және т.б. келесі дәрежеге өту үшін әсер ете алмайды.


6.3 Элит дәрежесіне жеткеннен кейін бағдарлама қатысушысы түрлі артықшылықтарға ие бола алады. Олар квалификациялық жылдың соңына дейін және оған қосымша 14 ай жарамды. Мысалы, егер қатысушы 2008 жылғы 01 тамыз айына 25 000 мильдер жинаса, оған Nomad Club күміс дәрежесі беріледі. Бұл дәреже 2010 жылдың 28 ақпанына дейін жарамды.


6.4 Егер элит дәрежесінің қатысушысы мильдер мен ұшу сегмент санын күнтізбелік жыл бойы үздіксіз жинай берсе, оның элит дәрежесі және соған қатысты артықшылықтары сақталады. Кезінде алтын дәрежеге жеткен, бірақ кейін ол бойынша мильдері аз қатысушы, автоматты түрде күміс дәрежесіне төмендетіледі және осы дәреже артықшылықтарына ие болады. Соған ұқсас, күміс дәрежесіне жеткен, бірақ кейін ол бойынша мильдері аз қатысушы, көк, яғни бастапқы дәрежеге дейін төмендетіледі, және осы дәрежеге тағайындалған артықшылықтармен пайдаланады. Бұл жағдайда, ұпайларды жинау үшін мүше өзінің көк картасымен пайдалануы қажет.


6.5 Элиттік дәрежелерінің артықшылықтары:


6.5.1 Күміс, алтын және гауһар дәрежелерінің қатысушыларына ұпайлардың үстіне 25%, 50% немесе 100% элит ұпайлары тағайындалады. Бонус ұпайларының саны 4 Тарауда көрсетілген ұпайларды есептеу стандартына сай есептеледі. Ұпайлардың саналуы. Элит бонус ұпайлары элит дәрежесінің өсуіне ықпал етпейді.


6.5.2 Күміс, алтын және гауһар қатысушылар эконом-класс бойынша сапар шексе де, бизнес-класс тіркелу тұрақтарында қызмет көрсетіле алады. Бұл артықшылық бизнес-класс тұрақтары бар әуежайларға ғана қатысты. Бұл артықшылыққа ие болу үшін, рейске тіркелу кезінде мерзімі жарамды күміс немесе алтын картаны Air Astana қызметкеріне көрсету қажет.


6.5.3 Күміс дәреже қатысушысына рұқсат етілген және билетте көрсетілген жолжүк санына қосымша тегін бір жолжүгін тасымалдауға рұқсат етіледі. Алтын және гауһар дәрежелерінің қатысушыларына рұқсат етілген және билетте көрсетілген жолжүк санына қосымша тегін екі жолжүгін тасымалдауға рұқсат етіледі. Алып жүруге болатын жолжүктің ең жоғарғы мөлшері эконом-класта 23 кг, ал бизнес-класта 32 кг құрайды Бұл артықшылық тек жолжүкке ғана қатысты. Қол жүкке қатысты талаптар өзгеріссіз.


6.5.4 Алтын және гауһар дәреже қатысушысы бизнес-класс күту залдарын пайдалана алады. Бұл артықшылық қатысушы эконом-класс бойынша ұшса да мүмкін. Бұл артықшылық Алматы, Астана және Air Astana ұшатын барлық халықаралық әуежайларда бар. Мұндай артықшылықты пайдалану үшін рейске тіркелу кезінде мерзімі жарамды алтын немесе гауһар дәрежелі қатысушы картасын ұсыну қажет.


6.5.5 Nomad Club алтын және гауһар дәрежелі қатысушыларына күту тізімінде орын беру мезетінде басымдық беріледі. Бұл басымдықты пайдалану үшін брондау кезінде қатысушы нөміріңізді еңгізіңіз.


6.5.6 Air Astana элит дәрежелері бойынша квалификациялық талаптар мен оларға тағайындалатын артықшылықтарды кез келген уақытта өзгертуге құқылы.


6.5.7 Элит дәрежелерінің артықшылықтары Air Astana әуекомпаниясының чартерлік рейстеріне қолданылмайды.


7. Пароль


7.1 Пароль шот балансын және қатысушының жеке ақпаратын Интернет арқылы тексеру үшін қажет. Мұндай пароль, қатысушының бағдарламаға веб-сайт арқылы тіркелген уақытта немесе өз мүшелік нөмірін пайдаланып, бірінші рет жеке профайлына кірген кезде беріледі.


7.2 Бағдарлама қатысушысы өзінің жеке паролінің сақталуына және оны басқа адамдардың пайдалануын болдырмауға жауапты.


7.3 Бағдарлама қатысушысы, жасалған немесе жасалмағандығы туралы мәлім болса да, болмаса да, жеке есеп-шот бойынша транзакциялар әрекетіне жауапты. Air Astana дұрыс парольді пайдалану арқылы жүзеге асқан барлық әрекеттерді жасаған шынайы адамды анықтауды міндеттенбейді.


7.4 Air Astana парольді дұрыс пайдаланбау нәтижесінен туған кез келген зиян немесе жоғалтулар үшін жауап бермейді.


8. Жеке ақпаратты өзгерту


8.1 Бағдарлама қатысушысы өзінің есеп-шотындағы жеке ақпаратына және оның өзгеруіне толығымен өзі жауапты.


8.2 Бағдарлама қатысушысы, паспорт немесе аты-жөні сияқты жеке ақпаратты Nomad Club қолдау орталығына жеке ақпаратты өзгерту өтінішін тапсыру арқылы жасай алады. Өтінішпен қоса паспорт, неке қию туралы куәлік сияқты дәлел болатын құжаттар көшірмелері тапсырылуы тиіс.


8.3 Егер бағдарлама қатысушысы мекен-жай мен байланыс ақпаратын (телефон) өзгерткісі келсе, ол Air Astana веб-сайтына, бағдарлама қатысушысы ретінде тіркеліп, Есептік Жазбаны Басқару – Жеке мәліметті жаңарту бетінде өзгертулерді жасай алады. Егер бағдарлама қатысушысы ақпаратты жеке ақпаратты өзгерту өтінішін толтыру арқылы жасағысы келсе, өтінішпен бірге мүшенің қо лы қойылған паспорт немесе жеке куәлігінің анық көшірмесін қоса тапсырылуы қажет.


8.4 Егер бағдарлама тапсырылған құжаттарды жеткіліксіз деп таныса немесе олардың дәлел екендігіне күмәнданса, өзгертуден бас тартуға немесе қосымша құжаттар талап етуге құқылы.


8.5 Электрондық поштаны өзгерту үшін, Air Astana веб-сайтында, бағдарлама қатысушысы ретінде тіркеліп, Есептік Жазбаны Басқару – Жеке мәліметті жаңарту бетіне кіру қажет. Бағдарлама қатысушысы өз есеп-шотының нөмірі мен паролінің түгелдігіне және өзгертулер еңгізу үшін қолданылған бағдарлама мүшесінің нөмірі мен пароліне толығымен өзі жауапты.


9. Аудит


9.1 Air Astana кез келген уақытта қатысушыны алдын ала ескертусіз бағдарлама ережелері мен қолданыстағы тасымалдау шарттарын және/немесе тариф ережелерін сақтауды қамтамасыз ету үшін тексеріс құқығын қалдырады.


9.2 Аудит сәйкессіздіктерді немесе бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, Nomad Club ұпайларын беру және/немесе пайдалану Air Astana сәйкессіздіктер немесе бұзушылықтар тек Air Astana қанағаттандыратындай түзетілгенге дейін кейінге қалдыруы мүмкін. Аудит статусындағы қатысушылар өздерінің жеке шотына кіре алмайды, сондықтан ұпайларды қолдану немесе бағдарламаның кез келген артықшылықтарын пайдалана алмайды.


10. Басқа ережелер


10.1 Air Astana Nomad Club бағдарламасын өзгертуге немесе оның әрекетін алдын ала ескертусіз тоқтатуға құқылы.


10.2 Nomad Club бағдарламасының ережелеріндегі кез-келген өзгерістер Air Astana веб-сайтында пайда болған сәттен бастап барлық мүшелері үшін міндетті. Мүшелердің бағдарламаға ары қарай қатысуы, бағдарлама ережесіндегі өзгерістерге келісуі деп есептелінеді.


10.3 Air Astana Nomad Club бағдарламасының тоқтауы немесе оның ережелерінің өзгеруі жағдайында бағдарлама мүшелеріне хабарлауға тырысады. Алайда, Air Astana бағдарламада болған өзгерістерге байланысты орын алған зиян мен жоғалтулар үшін жауапкершіліктен босатылады.


10.4 Бағдарламаның шарттары мен ережелерін қасақана немесе кездейсоқ орындамау, Air Astana шешімімен мүшенің бағдарламадан шығуына және оның барлық ұпайларының, ұшу марапаттарының жарамсыздануына әкеледі.


10.5 Nomad Club материалдары ағылшын тілінен басқа тілдерде де беріледі. Сәйкессіздік жағдайында басымдылық ағылшын тіліндегі нұсқасына беріледі.


10.6 Бағдарламаның шарттары мен ережелері Қазақстан Республикасы заңдарына сай анықталады және іске асады.

Көмек орталығы

Сіз біздің қызметтеріміз туралы пайдалы ақпарат ала отырып, түрлі мәселелер бойынша сұраныстарыңызды Air Astana-ға тікелей жібере аласыз.