Nomad Club бағдарламасы
Эксклюзивті артықшылықтардың көмегімен саяхат әсерін жақсартыңыз
Nomad Club қатысушысы болыңыз да көптеген марапаттарға ие болыңыз
Ұпайлар жинаңыз да қолданыңыз
Арнайы ұсыныстар
Қызмет көрсету класын жоғарылату
Бізге деген берік ниетіңізді жоғары бағалаймыз және сол бізге ең адал әрі жиі ұшатын саяхатшыларымызға арналған бірегей артықшылықтарды ұсынуға түрткі болады.
Nomad ұпайларын тек ұшқанда емес, жерде де жинақтауға болады

Әуекомпаниялар

Банктер

Қонақ үйлер

Автокөлікті жалға алу

Трансфер

Дүкендер және басқасы
Ұпайларды қалай жинайды
Nomad ұпайларын жинау үшін осы қарапайым қадамдарды орындаңыз.
Ұпайларды қалай қолданады
Саяхатыңызды бүгіннен жағымдырақ ету үшін, Nomad ұпайларыңызды эксклюзивті премиум ұшуларға, қызмет көрсету класын жоғарылатуға және басқаға ауыстырыңыз.
Арнайы ұсыныстар
Жиі қойылатын сұрақтар
Nomad Club бағдарламасына тіркелу үшін, келесі қарапайым қадамдарды орындауыңызды өтінеміз:
1. Сілтеме бойынша өтіңіз.
2. Тіркелу үлгісін толтырыңыз: есіміңізді толығымен латынша, жынысты, жеке электрондық пошта адресін, ұялы телефон нөмірін, туған күнді жазыңыз және аккаунт құпия сөзін таңдаңыз. Сондай-ақ Nomad Club бағдарламасының Ережелерімен және шарттарымен танысыңыз.
3. Тіркелуді аяқтау үшін электрондық адресіңізге аккаунтты іске қосуға сілтеме жіберіледі.
4. Тіркелу кезінде көрсеткен электрондық пошта адресіндегі сілтемемен өткен соң, қатысушы нөмірі жіберіледі. Бұл дерек бірегей болуы тиіс. Бірнеше бағдарламаға тіркелуге бірдей электрондық пошта адресі мен телефон нөмірін пайдалануға болмайды. Тіркелу 2 жас және одан жоғары жастағы тұлғаға қолжетімді. Nomad Club виртуалды қатысушы картасын бағдарламаға тіркелгеннен кейін біздің веб-сайтымызда жеке кабинетіңіз немесе мобильді қосымша арқылы қол жеткізе аласыз.
1. Тіркелуді әуекомпанияның сайтында өз бетіңізше келесі сілтемемен жасай аласыз.
2. Бала 2 жасқа толса, бағдарламаға қатыса алады. Бағдарламаның әр қатысушысының өз электрондық пошта адресі мен телефон нөмірі бар. Қолданып қойған электрондық пошта адресін/телефон нөмірін байланыстыруға болмайды. Сондықтан балаға жаңа электрондық пошта адресін ашу немесе өзге қатысушы қолданбайтын басқасын (телефон нөмірі де солай) көрсету қажет.
Nomad Club ұпайларын пайдаланып қызмет көрсету класын келесі үш тәсілмен жоғарылата аласыз:
1. Сату кеңсесіне барып, қызмет көрсету класын жоғарылатуға өтініш беріңіз.
2. Брондау және ақпарат орталығына хабарласып, қызмет көрсету класын жоғарылатуға өтініш қалдырыңыз.
3. Қызмет көрсету класын көрсетілген сілтемеге өту арқылы сайттағы есептік жазбаңызбен онлайн жоғарылатыңыз.
Байланысты тақырыптар
Nomad Club бағдарламасы туралы толығырақ біліңіз
Арнайы ұсыныстар

Қатысу дәрежелері мен марапаттар

Серіктес күту залдары
