Ұпайлар жинау

Nomad Club ұпайларын оңай жинаңыз
Қарапайым қадамдарды орындасаңыз, Nomad Club ұпайларын жинау өте жеңілЖиналатын ұпай түрлері
Серіктестер көмегімен
Сіз сондай-ақ біздің серіктестерден сатып алу арқылы ұпайлар жинай аласыз
Air Astana-мен ұшыңыз
Nomad Club ұпайларын жинау үшін ұшуыңызды қазірден брондаңыз.
Сіз аударым арқылы ұпайлар жинай аласыз. Егер сіздің достарыңызда көп болса, олар өзінің ұпайларын аудара алады.
Назар аударыңыз
Ұшқаныңызға сай тиісті ұпайлар есептелгеніне көз жеткізгенше, билетіңіз бен отырғызу талонын сақтаңыз. Ескерілмей қалған ұпайларды есептеуді талап етсеңіз, сізге билет көшірмесін және отырғызу талонын көрсету керек.
Ұпайларды қалай жинайды
Nomad ұпайларын жинау үшін осы қарапайым қадамдарды орындаңыз.
Ұпайларды қалай қолданады
Саяхатыңызды бүгіннен жағымдырақ ету үшін, Nomad ұпайларыңызды эксклюзивті премиум ұшуларға, қызмет көрсету класын жоғарылатуға және басқаға ауыстырыңыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Nomad Club бағдарламасына тіркелу үшін, келесі қарапайым қадамдарды орындауыңызды өтінеміз:
1. Сілтеме бойынша өтіңіз.
2. Тіркелу үлгісін толтырыңыз: есіміңізді толығымен латынша, жынысты, жеке электрондық пошта адресін, ұялы телефон нөмірін, туған күнді жазыңыз және аккаунт құпия сөзін таңдаңыз. Сондай-ақ Nomad Club бағдарламасының Ережелерімен және шарттарымен танысыңыз.
3. Тіркелуді аяқтау үшін электрондық адресіңізге аккаунтты іске қосуға сілтеме жіберіледі.
4. Тіркелу кезінде көрсеткен электрондық пошта адресіндегі сілтемемен өткен соң, қатысушы нөмірі жіберіледі. Бұл дерек бірегей болуы тиіс. Бірнеше бағдарламаға тіркелуге бірдей электрондық пошта адресі мен телефон нөмірін пайдалануға болмайды. Тіркелу 2 жас және одан жоғары жастағы тұлғаға қолжетімді. Nomad Club виртуалды қатысушы картасын бағдарламаға тіркелгеннен кейін біздің веб-сайтымызда жеке кабинетіңіз немесе мобильді қосымша арқылы қол жеткізе аласыз.
1. Тіркелуді әуекомпанияның сайтында өз бетіңізше келесі сілтемемен жасай аласыз.
2. Бала 2 жасқа толса, бағдарламаға қатыса алады. Бағдарламаның әр қатысушысының өз электрондық пошта адресі мен телефон нөмірі бар. Қолданып қойған электрондық пошта адресін/телефон нөмірін байланыстыруға болмайды. Сондықтан балаға жаңа электрондық пошта адресін ашу немесе өзге қатысушы қолданбайтын басқасын (телефон нөмірі де солай) көрсету қажет.
Қызмет көрсету класын эконом-кластан бизнес-класқа көтеру келесі жолдармен жүзеге асырылады:
- Онлайн – Nomad Club профиліңізге кіріңіз немесе қызмет көрсету класын көтеру мүмкіндіктерін тексеру үшін осы сілтемені пайдаланыңыз
- Nomad Club Анықтама Орталығы арқылы
- Тіркеу үстелінде, егер Бизнес-класста бос орындар болса.
Егер сізде қандай да бір сұрақтар туындаса, Nomad Club Анықтама Орталығы арқылы немесе +7 727 244 55 30 телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз (дүйсенбіден жұмаға дейін, таңғы 8:00-ден кешкі 17:00-ге дейін қолжетімді).
Сонымен қатар, халықаралық рейстер үшін Nomad Club ұпайларын пайдаланып қызмет класыңызды көтерген кезде, эконом-класс пен бизнес-класс арасындағы айырмашылықты төлеу қажет екенін ескеріңіз.
Байланысты тақырыптар
Nomad Club бағдарламасы туралы толығырақ біліңіз
Арнайы ұсыныстар

Қатысу дәрежелері мен марапаттар

Серіктес күту залдары
