MyUPGRADE
Алдағы саяхатыңыздың қызмет көрсету класын жоғарылатыңыз
Бизнес-класпен ұшуды ылғи армандайсыз, алайда ондай мүмкіндігіңіз болмады ма? Қызмет көрсету класын жоғарылату құралымыз арқылы алдағы рейсте экономнан бизнес-класқа қызмет салонын өзіңіздің бағаңызды ұсыну арқылы жоғарылату нәтижесінде қол жеткізуге болатын аса жайлы әрі ерекше артықшылықтардың есебінен саяхатыңызды жақсартуға мүмкіндікті пайдалана аласыз.
Әдеттегіден де жақсы
Отырғызуда басымдығы бар қызметтің арқасында еш қиналмай, кең орындықта жайлы жайғасыңыз да ұшу барысында жоғарғы санаттағы тағам мен сусыннан ләззат алыңыз.Қызмет көрсету класын қалай жоғарылатады?
MyUPGRADE қызметі Air Astana әуекомпаниясының кейбір халықаралық және ішкі рейсінде қолжетімді. Эконом-класқа брондау жасалған кезде аталған қызметті қолдануға болатынын тексерген соң, қызмет көрсету деңгейін көтеруге қанша ұсыныс жасайтыныңызды анықтаңыз. Төлем картаңыздың деректемесін қауіпсіз онлайн режимде енгізіп, деректерді тексеріңіз де, ұсынысыңызды жіберіңіз. Ұсынысыңыз сәтті болған жағдайда, ұшар алдында сізге хабарлап, бизнес-класс салонындағы орныңызбен жаңа электрондық билет жібереміз. Төлем картаңыздағы ақша ұсынысыңыз сәтті болған жағдайда және қызмет көрсету класы жоғарылайтыны расталса ғана алынады. Ұсыныстың сәтті болуы Air Astana құзырында және ең төменгі шектен төмен ұсыныстар қарастырылмайды. Ұсынысыңыз неғұрлым жоғары болса, бизнес-класс салонынан орын алу мүмкіндігі соғұрлым зор екенін ұмытпаңыз.
Қызмет класын жоғарылату үшін қажет қадамдар.
Электрондық поштаға шақыру
Ұшуға дейін 7 күн және 7 сағат бұрын электрондық поштаға шақыру аласыз. Егер хат келмесе, қызмет көрсету класын көтеру мүмкіндігін жоғарыда көрсетілген нысанды қолдану арқылы тексере аласыз.
Ұсыныс жасау
Сіз ұсынысты кез келген уақытта рейсіңіз ұшқанға дейін жасап, өзгертіп не бас тарта аласыз. Өзгерту және/немесе бас тарту ұсынысыңыз әлі қабылданбағанда ғана мүмкін.
Ұсыныс нәтижесі
Ұсынысыңыздың сәтті немесе сәтсіз болуы жайлы ұшу уақытына дейін 48 сағат қалғаннан бастап сізге электрондық хат жіберіп хабарлаймыз.
Бизнес-класс жолаушыларына арнаған эксклюзивті артықшылықтарды пайдаланыңыз
Класыңызды бизнес-класқа жоғарылату туралы ұсынысыңыз қабылданбаса, класыңызды белгілі бір бағыттарда премиум артықшылығы бар Economy Sleeper-ге жоғарылату мүмкіндігін қарастырыңыз
1. Төмендегі ережелер мен шарттар (бұдан әрі «Ережелер мен шарттар») сіздің («жолаушы», «сіз») заңды мекен-жайы Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Закарпатская көшесі 4A болып табылатын Air Astana әуекомпаниясына (бұдан әрі «әуекомпания», «Air Astana», «біз») бастапқы сатып алынған эконом-класс билетін бизнес-класқа жоғарылату мүмкіндігін алу (бұдан әрі «класты жоғарылату» немесе «MyUPGRADE») үшін жасаған ұсынысыңызға (бұдан әрі «Ұсыныс») қатысты қолданылады.
2. Жасыңыз кем дегенде 18-ге толып, жасалған шарттар аясында өзіңізге міндет алу құқығына ие болуыңыз керек. Сіз ұсыныста көрсетілген немесе онда қамтылған тұлғалар атынан әрекет ету және оларды аталған Ережелер мен шарттарды орындауға міндеттеу құқығына иесіз деп саналатын болады.
3. Жолаушылар Air Astana әуекомпаниясының 465 нөмірлі құжатында берілген, сатып алынған билетке сай бір сапарға тек бір Ұсыныс жасай алады. Ұсыныс әрқашан кредиттік карта арқылы жасалып, төленуі тиіс. Класты жоғарылату ұсынысына қатысты ең аз/ең көп сомалар қолданылады.
4. Бір Ұсыныс ондағы барлық жолаушыларды қоса алғанда, бір брондау үшін жасалуы мүмкін. Егер қызмет көрсету класын жоғарылату тек белгілі бір жолаушыларға қажет болса, онда жолаушыларды билетті сатып алу орнына хабарласып, брондау кезінде бөлу қажет.
5. Егер Air Astana әуекомпаниясына брондалған, Air Astana немесе делдал арқылы рәсімделіп, Air Astana компаниясына жіберілген Ұсынысыңыз, Ұсыныста көрсетілген тұлғаға немесе тұлғаларға осы Ережелер мен шарттарды есепке ала отырып, класты жоғарылату үшін қарастырылу құқығын береді.
6. Air Astana әуекомпаниясы сіздің Ұсынысыңызды қабылдау немесе қабылдамау жайлы ұйғарымды өзі жасайды, ол Ұсыныс жасалған сәйкес класта орынның болуына тәуелсіз қандай да бір жолаушыға қызмет көрсету класын жоғарылатады деп кепілдік бермейді.
7. Сізге жіберілген электрондық хабарламада көрсетілген гиперсілтемені пайдалана отырып, Ұсынысты қайта қарауға немесе одан бас тартуға мүмкіндігіңіз бар. Бірақ сұрауыңыз ұшуға кем дегенде 7 сағат қалғанға дейін және сіздің ұсыныңыз әлі қабыл болмаса жіберілуі тиіс. Осыдан соң Ұсынысыңыз қабылданса, заңдық тұрғыда Ұсынысыңызда көрсетілген соманы төлеуге міндеттісіз.
8. Осы Ережелер мен шарттарды сақтау арқылы жасалған Ұсыныс Air Astana әуекомпаниясына ұсынылған сәттен бастап жарамды деп танылады («Жарамды ұсыныс»), әрі бұндай Ұсыныстың жарамдылық мерзімі жоспарланған ұшу күні және уақытында аяқталады немесе сапар шегерілген жағдайда, әуе кемесінің есігі ұшу үшін жабылған сәттен бастап аяқталады. Ұсынысыңыздан бас тартсаңыз, ол бұдан әрі Жарамды ұсыныс болып саналмайды.
9. Егер Air Astana әуекомпаниясы қандай да бір себеппен (сіздің өз міндеттеріңізді орындамағаныңыздан бөлек) сізді басқа рейске ауыстырса, сіздің бастапқы брондаған рейске қатысты жасаған кез келген Ұсынысыңыз жаңа рейске немесе жоғарылатылған класта орын болған жағдайда, жаңа рейстерге ауыстырылуы тиіс.
10. Air Astana әуекомпаниясы сіздің Ұсынысыңызды Жарамдыдық мерзімінің кез келген уақыты ішінде қабылдауы мүмкін. Егер Air Astana әуекомпаниясы Ұсынысыңызды қабылдаса, кредиттік картаңыздан Ұсыныс қабылданған бетте толық сома алынады және Air Astana бастапқы бронда қамтылған әр жолаушы үшін кластың жоғарылатылғаны көрсетілген жаңа билет шығарады. Төленуге тиісті жалпы сома класс жоғарылатылған жағдайда қолданылатын барлық тиісті салықтар мен алымдарды (егер ондайлар бар болса) қамтиды. Төленуге тиісті жалпы сома сізге Ұсынысыңызды жіберуіңізге дейін хабарланады. Air Astana әуекомпаниясы ұсынған класты жоғарылату қызметі тек Тарифтерді қолдану ережесіне және біздің Тасымалдау шартымызға сай өзгертіле немесе кейінге қалдырыла алады.
11. Сіздің кредиттік картаңыздан ақша алынған жағдайда, Air Astana атымен көрсетілуі мүмкін. Сіз кредиттік картаның үзінді көшірмесінде Air Astana атауының көрсетілуіне байланысты кредиттік картадан қаражаттың шешілуіне қатысты шағым жасамайтыныңызды және қарсы шықпайтыныңызды растап, келісесіз.
12. Air Astana әуекомпаниясы Ұсынысыңызды қабылдаған соң, кредиттік карта арқылы төленген сома қайтарылмайды, кері аударылмайды немесе айырбасталмайды. Тек келесі жағдайларда ерекше ережелер қолданылады:
- Сіздің Ұсынысыңыз қабылданған және класы жоғарылатылған рейс орындалмайтын болып, Air Astana әуекомпаниясы сізді басқа рейске, бірақ бастапқы бронь класына ауыстырған жағдайда, класты жоғарылату үшін төленген сома осы мақсатта қолданылған төлем картасына қайтарылады. Бұдан соң Air Astana әуекомпаниясы сіздің алдыңыздағы міндеттерінен құтылған болып есептеледі.
- Ұсынысыңыз қабылданып, сізге класты жоғарылату қызметі ұсынылды, бірақ сізге Air Astana әуекомпаниясы тарапынан туындаған себептерге байланысты (соның ішінде жабдықтардың өзгеруіне байланысты, түйісетін рейстің кешігуі себепті сіз класы жоғарылатылған түйісу сапарына үлгермей қалдыңызға байланысты) жоғарылатылған класта орын ұсынылмаған жағдайда (бірақ, сіздің әрекетіңізге қатысты себептер, мысалы, рейсті ауыстыру немесе оған кешігіп келуіңіз есепке алынбайды).
13. Қаражаттың қайтарылуы мақұлданған жағдайда олар класты жоғарылату үшін төлем жасалған валютада аударылады. Бұндай қайтару сомасы класты жоғарылату үшін төленген сомамен шектеледі, бірақ ешбір банк комиссиясы өтелмейді. Қаржы сіздің шотыңызға әдетте 10 жұмыс күні ішінде қайтарылады.
14. Бастапқы сатып алынған билеттерге қатысты тарифтерді қолдану шарттары күшінде қалады және олар сіздің Ұсынысыңыз қабылданып, қызмет класы жоғарылатылған күнде де қолданылады. Бұндай шарттарға, басқа да шарттармен қатар, билетті қайтару, ауыстыру үшін алынатын айыппұлдар және жиі ұшатын жолаушылар үшін берілетін ұпайларды есептеу ережелері кіреді.
15. Жолаушы билетін ауыстырған жағдайда, әуекомпанияның қызмет класын жоғарылату бойынша стандартты саясатына сай және бастапқы сатып алған билет класына қолданылатын тарифке қатысты саясаттар мен шарттарға сай қызмет көрсету класын жоғарылатылату үшін төлем жасамаған болса, Air Astana әуекомпаниясы жолаушыға жоғары кластан орын ұсынуға міндетті емес.
16. Air Astana әуекомпаниясы жолаушыларға Ұсынысы қабылданып, билет класы жоғарылатылған жағдайда, белгілі бір орынды ұсынуға кепілдік бермейді.
17. MyUPGRADE қызмет класын жоғарылату бағдарламасы тек Air Astana әуекомпаниясының екі әріпті кодымен (КС) брондалған рейстеріне қолданылады. Ешбір код-шерингілік рейс (Air Astana әуекомпаниясы сатып, басқа әуекомпания орындайтын немесе керісінше) аталған бағдарламаға қатыспайды.
18. Nomad Club ұпайлары жолаушыға бастапқы брондалған эконом-класс билеті мен бронь класы бойынша есептеледі.
19. Егер сіздің Ұсынысыңыз қабылданып, кредиттік картаңыздан аталған Ұсыныс үшін сома алынып, бірақ класты жоғарылату қызметі ұсынылмаса, соманы қайтару туралы өтініш бере аласыз. Сұрауыңызда қарастырылатын рейстің бастапқы отырғызу талоны болуы тиіс. Егер сіз қарастырылған рейске отырғызу талонының тұпнұсқасын ұсына алмасаңыз, Air Astana әуекомпаниясы қызмет класын жоғарылату үшін төленген соманы қайтаруға міндетті емес.
20. Air Astana әуекомпаниясы осы Ережелер мен шарттарға өзгерістер енгізу және оны басқаша етіп өзгерту құқығына ие. Алдыңғы сөйлемде қарастырылғаннан бөлек, осы Ережелер мен шарттарға ешбір түзету енгізу, өзгерту немесе одан бас тарту Air Astana әуекомпаниясы үшін міндетті болып табылмайды; олай болу үшін жазбаша түрде рәсімделіп, Air Astana компаниясының өкілетті тұлғасы қол қоюы тиіс.
21. Аталған Ережелер мен шарттар Air Astana компаниясының Тасымал шартымен, Веб-сайтты қолдану шартымен, Құпиялылық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясатымен бірге қаралуы тиіс, олармен airastana.com сайтында таныса аласыз.
Air Astana әуекомпаниясының қандай да бір құқығын жүзеге асырмауы болашақта ондай құқықтарды қолданудан бас тартуы немесе одан босатылуы ретінде қарастырылмауы тиіс және сіздің де сондай әрекеттерге қатысты міндеттеріңіз болашақта толық күшінде қалады.