Брондау және басқару
Ақпарат
Nomad Club
Көмек

Kazakhstan Flag
KZ
KAZ

Билетті қайтару

Қаражатты қайтару нұсқалары

Егер билет тікелей ресми сайттан немесе мобильді қосымшадан сатып алынған болса, сіз Air Astana рейсінің билетіне төлеген ақшаны қайтара аласыз. Air Astana әуекомпаниясының ресми сайты мен мобильді қосымшасынан басқа сату нүктесі арқылы сатып алынған билеттер үшін қайтару сатып алу орнында жүргізілуі тиіс. Қайтарылмайтын билет күші жойылған жағдайда тек қайтаруға жататын салықтар қайтарылады. Билет құны билетті сатып алу үшін пайдаланылған кредиттік/дебеттік картаға кері қайтарылады. Кейбір жағдайларда брондауды жою немесе қаражатты қайтару үшін қосымша ақы алынуы мүмкін. 


Қаражатты қайтару үшін сіздің брондауыңызда көрсетілген мерзім ішінде билеттің күші жойылуы керек. Билетті сатып алмас бұрын біздің сайтымыздағы тарифтер шарттарымен танысуға кеңес береміз.

Ерікті қайтару
Қайтару билет тарифінің ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Билетті қайтару тек сатып алғаннан кейін келесі күні мүмкін.
Мәжбүрлі қайтару
Рейс жойылған немесе кестеге өзгерістер енгізілген жағдайда толық қайтаруға өтініш бере аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Билетті қайтару және брондауды жою саясатына қатысты жауаптарды табыңыз.

Марапат билеттерін қайтаруды рәсімдеу үшін сізге өтінімді осы сілтеме арқылы жіберу қажет: 

Ұшуға дейін - толық пайдаланылмаған билет: Халықаралық рейстер бойынша рейс ұшқанға дейін кемінде 3 күн бұрын және ішкі бағыттар бойынша рейс ұшқанға дейін 1 күн бұрын өтінім жіберген кезде ұпайлар 5000 балл мөлшерінде айыппұлмен қайтарылады.

    • Ұшып шыққаннан кейін - Ішінара пайдаланылған немесе мерзімі өткен билеттер үшін: ұпайлар қайтарылмайды.
    • Рейске келмеу: Рейске келмеген жағдайда, билетті қайтаруға немесе қайта брондауға жол берілмейді. Жартылай пайдаланылған, мерзімі өткен билет үшін ұшу күнін өзгерту мүмкін емес, тек пайдаланылмаған әуежай алымдары қайтарылады.

Қайтарылатын сома қарастырылғаннан кейін 5-7 жұмыс күні ішінде аударылады, бірақ нақты мерзімдер әртүрлі факторларға байланысты болуы мүмкін. Егер қаражат көрсетілген мерзім ішінде қайтарылмаса, Көмек орталығына хабарласыңыз.

Біздің ресми сайтымызда тарифтер шарттарымен және билетті қайтару процестері туралы қосымша ақпаратпен таныса аласыз.

Иә, билет тарифінің шарттары сақталған жағдайда сіз airastana.com сайтында брондаудың күшін жоя аласыз. Алайда, егер сіз брондауды жою туралы шешсеңіз, бұл сіздің бүкіл бағдарыңызға, соның ішінде барлық рейстерге және сіздің брондауыңызға енгізілген барлық жолаушыларға қатысты болатынын ескеріңіз.

Сізде тағы сұрақтар бар ма?
Сұраныс жіберіңіз
КӨМЕК ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСУ