Эйр Астана логотипі
Брондау және басқару
Ақпарат
Nomad Club
Көмек

Kazakhstan Flag
KZ
KAZ

Растау анықтамалары

Қажетті растауларды оңай алыңыз

Рейс кешіктірілген немесе орындалмаған жағдайда, сондай-ақ ұшу уақытының өзгеруі туралы, электрондық билетті пайдалану немесе билетті қайтару туралы растау қажет болса, біз керекті анықтамаларды бере аламыз. Қажетті растау анықтамасын алу үшін төмендегі опциялардың бірін таңдаңыз және сұрақтарыңыз болса, кез келген қосымша көмек алу үшін бізге хабарласыңыз. Әуекомпания анықтамалардың басқа түрлерін бермейтінін ескеріңіз.
Растау анықтама түрлері

Жиі қойылатын сұрақтар 

Растау анықтамаларын беруге қатысты сұрақтарға жауаптарды табыңыз. 

Растау анықтамалары ұшу күні немесе қайтару күні өткеннен кейін 3 күннен соң қолжетімді болады. Құжатты сұратпас бұрын жүйеде деректердің жаңартылуын күтіңіз.

Рейс статусын растайтын хаттар рейс толық орындалғаннан кейін ғана беріледі. Ұшуға дейін берілген өтініштер өңделмейтінін ескеріңіз.

Мұндай сұраныстарды қарастыру үшін сканерленген көшірмесі мен қолы бар нотариалды түрде расталған хат, сенім-хат немесе жолаушының (жолаушылардың) жеке бас (конфиденциалды) ақпараттарының үшінші тұлғаға ұсынылуына қарсылығы жоқ екендігі жайлы алынған хат қажет. Бұл олардың құпия ақпаратты сенімді үшінші тұлғамен бөлісуге келісімін растайды. Бұл құжатсыз тапсырысыңыз қарастырылмайды. 

Жоқ, анықтама-растамалар билетті сатып алу кезінде пайдаланылған валютада ғана берілуі мүмкін. 

Растау анықтамалары белгілі бір күндерге немесе ұшу сегменттеріне қолданылатын нақты тарифтерді растай алмайды. Тарифтер жайлы ақпаратты біздің сайтымыздан таба аласыз. 

Басқа сұрақтарыңыз бар ма?
Сұраныс жіберіңіз
КӨМЕК ОРТАЛЫҒЫНА ӨТУ