Балалармен бірге саяхаттау
Балалармен саяхаттауды жоспарлап отырсыз ба? Біздің қызметтер сізге брондаудан бастап отырғызуға дейін қиындықсыз жол жүруді қамтамасыз етеді.
Жас жолаушыларға арналған арнайы қызметтер
2 жасқа толмаған сәбилер ұшу кезінде кемінде 18 жастан асқан ересек адаммен бірге орынды бөліседі.
Егер оларда жеке орын болмаса:
- Қазақстан бойынша ішкі рейстерде және Қазақстанға/Қазақстаннан орындалатын халықаралық рейстерде сәбилер тегін саяхаттайды (мысалы, Алматы-Қызылорда, Алматы-Дели немесе Алматы-Астана-Лондон);
- Қазақстан арқылы ұшатын басқа мемлекеттер арасындағы халықаралық рейстерде сәбилер ересектерге арналған толық тарифтен 90% жеңілдік алады (мысалы, Франкфурт-Астана-Ташкент);
- серіктес әуекомпаниялармен жасалған келісімдер бойынша орындалатын халықаралық рейстерде сәбилер ересектерге арналған толық тарифтен 90% жеңілдік алады (мысалы, Turkish Airlines әуекомпаниясы орындайтын Алматы-Ыстамбұл рейсі).
Егер олар жеке орынмен саяхаттаса:
- Қазақстан бойынша ішкі рейстерде және Қазақстанға/Қазақстаннан орындалатын халықаралық рейстерде сәбилер ересектерге арналған толық тарифтен 50% жеңілдік алады (мысалы, Алматы-Қызылорда, Алматы-Дели немесе Алматы-Астана-Лондон);
- Қазақстан арқылы ұшатын басқа мемлекеттер арасындағы халықаралық рейстерде сәбилер ересектерге арналған толық тарифтен 25% жеңілдік алады (мысалы, Франкфурт-Астана-Ташкент);
- серіктес әуекомпаниялармен жасалған келісімдер бойынша орындалатын халықаралық рейстерде сәбилер ересектерге арналған толық тарифтен 25% жеңілдік алады (мысалы, Turkish Airlines әуекомпаниясы орындайтын Алматы-Ыстамбұл рейсі).

Сәбилерге арналған төсектер

Сәбиге арналған автоорындық
Сәбиге арналған автоорындықты тасымалдау үшін жолаушылар белгіленген тариф бойынша жеке орын ала отырып, әуебилетті сатып алуы тиіс. Орындықтың ені 41 см-ден аспауы керек және ол жолаушылар орындығына сенімді бекіту үшін бекіткіштермен жабдықталуы қажет. Автоорындық сертификатталған болуы керек, ол арнайы таңбалау немесе белгі арқылы расталуы тиіс. Назар аударыңыз, әуекомпания жолаушыларға автоорындықтарды ұсынбайды.
Ұшаққа отырғызу кезінде жолаушылар өздігімен сәбиге арналған автоорындықты салондағы орнына жеткізуі тиісті. Бортсеріктер автоорындықты қолданыстағы белбеулермен дұрыс бекітуге көмектесіп береді және оны тек терезенің жанындағы орында орналастыру керек.
Сәбилерге арналған автоорындықты тасымалдайтын жолаушылар үшін онлайн тіркелу және өзіне-өзі қызмет көрсету киосктері қолжетімді емес. Тасымалдау үшін алдын ала тапсырыс беру қажет және ол үшін осы сілтеме арқылы ұшудан 24 сағат бұрын бізге хабарласыңыз немесе тәулік бойы қызмет көрсететін Брондау және ақпарат орталығына хабарласыңыз.
Бұл қызмет Airbus 321 NEO LR (эконом және бизнес-класс), Boeing B767 (эконом және бизнес-класс), Airbus A320 және Airbus A321 NEO (тек бизнес-класс) ұшақтарында қосымша ақысыз ұсынылады.
1 жасқа дейінгі сәбилері бар жолаушылар, егер ұшақта төсекті бекіту мүмкіндігі болса, эконом немесе бизнес-кластың алдыңғы қатарында ақылы орынды сатып алуы керек. Сәбилер төсегіне тапсырыс беру үшін билетті брондау кезінде өзіңіздің турагентіне хабарлаңыз немесе осы сілтеме арқылы бізге хабарласыңыз. Әуе кеменің конфигурациясына байланысты кейбір Air Astana ұшақтарында сәбилер төсектері қолжетімсіз болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Олардың рейсте бар-жоғын сапарды жоспарлау барысында алдын ала тексеру қажет.
Жас жолаушылар
Біздің жас саяхатшыларымызды көптеген артықшылықтар күтеді - арнайы таңдалған тамақтанудан бастап, балалар жиынтықтары мен борттағы ойын-сауыққа дейін. ТОЛЫҒЫРАҚКөмек орталығы
Сіз біздің қызметтеріміз туралы пайдалы ақпарат ала отырып, түрлі мәселелер бойынша сұраныстарыңызды Air Astana-ға тікелей жібере аласыз.