Брондау және басқару
Ақпарат
Nomad Club
Көмек

Kazakhstan Flag
KZ
KAZ

Әуе тасымалы үшін жарамды құжаттар

Қазақстан бойынша ішкі әуе сапарлары үшін жарамды құжаттар

Тіркелуден кедергісіз өтуді қамтамасыз ету үшін, ел ішіндегі рейстерге қандай жеке куәлік түрлері қабылданатынын білген маңызды. Ұшаққа тіркелу мен отырғызу жеке басын куәландыратын түпнұсқа қағаз немесе пластикалық құжаттар бойынша жүзеге асырылады. Сонымен қатар, жолаушылар жеке куәлік және туу туралы куәлік сияқты цифрлық құжаттарды да Қазақстанның барлық әуежайындағы тіркелу және отырғызу пункттерінде eGov цифрлық құжаттар қызметі арқылы қолдана алады. Электрондық құжатты қолдану ұшатын әуежайда құжатты тіркеуге арналған жарамды құрылғының болуына байланысты екеніне, сондай-ақ халықаралық бағыттарда электрондық құжаттарды пайдалануға рұқсат етілмейтініне назарыңызды аударамыз.
Қазақстан бойынша әуе сапарлары үшін қабылданатын жеке басты куәландыратын құжаттар
Төлқұжат (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ЖСН көрсетілуі міндетті).
Жеке куәлік (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ЖСН көрсетілуі міндетті).
Шетел азаматына Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты (ЖСН көрсетілуі міндетті).
Азаматтығы жоқ тұлғаның жеке куәлігі.
Балалармен саяхаттайтын жолаушыларға арналған құжаттарға қатысты талаптар

Баламен шетелге шыққанда оның өз төлқұжаты болуы керек, осы орайда баланың жеке басын куәландыратын жарамды құжат оның туу туралы куәлігі болып табылады.


Егер 16 жасқа толмаған тұлға ата-анасымен жетелеуімен өзінің жеке төлқұжатымен саяхаттаса, ондай тұлғаның ата-анасының мәртебесін растау үшін өзімен бірге туу туралы куәлігі болуы шарт.


Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын 16 жасқа дейінгі балалардың жеке басын сәйкестендіру үшін Қазақстан бойынша ішкі рейстерде туу туралы электрондық куәлік (цифрлық құжаттар қызметі арқылы) егер балалар ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) бірге саяхаттаған жағдайда ғана қабылданады.


Егер 16 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары жетелеушісі жоқ балалар ретінде немесе ата-анасы (заңды өкілдері) болып табылмайтын сенім білдірілген адамдардың жетелеуімен саяхаттаса, олардың рейске тіркелу және отырғызу үшін өздерімен бірге жеке басын куәландыратын қағаз құжаты (туу туралы куәлік) немесе Қазақстан Республикасы азаматының шетелдік төлқұжаты болуы тиіс.


Балалар немесе кәмелеттік жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары ересектермен бірге ұшқанда, әуекомпания баланың туу туралы куәлігін және туыстығын немесе баланы алып жүруге заңды құқығын растайтын құжатты талап етуі мүмкін.


Егер баланы жетелеп жүретін ересек оның ата-анасы немесе заңды қамқоршысы болмаса, онда оның баланы жетелеп жүруге құқығын дәлелдейтін нотариалды куәландырылған қағаз не цифрлық форматта сенімхаты болуы қажет.


Шетелге шығатын жолаушыларға ұшып баратын елдің кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты талаптарымен танысып алу қажет, себебі баратын елде баланың жеке төлқұжаты талап етілуі мүмкін.

Байланысты тақырыптар

Біздің қызметтер және саясаттар жайлы толығырақ
Болашақ аналарға арналған ақпарат
Болашақ аналарға арналған ақпарат
Жас жолаушылар
Жас жолаушылар
Ережелер мен шарттар
Ережелер мен шарттар
Балалармен бірге саяхаттау
Балалармен бірге саяхаттау
Көмек орталығы

Сіз біздің қызметтеріміз туралы пайдалы ақпарат ала отырып, түрлі мәселелер бойынша сұраныстарыңызды Air Astana-ға тікелей жібере аласыз.