Брондау және басқару
Ақпарат
Nomad Club
Көмек

Kazakhstan Flag
KZ
KAZ

Жолаушы сертификаты

Жолаушы сертификаты

Егер сізде біздің әріптестерден алған сертификат болса, оны әуекомпанияның жеке сату кеңселерінде алдағы рейс пен қосымша қызметтерді төлеу үшін пайдалана аласыз. Төменде сертификатты пайдалану шарттарымен және жиі қойылатын сұрақтармен танысыңыз.
Ортақ шарты
Сертификаттың жарамдылық мерзімі алған сәттен бастап күнтізбе бойынша 1 жылды құрайды.
Бір сертификат тек бір билетті сатып алу үшін пайдаланылуы мүмкін.
Әуебилет сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін рәсімделуі және пайдаланылуы тиіс.
Сертификатты басқа біреуге сыйлауға/беруге болмайды.

Сертификат Air Astana қызметкерлерімен өтемақы ретінде беріледі. Осы сертификатты ала отырып жолаушы/клиент Air Astana әуекомпаниясынан осы сұраныс бойынша арыздан, сонымен қатар қосымша өтемақы талап ету құқынан бас тартады.

Сіз келесі билетті сатып алу кезінде сертификатты әуекомпанияның жеке сату кеңселерінде пайдалана аласыз. Төлем кезінде сіз билеттерді сату агентіне сертификатты ұсынуыңыз керек.

Егер жаңа билеттің құны сертификат құнынан төмен болса, сомалардағы айырмашылық қайтарылмайды. Егер жаңа билет қымбатырақ болса, қалған соманы төлеу қажет болады. Сертификат тасымалдауға арналған дербес құжат ретінде жарамсыз және әуебилетте көрсетілетін әуежай алымдарының сомасын қамтымайды.

Сертификат берілген жеріне байланысты теңгеде, АҚШ долларында немесе жергілікті валютада берілуі мүмкін.

Сертификат тек Air Astana әуекомпаниясының рейстеріне брондауға жарамды.

Көмек орталығы

Сіз біздің қызметтеріміз туралы пайдалы ақпарат ала отырып, түрлі мәселелер бойынша сұраныстарыңызды Air Astana-ға тікелей жібере аласыз.