Брондау және басқару
Ақпарат
Nomad Club
Көмек

Kazakhstan Flag
KZ
KAZ

The Shanyraq – Алматы

The Shanyraq Алматыда жолаушыларды қуана қарсы алады

Ұшар алдында демалып, соңғы оқиғалардан хабардар болғысы келетін және саяхат алдында жұмыс істеуі керек жолаушыларға Алматыдағы The Shanyraq жаңа бизнес-лаунджын ұсынамыз. Лаундж бірден тексеру аймағынан кейін орналасқан және лаунджтан ұшуға шығатын гейттерге тура жүріп барса болады. 


The Shanyraq келесі жолаушылар үшін тіркеу кезінде берілген шақыру және отырғызу талонын көрсету арқылы қолжетімді:

  • Бизнес-класс жолаушыларына
  • Nomad Club бағдарламасының Алтын және Гауһар деңгейіндегі қатысушыларына
  • Air Astana-ның халықаралық чартерлік рейстерінде тек Nomad Club бағдарламасының Алтын және Гауһар деңгейіндегі қатысушыларына


Кеңістіктің әр бөлігі қолайлықты, сұлулықты және инновацияны үйлестіре отырып мұқият ойластырылған. Дизайн қазақтың мәдени үлгілерінен, табиғи ландшафтардан және отбасы символымен парапар шаңырақтан шабыт алып жасалған. Қазақтың этникалық элементтерімен көркемделген лаундж ұшу алдындағы тәжірибені жақсарту үшін жылы және қонақжай атмосфераны ұсынады.

Nomad Club артықшылықтары

Қатысушылардың марапаттарыСіз Алтын немесе Гауһар деңгейіндегі қатысушы ретінде түрлі артықшылықтарды, соның ішінде күту залдарының қызметтерін пайдалана аласыз.
Лаундж туралы ақпарат
Алматы халықаралық әуежайы

Лаундж 2-терминалдың 2-қабатында, 201 отырғызу қақпасына қарама-қарсы орналасқан.
Тәулік бойы ашық, максималды болу уақыты - ұшуға дейін 3 сағат.
Көмек орталығы

Сіз біздің қызметтеріміз туралы пайдалы ақпарат ала отырып, түрлі мәселелер бойынша сұраныстарыңызды Air Astana-ға тікелей жібере аласыз.