Брондау және басқару
Ақпарат
Nomad Club
Көмек

Kazakhstan Flag
KZ
KAZ

Стандартты емес жолжүк

Біздің стандартты емес жолжүкті тасымалдау қағидаларымызбен танысыңыз.

Арнайы жабдықтарды тасымалдау

Спорт командасының мүшесі немесе турдағы музыкант болсаңыз немесе спорттық жабдықтарды белсенді демалыс үшін алғыңыз келсе, біз сіздің жабдықтарыңызды немесе саймандарыңызды тасымалдаудың маңыздылығын түсінеміз. Біздің ұсынымдарымызды орындаңыз, біз сіздің жолжүгіңіздің қауіпсіздігі мен уақтылы жеткізілуіне қам жасаймыз.

Әрбір жолжүк орнының жалпы өлшемі (ұзындығы + ені + биіктігі) 158 см-ден аспауы керек. Егер сіздің жолжүгіңіз осы нормадан асып кетсе, сіз алдын ала растау алып, жарияланған тарифтерге сәйкес қажетті төлемді жасауыңыз керек.

Жүкті, оның ішінде спорттық жабдықтар, қару-жарақ пен оқ-дәрі сияқты арнайы жабдықты, сондай-ақ музыкалық аспаптарды код-шерингтік және интерлайн келісімдер бойынша бірлескен рейстерде тасымалдау рейсті орындайтын әуекомпанияның ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.


Дубай, БАӘ әуежайынан ұшып шыққан кезде габаритті емес жолжүк (үш өлшемнің жалпы көлемі 158 см-ден асатын сөмке) тек габаритті емес жолжүкті (OOG) тіркеу орнында қабылданады және бұл үшін 45 БАӘ дирхамы мөлшерінде қосымша алым төленеді. Төлемді DNATA жердегі қызмет көрсету компаниясы қабылдайды. Бұл алым жолжүк бөлімшесінде жануарларды тасымалдау қызметіне қолданылмайды.

Кейбір спорттық жабдықтар мен арнайы құралдарды тасымалдау алдын ала келісімді және брондауды талап етеді. Спорттық жабдықтарыңыз немесе арнайы құралдарыңыз сенімді түрде оралуын қамтамасыз етуге кеңес береміз, әсіресе әуе кемесінің жүк бөлігінде тіркелген багаж ретінде тасымалданатын заттарды. Арнайы қап немесе футляр болған жағдайда, оны орау ретінде пайдалану керек.  



Сіз спорттық жабдықты қосымша ақысыз тасымалдай аласыз, егер ол билетіңізге белгіленген тегін багаж нормасына сәйкес келсе. Егер негізгі багажңыз болса, спорттық жабдық үшін қосымша ақы алынады. Бұл қағида «Базалық» тариф үшін қолданылмайды, онда спорттық саймандарды тасымалдау ақысы салмақ шектеулерін ескере отырып, қосымша жолжүк орны ретінде төленеді. Егер сіздің жолжүгіңіз рұқсат етілген саннан немесе салмақтан асып кетсе, сіздің қосымша жолжүк алып жүру қызметін пайдалану мүмкіндігіңіз бар. Бір жолжүк орнының салмағы 32 кг-нан аспауы керек екеніне назар аударыңыз.



Спорттық жабдықтарды тасымалдау бойынша алдын ала келісім және қосымша төлем талап етілетінін анықтау үшін келесі спорттық жабдықтар тізімімен танысыңыз, сондай-ақ спорттық жабдықтарды тасымалдау туралы қосымша ақпаратпен танысыңыз. 

Шаңғы жабдықтары

Бір жұп шаңғы және бір жұп шаңғы таяғы бар 1 тысқап

Бір жұп бәтеңке мен бір дулығасы бар 1 тысқап

Сноуборд жабдықтары

Бір сноуборды бар 1 тысқап

Бір жұп бәтеңке мен бір дулығасы бар 1 тысқап

Теннис немесе сквош жабдықтары

Бір ракеткасы бар 1 тысқап

Бадминтонға арналған жабдықтар

Бір немесе екі ракеткасы бар 1 тысқап

Балық аулау жабдықтары

1 сөмке немесе екі қармағы бар тысқап және барлығы бір тысқапқа буып-түйілген балық аулау жабдықтарының жинағы

Су шаңғысы

Бір жұп су шаңғысы бар 1 тысқап

Атқа мінуге арналған жабдықтар

Бір жұп арнайы аяқ киім мен ер-тоқымы бар 1 тысқап

Мұз айдынында сырғанауға арналған коньки, роликті коньки

Мұзда сырғанауға арналған конькилердің немесе роликті конькилердің бір жұбы бар 1 тысқап

Садақ атуға арналған жабдықтар

Бір немесе екі садағы бар 1 тысқап

Ескек

Каноэ, каякинг, т.б. үшін арналған ескектер. Бір немесе екі (ескек есу түріне байланысты) ескегі бар 1 тысқап. (Тасымалдауға рұқсат етілген ескектің максималды ұзындығы – 250 см)

Мұздағы хоккейге арналған саймандар

Бір немесе екі хоккей таяғы бар 1 тысқап

Коньки жұбы, қорғаныш жабдықтарының бір жиынтығы, бір дулыға бар 1 тысқап

Көркем гимнастикаға арналған шеңберлер

Шеңбері/шеңберлері бар 1 тысқап

Арбалет, су арбалеті

1 қап немесе кейс ішіндегі арбалет

Төменде берілген спорт жабдықтарын тасымалдау үшін алдын ала келісу алу қажет. Алайда, билеттің тарифімен белгіленген тегін жолжүк тасымалының нормасына сәйкес келмеген жағдайда қосымша ақы төленуі қажет. 


Nomad Club бағдарламасының Күміс, Алтын және Гауһар деңгейіндегі қатысушылары гольф жабдығын тегін тасымалдай алады.


Сізден туристік агенттігіңіз немесе Көмек орталығы арқылы ұшуға дейін 24 сағаттан кешіктірмей келісуге сұрау салуыңызды сұраймыз.



Ішкі рейстердегі тарифтерҚазақстаннан ұшатын халықаралық рейстердегі тарифтерБасқа елдерден ұшатын халықаралық рейстердегі тарифтерБір жолаушыға арналған саймандардың ең жоғары жиынтықталуы
Гольф саймандары10 000 теңге25 еуро25 еуро

Саймандары бар салмағы 15 кг-нан аспайтын 1 гольф тысқабы/сөмкесі:

14 гольф таяғы, 12 гольф добы, доп қойғыштар, бір жұп гольфке арналған бәтеңке

Шаңғы жабдығы10 000 теңге25 еуро25 еуро

Бір қапта – бір жұп шаңғы және бір жұп шаңғы таяқшасы;

Бір қапта – бір жұп етік пен бір шаңғы шлемі

Су шаңғылары10 000 теңге25 еуро25 еуроБір қапта – бір жұп су шаңғысы
Сноуборд жабдығы10 000 теңге25 еуро25 еуро

Бір қапта – бір сноуборд

Бір қапта – бір жұп етік және бір шаңғы шлемі

Секіруге арналған сырықтарҚосымша жолжүк ретінде ақы төленедіҚосымша жолжүк ретінде ақы төленедіҚосымша жолжүк ретінде ақы төленедіБір қапта – ұзындығы 485 см-ге дейінгі биіктікке секіруге арналған бір немесе екі сырық.


Төменде берілген спорт жабдықтарын тасымалдау үшін алдын ала келісу алу және қосымша ақысы төленуі қажет. 


Сізден туристік агенттігіңіз немесе Көмек орталығы арқылы ұшуға дейін 24 сағаттан кешіктірмей келісуге сұрау салуыңызды сұраймыз.



Ішкі рейстердегі тарифтерҚазақстаннан ұшатын халықаралық рейстердегі тарифтерБасқа елдерден ұшатын халықаралық рейстердегі тарифтерБір жолаушыға арналған саймандардың ең жоғары жиынтықталуы
Серфинг тақталары мен кайтбордтар 10 000 теңге25 еуро25 еуро1 тақтасы бар 1 тысқап
Каноэ10 000 теңге50 еуро50 еуро1 каноэсы бар 1 тысқап
Велосипедтер10 000 теңге50 еуро50 еуро1 велосипед
Сүңгуірлік саймандар10 000 теңге25 еуро25 еуроСаймандары бар 1 тысқап: 1 жүзгіштік компенсаторы, 1 реттегіш, 1 маска және тыныс алу түтігі, 1 гидрокостюм, 1 жұп ескекаяқ, жүк салынған 1 ауырлатқыш белдік
Қару-жарақ10 000 теңге50 еуро50 еуроБір қару немесе бір қорап оқ-дәрі


Велосипедтерді мықтап орап, басқыларын алып тастау, ал шиналарын түсіру керек. 


Сүңгуірлік саймандарды тасымалдау кезінде акваланг баллондары бос және клапандары ашық болуы керек. Сүңгуір шамы токтан ажыратылуы, шам мен аккумулятор шешіп алынып, тек қолжүгімен тасымалдануы керек.

Брондау және басқару

Сапарыңызды оңай жоспарлап, брондауды толық бақылаңыз. Рейс туралы маңызды ақпаратты қарап шығып, сапарыңызды оңай ұйымдастырыңыз.

Қатысты тақырыптар

Біздің қызметтеріміз бен жолжүкті тасымалдау қағидалары туралы толығырақ.
Жүк тасымалы
Жүк тасымалы
Қосымша жолжүк
Қосымша жолжүк
Жолжүк мөлшері
Жолжүк мөлшері
Nomad Club қатысушыларының артықшылықтары
Nomad Club қатысушыларының артықшылықтары

Сізге жолжүгіңіз бойынша көмек керек пе?

Егер сұрақтар туындаса немесе қосымша көмек қажет болса, біздің әріптестеріміз әрқашан көмекке келуге дайын.
КӨМЕК ОРТАЛЫҒЫ