Брондау және басқару
Ақпарат
Nomad Club
Көмек

Kazakhstan Flag
KZ
KAZ

Жолаушылардың өзін ұстау ережесі

Жолаушылардың өзін ұстау ережесі

Біз сапарыңызды тек жайлы етіп қоймай, сондай-ақ қауіпсіз әрі бәріне жағымды етуге ұмтыламыз. Сапарыңыздан жақсы әсер алу үшін барлық жолаушыларға арналған белгілі бір маңызды ескертпелер және жолаушылардың өзін ұстау ережелері қарастырылған. Бұл ережелер ұшу барысында жолуашылардың бір-бірін сыйлауға, сыпайы әрі мұқият болуды қамтуға арналған. Ережелерімізбен мұқият танысуды өтінеміз және рейстерімізде мейірімділік пен сыпайылық атмосферасын қалыптастыруға көмектесетіндеріңізге алғыс айтамыз.  

Air Astana әуекомпаниясының саясаты
Air Astana АҚ жолаушылардың өрескел жүріс-тұрысына байланысты мынадай саясатты ұстанады:
Жолаушылардың өрескел жүріс-тұрысы жайлы оқиғаларды ешбір салдарсыз қалдырмау.
Әуе компаниясының қызметкерлеріне жолаушылардың өзін ұстау ережелерін бұзудың алдын алу және болдырмау үшін қажетті өкілеттіктерді беру.
Жолаушының өрескел жүріс-тұрысы жайлы құқық қорғау органдарына хабарлау және ондай жолаушыны кейіннен жауапкершілікке тартуға байланысты көмек көрсету.
Қажет болған жағдайда, әуе компания - сы қызметкерлерінің абыройы мен ар-намысын қорғау және жолаушы келтірген материалдық залалды өтеу үшін сот ісін қозғау.
Жолаушының өрескел жүріс-тұрысы
Егер Air Astana АҚ жолаушысы құқық бұзушылық жасаса, соның ішінде:
Ұшу қауіпсіздігіне немесе басқа адамның өміріне қауіпті жағдай туғызса.
Басқа жолаушылардың және әуе компаниясы қызметкерлерінің денсаулығына, ар-намысына қауіп төндіретін жағдай тудырса, оларға тіл тигізсе немесе жәбірлесе.
Экипаж мүшелерінің жұмысын орындауына әдейі кедергі жасаса.
Экипаждың қауіпсіздік жөніндегі талаптарын орындаудан бас тартса.

Мұндай жағдайларда Air Astana АҚ жолаушылардың өрескел жүріс тұрысының алдын алу және болдырмау үшін мынадай шараларды қолдануға құқылы:

  • Жолаушыны межелі орынға дейін тасымалдаудан бас тарту;
  • Жолаушыны ұшып келген елдің құқық қорғау органдарына тапсыру және оны кейіннен сол елдің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту.

Егер жолаушының өрескел жүріс-тұрысы ұшу бағытын күтпеген жерде өзгертуге әкелсе, онда ол жолаушы амалсыз қонумен байланысқан барлық материалдық шығындарды өтейді. Жолаушы бұл шығындарды өтеуден бас тартса, келтірілген шығындарды өтеу мақсатында Air Astana әуекомпаниясы сот мекемелерінің қызметіне жүгінуге толықтай құқығын сақтайды. 

Байланысты тақырыптар 

Біздің қызметтер және саясаттар жайлы толығырақ
Болашақ аналарға арналған ақпарат
Болашақ аналарға арналған ақпарат
Жас жолаушылар
Жас жолаушылар
Ережелер мен шарттар
Ережелер мен шарттар
Балалармен бірге саяхаттау
Балалармен бірге саяхаттау
Көмек орталығы

Сіз біздің қызметтеріміз туралы пайдалы ақпарат ала отырып, түрлі мәселелер бойынша сұраныстарыңызды Air Astana-ға тікелей жібере аласыз.