Эйр Астана логотипі
Брондау және басқару
Ақпарат
Nomad Club
Көмек

Kazakhstan Flag
KZ
KAZ

Air Astana жол жиынтығы

Бизнес-класқа арналған жол жиынтығы

Жұмыс бабымен не жеке жолға шыққанда сапарыңыз ұсақ-түйегіне дейін жайлы болсын дейміз. Осы орайда біз ұшуды барынша жайлы ететін әрі қажеттінің бәрін қамтитын жол жиынтығын ойластырдық. Шуды басатын құлаққаппен миыңыз тынықса, ыңғайлы кресло және жұмсақ жастықпен бой жазып демаласыз. Сізге бортта жайлы болсын деген ниетпен іріктеп, арнайы әзірлеген танымал брендтердің керемет жуыну керек-жарағын дайындадық.ан ләззат алыңыз. Әр ұсақ-түйегі әсемдікті паш етететін эксклюзив пен ыңғайлылық тоғысқан әдеттегіден тыс саяхатымызды бастаймыз.
Air Astana ұшу кезіндегі жастық пен көрпеден тұратын жиынтығы

Сіздің жайлылығыңыз үшін премиум қолайлылықтар

Саяхатыңыз жақсы әсерге бөлесін деп біз шуды басатын құлаққап, жоғары сапалы сейсеп, жұмсақ жастық пен сабын, ылғалдаушы крем, аромадиффузорлар және бет спрейі бар керемет косметика жиынтығын қарастырдық. Ұшқанда ұйқыңыз тыныш, жеткенше жақсы демалуыңыз үшін біз қолдан келгеннің бәрін жасадық.
Тұғырда тұрған шағын сөмкелер тобы

Эксклюзивті жол жиынтығы

Air Astana MOSCHINO және TEMPLE SPA брендімен бірге 5 сағаттан астам ұзақ рейстерге арналған бизнес-класс жол жүру жинақтарының жаңа нұсқаларын ұсынды. Жинаққа TEMPLE SPA косметика өнімдері , тарақ, құлаққап, шұлық, көзге арналған маска және қалам кіреді. 3-тен 5 сағатқа дейінгі орташа қашықтықтағы халықаралық рейстерде Air Astana DIESEL брендімен бірге жасалған жинақтарды жолаушыларға ұсынады. Жинақтар қайта өңделген материалдардан дайындалған, қаптамасы FSC сертификатталған kraft қағазынан, ал көзге арналған маска мен шұлықтар 100% қайта өңделген ПЭТ-тен жасалған. Жаңартылған жинақтар Air Astana-ның тұрақты даму қағидаларына деген адалдығын көрсетеді, стильді, қайта пайдалануға болатын сөмкелер мен сапарға қажетті пайдалы заттарды ұсынады.

Эконом-класқа арналған жол жиынтығы

Қазақстандық суретшілермен бірлесе отырып, Air Astana эконом-класс жолаушыларына арналған ерекше жол жиынтықтарының топтамасын жасады. 14 түрлі дизайнның әрқайсысы Қазақстанның табиғатынан, мәдениеті мен халық өнерінен шабыт алған және оның сұлулығын, үйлесімін әрі рухын бейнелейді.


Жиынтықтар экологиялық таза материалдардан жасалған: сөмке матасы — RPET матасы, ал ішінде: бамбуктан жасалған тіс щеткасы, крафт қағаздан жасалған қалам, қайта өңделген талшықтардан тігілген көзге арналған маска мен шұлықтар. Қазақстаннан ұшатын рейстерде қосымша мойын жастығы да ұсынылады — оны кері сапарда да пайдалануға болады.


Жиынтықтар үш сағаттан астам уақытқа созылатын халықаралық рейстерде беріледі.

Байланысты тақырыптар

Арнайы бағыттар
Арнайы бағыттар
Ұшақ бортында
Ұшақ бортында
Бағыттар
Бағыттар
Жолжүкті алып жүру нормалары
Жолжүкті алып жүру нормалары