Брондау және басқару
Ақпарат
Nomad Club
Көмек

Kazakhstan Flag
KZ
KAZ

Билеттегі аты-жөнді өзгерту

Билеттегі есімін немесе тегін өзгерту және түзету ережелері

Брондау кезінде енгізілген есіміңіз мен тегіңіз сіздің жеке куәлігіңізде көрсетілген ақпаратқа сәйкес келуі керек. Брондау деректері мен жол жүру құжаты арасында кез келген сәйкессіздікті анықтаған жағдайда есіміңізді немесе тегіңізді түзету үшін билетті сатып алу орнына хабарласуыңызды сұраймыз.

Air Astana әуекомпаниясының рейстеріне билеттерді брондау кезінде билеттегі есіміңіз мен тегіңіз төлқұжаттағы немесе жеке куәліктегі деректерге сәйкес латын әріптерімен дұрыс жазылғанына көз жеткізу қажет. Бірінші тегіңіз, содан кейін есіміңіз енгізілуі керек (мысалы, ABDRAKHMANOV/SERIK MR). Егер тегін немесе есімін жазуда қандай да бір қателер болса, онда мұндай жолаушылар біздің рейстерге жіберілмейтін болады.  

Есімін немесе тегін жазуда қате болған, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген жазу тәртібі бұзылған жағдайда, жолаушыларға билетті сатып алған орынға хабарласу ұсынылады. Жолаушылардың есімін немесе тегін түзетуге деген өтініш жоспарланған ұшу уақытына дейін 24 сағаттан кешіктірілмей қабылданады.  


Егер тасымалдауда басқа әуекомпания қатысса, түзету жүргізілмейді.

Жолаушының есімі немесе тегі толық өзгерген жағдайда түзету өзгертуді растайтын ресми құжат болған кезде ғана мүмкін. Жолаушылар өз өтініштерін ұшу күніне дейін 3 жұмыс күн бұрын жіберуі тиіс. Өтінішке жаңа және ескі төлқұжаттың немесе жеке куәліктің сканерленген түсті көшірмесі, сондай-ақ тегі немесе атының өзгергенін растайтын құжаттың сканерленген түсті көшірмесі (мысалы, неке туралы куәлік, ажырасу туралы куәлік) қоса берілуі керек. 

Қосымша ақпарат керек пе?
Толығырақ ақпарат алу үшін бізбен қалай байланысуға болады.
Брондау және ақпарат орталығы

Бізбен кез келген уақытта хабарласыңыз. 

Билет сату кеңселері

Сізге жақын кеңсені табыңыз. 

Көмек орталығы

Сұрақтарыңызға жауаптарды FAQ бөлімінен табыңыз.