Брондау және басқару
Ақпарат
Nomad Club
Көмек

Kazakhstan Flag
KZ
KAZ

MyMAIL жедел пошта қызметі

MyMAIL – Қазақстан бойынша және Қырғызстанға жазбаша хат-хабарларды, құжаттар мен 5 кг-ға дейінгі сәлемдемелерді жеткізудің ең жылдам тәсілі. Жеткізу мерзімі 5 сағаттан басталады. 


Жөнелтуге:


  1. Салмағы 5 кг-нан аспайтын жазбаша хат-хабарлар
  2. Салмағы 5 кг-нан аспайтын және мөлшерлері 35*45*15 см-ден аспайтын сәлемдемелер
  3. Бір конвертте 5 данадан аспайтын куәландыру немесе құқық белгілеу сипаттағы құжаттардың түпнұсқалары қабылданады


Байланыс телефондары: +7 (727) 270 30 53, +7 (727) 270 31 40


E-mail: mymail@airastana.com

Жіберуге тыйым салынған заттар мен нәрселер:


  • Сұйықтар мен майлар
  • Смартфондар, смарт-сағаттар, ноутбуктер, планшеттер, жүрек соғу жиілігінің сенсорлары, сондай-ақ құрамында литий (литий-ион, литий-металл) және басқа да батареялар мен аккумуляторлар бар жабдықтар 
  • Биологиялық үлгілер, зертханалық талдаулар
  • Сұйық дәрілік заттар, ампуладағы дәрілік заттар, сондай-ақ температуралық режимді қажет ететін және/немесе салқындатқышпен қапталған дәрілік заттар
  • Фискалдық түбіртегі, дәрілік заттың атауы көрсетілген ЭШФ-сы жоқ дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен тағамдық қоспалар
  • Азық-түлік, соның ішінде көкөністер мен жемістер
  • Өсімдіктер мен гүлдер
  • Ақша, банк карталары, сыйлық сертификаттары, бензин талондары 
  • Бағалы жөнелтімдер (күміс, алтын, асыл тастардан жасалған бұйымдар және т.б.)
  • Қару-жарақ
  • Есірткі және психотроптық препараттар, улар
  • Жарылғыш және жанғыш заттар
  • Тыйым салынған баспа басылымдары, аудио және бейнематериалдар
  • Басқа заттар мен жабдыққа қауіп төндіретін, дақ түсіретін немесе зақымдауы мүмкін заттар


Егер жөнелтім тасымалдауға рұқсат етілген өлшемдерге сәйкес келмесе немесе мазмұны күмәнді болса, әуекомпания тасымалдаудан бас тартуға құқылы.

  • Барлық жөнелтімдер тек қана ашық түрде және әуекомпания өкілдерінің қауіпсіздік тұрғысынан көзбен шолып тексергеннен кейін қабылданады, тек әуекомпания өкілдерінің қатысуымен мөрленеді. 
  • Дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы тауарлар тек қана Қазақстан Республикасының аумағы бойынша және міндетті түрде фискалдық түбіртек, дәрілік заттың атауы көрсетілген ЭШФ бар болған жағдайда жөнелтуге қабылданады. 
  • Биоүлгілер, зертханалық талдаулар, температуралық режимін қажет ететін немесе хладагентпен оралған дәрі-дәрмектер, сұйық дәрілік препараттар, ампуладағы дәрі-дәрмектер жөнелтуге қабылданбайды. 
  • Жөнелтуші жөнелтімнің дұрыс дайындалуы мен буып-түюіне толық жауап береді. 
  • Буып-түю салым сипатына және әуе көлігімен қалыпты жағдайларда тасымалдауға сәйкес келуі, сонымен қатар жөнелтімнің сақталуын және әуекомпания оны өңдеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуі тиіс. 
  • Әуекомпания салымның дұрыс буып-түйілмеуінен туындаған зақымдануына немесе жоғалуына жауап бермейді.
  • Поштаны тіркеу кезінде жөнелтуші жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі қажет (түпнұсқаны немесе сандық форматтағы).
  • Жөнелтімді беру пунктінде жөнелтуші алушы ретінде көрсеткен тұлға ғана, жеке басын куәландыратын құжатты (түпнұсқаны немесе сандық форматтағы) көрсетіп, ала алады. 
  • Үшінші тұлға үшін поштаны тіркеуге және алуға тек нотариалды куәландырылған сенімхат ұсынылған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
  • Заңды тұлғаның өкілі жеке басын куәландыратын құжатты, компания атынан жөнелтімді алуға немесе жіберуге мүмкіндік беретін сенімхатты және компания реквизиттерді ұсынуы қажет.
  • Алушының жөнелтуші көрсеткен ұялы телефон нөміріне жөнелтімнің межелі қаланың әуежайына жеткізілгені туралы СМС-хабарлама жіберіледі.
  • Жөнелтімдерді қабылдау мен беру MyMAIL пункттердің жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
  • Алматы және Астана қалаларында MyMAIL жедел пошта қызметі үшін төлем MyMAIL қабылдау мен беру пункттерінің жұмыс кестесіне сәйкес қолма-қол ақшамен, банк карталарымен және Kaspi QR арқылы қабылданады.
  • Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Қызылорда, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында MyMAIL жедел пошта қызметі үшін төлем MyMAIL қабылдау мен беру пункттерінің жұмыс кестесіне сәйкес тек банк карталарымен қабылданады. Қолма-қол ақшамен төлем сауда кеңселерінің жұмыс уақытына сәйкес қабылданады (сауда кеңселерінің жұмыс уақытын +7 (727) 244 44 77 байланыс орталығының телефоны арқылы білуге ​​болады).

Астана қаласы
Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайы
2-терминал, 2-қабат, Air Astana әуе кассасы
Тел.: +7 (7172) 286 478
Жұмыс уақыты: күнделікті 08:00-21:30-ға дейін үзіліссіз
Қабылдау: рейстің ұшу уақытынан кем дегенде 2 сағат бұрын
Беру: рейс қонғаннан соң 1 сағаттан кейін
Пошта жіберуші және алушы жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсетуі қажет


Алматы қаласы
Алматы халықаралық әуежайы
Терминал, 2-қабат, ішкі рейстер ұшу залы, Air Astana кеңсесі
Тел.: +7 (727) 270 30 53, +7 (727) 270 31 40

Жұмыс уақыты: 08:00-20:00
Қабылдау: 08:00-21:30, рейстің ұшу уақытынан кем дегенде 2 сағат бұрын
Беру: 08:30-22:00, рейс қонғаннан соң 1 сағаттан кейін  
Пошта жіберуші және алушы жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсетуі қажет


Ақтау қаласы
Ақтау халықаралық әуежайы
1-терминал, 2-қабат, Air Astana кеңсесі
Тел.: +7 (729) 260 97 37
Жұмыс уақыты: күнделікті 09:00-21:00-ге дейін үзіліссіз
Қабылдау: рейстің ұшу уақытынан кем дегенде 2 сағат бұрын
Беру: рейс қонғаннан соң 1 сағаттан кейін
Пошта жіберуші және алушы жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсетуі қажет


Ақтөбе қаласы
Ақтөбе халықаралық әуежайы
Терминал, 2-қабат, 2 кабинет, Air Astana кеңсесі
Тел.: +7 (713) 222 95 66
Жұмыс уақыты: күнделікті 10:30-17:00 (түскі үзіліс: 13:00-14:00)
Қабылдау: рейстің ұшу уақытынан кем дегенде 2 сағат бұрын
Беру: рейс қонғаннан соң 1 сағаттан кейін
Пошта жіберуші және алушы жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсетуі қажет


Атырау қаласы
Қиуаз Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайы  
Терминал, 2-қабат, 2 кабинет, Air Astana кеңсесі
Тел.: +7 (712) 220 92 75
Жұмыс уақыты: күнделікті 14:00-20:00 (түскі үзіліс: 13:00-14:00)
Қабылдау: рейстің ұшу уақытынан кем дегенде 2 сағат бұрын
Беру: рейс қонғаннан соң 1 сағаттан кейін
Пошта жіберуші және алушы жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсетуі қажет


Қарағанды қаласы
«Сары-Арқа» Қарағанды халықаралық әуежайы
2 қабат, FlyArystan кеңсесі
Тел.: +7 (721) 2428613, +7 (771) 7710045
Жұмыс уақыты: Дс, Ср, Жм - 13.00-01.00; Сс, Бс, Сб - 10.00-22.00
Поштаны жеткізу: келгеннен кейін 1 сағаттан кейін
Алушы жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын ұсынуы қажет


Қостанай қаласы
Қостанай халықаралық әуежайы
1 қабат, FlyArystan кеңсесі
Тел.: +7 (714) 257 61 89
Жұмыс уақыты: 12.00-ден 14.00-ге дейін және 15.00-ден 17.00-ге дейін
Поштаны қабылдау: жөнелтуге дейін 1,5 сағаттан кешіктірмей
Поштаны жеткізу: келгеннен кейін 1 сағаттан кейін
Алушы жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын ұсынуы қажет


Қызылорда қаласы
«Қорқыт-Ата» Қызылорда халықаралық әуежайы
Терминал, 1-қабат, Air Astana кеңсесі
Жұмыс уақыты:
Дүйсенбі, 14:00-17:00
Сейсенбі, 09:00-11:00, 14:00-14:30
Сәрсенбі, 09:00-11:00
Бейсенбі, 08:30-09:00, 14:00-14:30
Жұма, 08:30-09:00, 14:00-17:00
Сенбі, 09:00-11:00, 16:00-17:00
Жексенбі, 08:30-09:00, 14:00-17:00
Қабылдау: рейстің ұшу уақытынан кем дегенде 1,5 сағат бұрын
Беру: рейс қонғаннан соң 1 сағаттан кейін

Төлем тек картамен қабылданады
Пошта жіберуші және алушы жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсетуі қажет


Павлодар қаласы
Павлодар халықаралық әуежайы
Авиагородок, 1, 2 қабат
Тел.: +7 (718) 270 47 57
Жұмыс уақыты: ұшуға кету уақыты бойынша
Поштаны қабылдау: жөнелтуге дейін 1,5 сағаттан кешіктірмей
Поштаны жеткізу: келгеннен кейін 1 сағаттан кейін
Алушы жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын ұсынуы қажет


Семей қаласы
Семей халықаралық әуежайы
Терминал, 2-қабат, ішкі рейстер ұшу залы, FlyArystan кеңсесі
Тел.: +7 (702) 702 18 44
Жұмыс уақыты: ұшу кестесіне сәйкес
Пошта қабылдау қызметі уақытша қолжетімсіз
Беру: рейс қонғаннан соң 30 минуттан кейін
Пошта алушы жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсетуі қажет


Түркістан қаласы
Түркістан халықаралық әуежайы
Әуежай терминалы, 2 қабат (оң жақ), FlyArystan кеңсесі
Тел.: +7 (702) 702 19 66
Жұмыс уақыты:
Дүйсенбі, 10:00-18:00
Сейсенбі, 06:00-12:00
Сәрсенбі, 08:00-13:00
Бейсенбі, 16:00-20:00
Жұма, 08:00-13:00, 20:00-01:00
Сенбі, 16:00-20:00
Жексенбі, 17:00-00:00
Пошта қабылдау қызметі уақытша қолжетімсіз
Беру: рейс қонғаннан соң 1 сағаттан кейін
Пошта алушы жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсетуі қажет


Орал қаласы
Орал халықаралық әуежайы
Терминал, 2-қабат, Air Astana кеңсесі
Тел.: +7 (711) 293 97 90
Жұмыс уақыты:
Дүйсенбі, 10:00-14:00
Сейсенбі, 08:30 – 10:30
Сәрсенбі, 07:30-12:00
Бейсенбі, 14:00-17:30
Жұма, 07:00-12:00
Сенбі, 17:00-21:00
Жексенбі, 18:30-22:30
Қабылдау: рейстің ұшу уақытынан кем дегенде 2 сағат бұрын
Беру: рейс қонғаннан соң 1 сағаттан кейін

Төлем тек картамен қабылданады
Пошта жіберуші және алушы жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсетуі қажет


Өскемен қаласы
Өскемен әуежайы
Бажова к-сі, 566, 1-қабат
Тел.: +7 (7232) 54 24 10
Жұмыс уақыты рейстердің ұшу кестесіне сәйкес
Қабылдау: рейстің ұшып шығу уақытынан кем дегенде 2 сағат алдын ала
Беру: рейстің ұшып келуінен 1 сағаттан кейін (рейсте қызмет ету кезінде пошта қабылданбайды)
Пошта жіберуші және алушы жеке басын куәландыруға дайын болуы керек


Шымкент қаласы
Шымкент халықаралық әуежайы
Терминал, 1-қабат, Air Astana кеңсесі
Тел.: +7 (725) 245 50 31, +7 (725) 245 50 54
Жұмыс уақыты: күнделікті 10:00-22:00-ге дейін үзіліссіз
Қабылдау: рейстің ұшу уақытынан кем дегенде 2 сағат бұрын
Беру: рейс қонғаннан соң 1 сағаттан кейін
Пошта жіберуші және алушы жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсетуі қажет


Бішкек қаласы
Avia Travel Club
Московская к-сі, 86
Тел.: +996 (312) 301 689, моб.: +996 (552) 315 050
Жұмыс уақыты: Дс-Жм, 9:00-18:00
Поштаны қабылдау: ұшуға дейін 6 сағаттан кешіктірмей
Поштаны жеткізу: келгеннен кейін келесі күні
Алушы жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын ұсынуы қажет

Көмек орталығы

Сіз біздің қызметтеріміз туралы пайдалы ақпарат ала отырып, түрлі мәселелер бойынша сұраныстарыңызды Air Astana-ға тікелей жібере аласыз.