Медициналық шектеулері бар жолаушыларға арналған ақпарат
Көру немесе есту қабілеті нашар жолаушыларға арналған қызметтер
Біз тіркеуден бастап ұшаққа отыруға дейінгі қиындықтарды түсіне отырып, қозғалысы шектеулі жолаушыларға көмек көрсету үшін бірқатар қызметтер ұсынамыз.
Егер сізге арнайы көмек қажет болса, келесі қызметтердің кез келгенін ұйымдастыру үшін біздің Көмек көрсету орталығымызға хабарласыңыз. Біз сізге ең жақсы көмек көрсетуге дайындалу үшін, ұшудан кемінде 24 сағат бұрын барлық қажетті ақпаратты беріңіз.
Біз әр жолаушының жайлылығы мен қауіпсіздігін ойлаймыз. Егер:
- Сіз жақында ауыр ауру, жарақат немесе ота жасатқан болсаңыз;
- Денсаулығыңыздың жағдайы қауіпсіз ұшуға күмән тудырса;
- Сізге есту немесе көру қабілетінің бұзылуына байланысты экипаждың көмегі қажет болса, алдын ала әуекомпанияға хабарласуыңызды сұраймыз.
Кресло-арба дайындауға, қолайлы орын таңдауға және сіздің қажеттіліктеріңізді ескеруге мүмкіндігіміз болу үшін, шектеулеріңіз туралы бізге алдын ала хабарлауыңызды сұраймыз.
Жалпы денсаулық жағдайыңыз әуе сапарына мүмкіндік беретініне көз жеткізу үшін алдын ала дәрігермен кеңесуді ұсынамыз.
Денсаулығыңызға жоғары қауіп туатын жағдайда халықаралық ережелерге сәйкес ұшу шектелуі мүмкін екенін ескеріңіз.
Көмек орталығы
Сіз біздің қызметтеріміз туралы пайдалы ақпарат ала отырып, түрлі мәселелер бойынша сұраныстарыңызды Air Astana-ға тікелей жібере аласыз.