Брондау және басқару
Ақпарат
Nomad Club
Көмек

Kazakhstan Flag
KZ
KAZ

Iрі келісім-шарттар

 "Эйр Астана" АҚ 2023 жылдың 13 қазанда өткен акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша International Aero Engines LLC компаниясымен Airbus A320 NEO тобының ұшақтары үшін PW1127G/PW1133G типті 125 (жүз жиырма бес) қозғалтқышқа (оның ішінде 23 ұшақ және 9 қосалқы қозғалтқыш әрбір әуе кемесі пайдалануға енгізілген күннен бастап 8 жыл мерзімге соңғы жеткізіліммен және 35 әуе кемесі әрбір әуе кемесі пайдалануға берілген күннен бастап 12 жыл мерзімге 2028 жылдың мамырына жоспарланған соңғы жеткізіліммен қоса алғанда) ірі мәміле жасасқандығы туралы хабарлайды.

"Эйр Астана" АҚ 2022 жылдың 10 қазанда өткен акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының 2012 жылғы 20 қантардағы шешімімен бекітілген ірі мәмілеге, Boeing компаниясымен шартына әуе кемелердің жеткізуін 2023 жылдан 2028 жылға дейін ауыстыру туралы қосымша келісім жасау арқылы, оның ішінде операциялық лизингге ауыстыру кезінде келісімді бұзу опциясымен, өзгерістер енгізілуі туралы хабарлайды.

"Эйр Астана" АҚ 2022 жылдың 10 қазанда өткен акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша Air Lease Corporation компаниясымен он екі (12) жыл мерзімге 2025-2026 жж. жеткізуімен Boeing 787-9 типті үш (3) әуе кемелерін операциялық лизинг бойынша сатып алу жөнінде ірі мәміле жасасқандығы туралы хабарлайды.

"Эйр Астана" АҚ 2022 жылдың 25 шілдеде өткен Директорлар кеңесінің шешімі бойынша International Aero Engines LLC компаниясымен Airbus А320 NEO жанұясы ұшақтарының PW1127G/PW1133G типті 92 қозғалтқышқа дейін техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді сатып алу үшін әрбір әуе кемесі пайдалануға берілген сәттен бастап 8 жыл мерзімге ірі мәміле жасау бойынша 2020 жылғы 05 наурыздағы шешіміне өзгерістер еңгізу туралы хабарлайды.

Көмек орталығы

Сіз біздің қызметтеріміз туралы пайдалы ақпарат ала отырып, түрлі мәселелер бойынша сұраныстарыңызды Air Astana-ға тікелей жібере аласыз.