Брондау және басқару
Ақпарат
Nomad Club
Көмек

Kazakhstan Flag
KZ
KAZ

KCTV: Air Astana бортындағы ойын-сауық

Марапатқа ие болған ойын-сауық – тек KCTV-де

Орталық және Оңтүстік Азиядағы Ең Үздік Ойын-сауық Жеңімпазы 2022-2024 ие болған сіз үшін арнайы әзірленген ойын-сауық сапарына аттаныңыз. Блокбастер фильмдерден және тартымды телехикаялардан бастап, хит музыка мен мәңгілік Голливуд классиктеріне дейін, KCTV-де бәрі бар. Осы айдың соңғы жаңалықтарын зерттеп, ойын-сауық таңдауларымен әуедегі тәжірибеңізді көтеріңіз.

KCTV Stream

Аirbus A320/A321 бортында фильм мен телебағдарламаны тікелей өз құрылғыңыздан көріңіз. Ол үшін Air Astana мобильдік қосымшасын алдын-ала жүктеп алуды және рейс кезінде «Қызметтер - Ұшақ бортында» бөліміне өтуді ұсынамыз.

Google Play StoreApp Store

KCTV Stream-ге қалай қосылады?

Өз құрылғыңыздан фильм, телесериал, музыка мен басқа да ойын-сауыққа қол жеткізу үшін, Air Astana қосымшасын жүктеңіз. Осылай жеке ойын-сауық жүйесіне қол жеткізесіз.

  

KCTV Stream қолдану үшін, келесі қадамды жасаңыз: 

  1. Жеке құрылғыңызды ұшу режиміне ауыстырыңыз. 
  2. Wi-Fi қосыңыз. 
  3. Air Astana әуекомпаниясының KCTV желісіне қосылыңыз. 
  4. Air Astana қосымшасын ашыңыз («Қызмет – Бортта»). 

MyPRESS

30 астам тілдегі газет пен журналдардың цифрлық нұсқасын оқу арқылы қоршаған ортаны қорғауға өз үлесіңізді қосыңыз. ТОЛЫҒЫРАҚ

Tengri журналы

Tengri – өмір, саяхат пен мәдениет жайлы журналы Орталық Азия мен әлемнің басқа аймағы туралы баяндайды. Назарыңызға – Air Astana арқылы Қазақстан ішінде және өзге елге жоспарлаған саяхатыңызды тәжірибеге толтырар қызық оқиғалар мен мақалалар. ТОЛЫҒЫРАҚ

Борттағы ойын-сауық жүйесіне қол жеткізу құрылғысы

Біз ойын-сауық бағдарламасына қол жеткізудің түрлі жолын ұсынамыз. Контентті салонда монитор, бизнес-класта iPad немесе жеке құрылғыңызға KCTV Stream қосу арқылы таңдауға болады.
Орнатылған мониторлар
Мол ойын-сауық контентінің топтамасын креслода отырып тамашалаңыз.
Бизнес-кластағы IPad
Борттағы ойын-сауық жүйесіне қол жеткізу үшін бизнес-класпен ұшқан жолаушыларға жеке iPad планшеті ұсынылады.
Жеке құрылғыңыздағы KCTV Stream
Фильм, сериал мен музыканы трансляция арқылы жеке құрылғыңыздан тамашалаңыз.

Жас жолаушылар

KCTV көмегімен кішкентай жолаушыларымыз ұшқан уақытын жақсы өткізсе дейміз. Қызықты іспен айналысып, еліктірер контент тамашалаған баланың ұшқан кезі ерекше есте қалар. ТОЛЫҒЫРАҚ

Жиі қойылатын сұрақ

Сұрағыңыз болса, KCTV мен борттағы ойын-сауық жүйесі жайлы қосымша ақпарат алу үшін, «Жиі қойылатын сұрақ» бөлімімен танысыңыз. Ұшу кезінде ойын-сауық әлеміңіз KCTV-мен бірге рақаттаныңыз.
Ойын-сауық жүйесінде қандай фильмдер/музыка / бағдарламалар ұсынылған?

Біздің ойын-сауық жүйемізде әрдайым соңғы кино, музыка және түрлі бағдарламалар бар. Барлық жаңа өнімдер туралы толығырақ KCTV журналынан білуге болады.

Менімен бірге балалар ұшады, олар көре алатын мультфильмдер немесе олар ойнай алатын ойындар бар ма?

Біздің ойын-сауық жүйемізде көптеген жаңа мультфильмдер, сонымен қатар балалар ұшу кезінде ойнай алатын ойындар бар.

Ұшу алдында маған телефонға KCTV Stream бағдарламасын орнату ұсынылды. Бұл қандай бағдарлама?

Біздің компанияның барлық ұшақтарында дербес экрандармен жабдықталмаған, жергілікті желі арқылы жолаушылардың дербес құрылғыларына мультимедиа контентін жоғары жылдамдықты беру жүйесі орнатылған.