Маңызды мәліметтер
Топтық тапсырыс беру: әуе жолы терминологиясына сәйкес, 10 немесе одан көп жолаушыға жасалған кез келген сұраулар топтық орын сұрауы ретінде жіктеледі.
Билет бағасы: таза бағасы + салықтан тұрады.
Топтық таза баға топ көлеміне, бағытына, маусымдығына (маусымның нағыз қызған кезі / маусымның саябырсыған кезі), сапар кезеңіне және қолжетімді орындар санына байланысты болады.
Әуежай мен басқа да ақылар қосымша төленеді.
Қызмет көрсету құны: ақылар туралы қосымша ақпарат алу үшін мына сілтемеге өтіңіз.
Балаларға арналған жеңілдік: балалармен сапар шегетін жағдайда, оларды есепке алу үшін бізге хабарлаңыз. 2 жасқа дейінгі балалар ата-аналарының жанында тегін саяхаттай алады. Егер баланың жеке орны болса, сәйкесінше ақы алынады. Халықаралық саяхаттар үшін 2-11 жастағы (қоса есептегенде) балаларға, сондай-ақ Қазақстан ішіндегі саяхаттар үшін 2-14 жастағы (қоса есептегенде) балаларға жеңілдіктер қарастырылады.
Жүк: топтағы әрбір адамның жеке жүгінің көлемі әуекомпаниясының бекіткен ережелеріне сай анықталады.
Жолжүктің тегін тасымалдау нормаларын жинақтауға тыйым салынады. Жолаушылардың жолжүгі әрбір жолаушыға жеке тіркеледі.
Егер сіз қосымша жүкпен саяхатқа шықсаңыз, ақылар мен шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін мына сілтемеге өтіңіз.
Арнайы көмек немесе арнайы сұраулар: келесі себептерге байланысты арнайы көмек талап етуіңізге болады:
- ауырып қалсаңыз
- қабілеті шектеулі жандар қатарында болсаңыз
- өзіңізбен бірге үй жануары болса
- жүкті болсаңыз
- арнайы көмек қажет болса
Сапар барысында сізге барынша ыңғайлы қызмет көрсетілуі үшін қандай да бір қажеттіліктеріңіз болса, алдын ала Көмек орталығына хабарласыңыз. Толығырақ ақпаратты төмендегі сілтемеден таба аласыз.
Шарттар мен талаптар: тобыңыздың тарифы жарияланған жағдайда және растама туралы хат алынған сәтте, біз сіздің тобыңызға арналған шарттар мен талаптар қамтылған хатты жібереміз.
Air Astana барлық жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында балалар топтарын тасымалдауға қатысты келесі саясатты қатаң түрде ұстанады:
- Әрбір ересек адамға 14 жасөспірімді ертіп жүруге рұқсат етіледі.
- 30 балаға дейінгі топқа кемінде бір ересек адам болуы тиіс.
- 60 баладан асатын топтар үшін әр 14 балаға бір ересек адам болуы міндетті.
- Балаларға арналған чартерлік рейстерде де 1:14 ересек адам мен жасөспірім қатынасын сақтау қажет.
Сіздердің топтық брондауларыңыз осы талаптарға толық сәйкес болуын сұраймыз. Бұл барлық борттағы жолаушылар үшін қауіпсіз және үздіксіз саяхат жасауға мүмкіндік береді.
Көмек орталығы
Сіз біздің қызметтеріміз туралы пайдалы ақпарат ала отырып, түрлі мәселелер бойынша сұраныстарыңызды Air Astana-ға тікелей жібере аласыз.