Брондау және басқару
Ақпарат
Nomad Club
Көмек

Kazakhstan Flag
KZ
KAZ

Жедел байланыс желісі

Эйр Астана тобы адал ниеттілік, ашықтық және адалдық принциптерін ұстанатын корпоративті мәдениетті сақтауға ерекше көніл бөледі.


Этикалық қағидаттарға адалдығын нығайта отырып, біз барлық қызметкерлерге бұзушылықтар туралы хабарлау арналарының бар екендігін еске салғымыз келеді. Бұл арналар заңнама мен/немесе Мінез-құлық кодексінің бұзушылықтарын, соның ішінде алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, этикаға қайшы әрекеттер және «Эйр Астана» АҚ мен «FlyArystan» АҚ әуе компанияларының қызметіне қатысты басқа да заң бұзушылықтарды уақытылы анықтау мен алдын алу үшін құрылған.


Бастамашылық ақпарат беру саясатына сәйкес Сіз осындай бұзушылықтар туралы хабарды келесі байланыс арналары арқылы бере аласыз:


Жедел байланыс желісі «Эйр Астана» тобының қызметкерлеріне де, сондай-ақ «Эйр Астана» АҚ-мен «FlyArystan» АҚ-мен өзара әрекеттесетін үшінші тұлғаларға (клиенттер, серіктестер және басқа да мүдделі тұлғалар) да қолжетімді.


Құпиялылық пен анонимділікті қамтамасыз ету үшін барлық келіп түскен хабарламалар сыртқы тәуелсіз Оператормен қабылданады және өңделеді. 


Егер Cіз хабарлама жіберу кезінде өз деректеріңізді жария етпегіңіз келсе, хабарламаңызды анонимді түрде жібере аласыз. Алайда, Cіздің өтінішіңізді барынша тиімді және жедел қарастыру үшін байланыс деректеріңізді ұсыну ұсынылады. Бұл ақпарат сыртқы тәуелсіз Оператор арқылы өңделіп, Сіздің келісіміңіз негізінде және Қазақстан Республикасының «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Заңының талаптарына сәйкес Комплаенс қызметі өкілдеріне беріледі.


Ынтымақтастық пен көмегініз үшін алғыс білдіреміз!


ЕСКЕРТПЕ:

  • Жедел байланыс желісі тек заңдарды және/немесе тәртіп ережелерін бұзушылықтар туралы, сонымен қатар алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, этикалық емес мінез-құлық және басқа да бұзушылықтарға қатысты істерді туралы хабарлама алуға арналған.
  • Сіздің сапарыңызға байланысты брондау/өзгерту/қайтару, арнайы және басқа сұраулар туралы сұрақтарды Брондау және ақпарат орталығына жіберу керек.
  • Жүк тасымалы сатылымына қатысты сұрақтар бойынша сіз орналасқан жердегі тиісті сату кеңселеріне хабарласу керек.
  • Егер Сізде Nomad Club бағдарламасының жұмысы туралы немесе компанияның қызметі туралы шағымдар/пікірлер туындаса, оларды «Air Astana» АҚ мен «FlyArystan» АҚ корпоративті ресми сайтында көрсетілген мекен-жайға жіберуге болады.
  • Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, тендерлік комиссияның, сараптама комиссиясының, сарапшының, электрондық сатып алу ақпараттық жүйесі операторының іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды zakupki@airastana.com электрондық поштасына жіберуге болады.


Маңызды! Жедел байланыс желісі қызметкерлер мен контрагенттерге қысым жасау үшін қолданылмауы керек және/немесе оларды белгілі бір әрекеттерді жасаудан/бас тартуға мәжбүр етпеуі керек және жеке ішкі істерді шешу құралы ретінде қарастырылмауы керек.