Топтық тапсырыс жасау процедурасы мен уақыт шектеулері
Мына сілтемеге өту арқылы топ ақысын есептеу үшін форманы толтырыңыз одан кейін сіз арнайы сандық бірегей нөмірі бар растаманы аласыз; оны есте сақтап алғаныңыз жөн және әрдайым топтық тапсырыс жасау кезінде және билет алғанға дейін келісімшарт дайындау кезінде пайдаланыңыз. Бұл нөмір уақытыңызды үнемдей отырып және бүкіл процесті тиімді ете отырып, сұрауыңызды оңай анықтауға көмектеседі.
Сұрауыңыз топтық тапсырыс беру бөлімі тарапынан орындалады және ақы туралы ақпараттар мен талаптар электрондық поштаңызға жіберіледі.
Ұсынылған талаптармен келісетін немесе келісім жүргізгіңіз келетін жағдайда бізге хабарлаңыз.
Растамаңызға сәйкес, келісімшарт топтық тапсырыс беру бөлімі тарапынан даярланады және электрондық поштаңызға жіберіледі. Оны мұқият қарап шығып, сіздің тарапыңыздан толтырылған және қол қойылған, келісімшарттың сканерленген көшірмесін жіберіңіз.
Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін белгіленген уақыт аралығында тапсырыс жасалған орындар беріледі.
Әуекомпаниясының өкілетті агенті билет сатып алу процедуралары мен төлем туралы мәліметтерді айқындау үшін сізбен байланысады.
Көмек орталығы
Сіз біздің қызметтеріміз туралы пайдалы ақпарат ала отырып, түрлі мәселелер бойынша сұраныстарыңызды Air Astana-ға тікелей жібере аласыз.