Тарифтер және тариф шарттары
Сіздің саяхаттарыңызға арналған тарифтердің түрлері

Air Astana тасымалдауды ұсынған кезде көптеген тариф түрлерін қолданады. Әр тариф түрі үшін өз қолдану шарттары белгіленген. Билетті сатып алу кезінде қалаған тарифіңіздің шарттарымен танысқаныңыз абзал. Air Astana әуекомпаниясы тарифтердің қолдану шарттарына алдын ала ескертусіз өзгерістер енгізуге құқылы.


Сапарыңыздың бағытын құру кезінде әр ұшу сегменттерінде түрлі тариф пайдаланылған болса, қайта брондаған кезде әр өзгертілетін сегментке қолданылатын айыппұл мөлшері сол сегментте белгіленген тариф ережелеріне сәйкес болады. Мүлде пайдаланылмаған немесе бір бөлігі пайдаланылған әуе билетін қайтарғанда, бағытта көрсетілген әр тариф түрі бойынша белгіленген айыппұл сомасы алынады.


Әуебилетте көрсетілген ұшып шығу уақытына дейін брондалған орындардан бас тартқан жағдайда, брондауды жоюмен қоса, билетті қайта брондау немесе қайтару қажет. Егер билетті қайта брондау/қайтару, рейске тіркелу жабылғаннан кейін іске асырылған жағдайда, тарифті қолдану ережелерінде көрсетілген рейске келмеген үшін (NO-SHOW) төленетін қосымша айыппұл алынады және бұл шарт, орындар күштерін жойған немесе жоймағанына қарамастан, іске асырылады.

Маңызды ақпарат
Сату кеңселерінде ақша қаражатын қайтару жолаушының немесе әуе билетін төлеген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсеткен кезде жүзеге асырылады;
Қайта брондау үшін алынатын айыппұл қайтарылмайды;
Әріптес әуекомпаниялар жүзеге асыратын кодшер рейстер үшін тегін жол жүк нормасы өзгеше болуы мүмкін. Рейсті жүзеге асыратын тасымалдаушының веб-сайтындағы ақпаратты тексеруге кеңес береміз (жолжүк туралы бөлімі) немесе біздің байланыс орталығына хабарласуыңызға болады;
Көптеген науқандық тарифтердің жарамдылық мерзімі - 1 ай. Егер сіз осындай науқандық бағасымен сатып алынған билетті ұшып кету күнінен бастап 1 айдан асатын күндерге қайта брондау туралы шешім қабылдасаңыз, сатып алынған тариф пен қалаған күндер үшін қол жетімді жаңа тариф арасындағы айырмашылықты қосымша төлеуге керек болады;
MyCHOICE Эконом- немесе бизнес-кластағы саяхат үшін бағасы ең тиімді тарифті таңдаңыз.
Тарифтер тізіміҚосымша ақпарат алу үшін тарифті таңдаңыз.
Көмек орталығы

Сіз біздің қызметтеріміз туралы пайдалы ақпарат ала отырып, түрлі мәселелер бойынша сұраныстарыңызды Air Astana-ға тікелей жібере аласыз.