Брондау және басқару
Ақпарат
Nomad Club
Көмек

Kazakhstan Flag
KZ
KAZ

Болашақ аналарға арналған ақпарат

Жүктілік кезіндегі саяхат

Сіздің және балаңыздың қауіпсіздігі - біздің басты басымдықтарымыз. Брондау алдында біз барлық болашақ аналарға дәрігермен кеңесіп, жүктілік мерзіміне байланысты қажетті медициналық анықтамалар туралы біздің ұсыныстарымызбен танысуға кеңес береміз. Болашақ аналар тіркелу бағанасына мүмкіндігінше ертерек, рейске тіркеу басталған кезде келуі керек екенін ескеріңіз.

Жүктілік мерзімі 22 аптаға дейінгі болашақ аналар дәрігердің анықтамасынсыз ұша алады. 


Жүктілік мерзімі 22-ден 34 аптаға дейін (бір нәрестелі жүктілік үшін) және 22-ден 32 аптаға дейін (көп нәрестелі жүктілік үшін) әйелдер жүктілік мерзімін және денсаулығының жарамдылығын растайтын ресми медициналық мекемеден алынған анықтама ұсынылған жағдайда ғана ұшуға жіберіледі. 


Халықаралық бағыттарда медициналық анықтаманың шет тілінде аудармасы болуы тиіс. Құжаттың жарамдылық уақыты - 30 күн. 

Жүктілік мерзімі 34 аптадан (бір нәрестелі жүктілік) немесе 32 аптадан (көп нәрестелі жүктілік) асатын болашақ аналар дәрігерлік-консультациялық комиссиясының немесе баламалы медициналық комиссияның мақұлдауын талап етеді. 


Медициналық қорытынды № 026/у нысаны бойынша немесе құзыретті дәрігерлік комиссия берген анықтамада рәсімделуі тиіс. Бұл қорытындыда денсаулық жағдайы толық көрсетілуі керек және оны медициналық мекеме ұшудан 30 күннен ерте бермеуі қажет. 


Шетелдік әуежайлардан ұшу кезінде анықтама ұшу елінде қолданылатын шет тіліне аударылуы керек.  

Егер жүктілік кезінде асқынулар болса, әуе көлігімен сапар шегу алдында дәрігермен кеңесу керек. 


Air Astana әуекомпаниясы жүкті әйелге, медициналық анықтама болған жағдайда да, егер босану уақыты келесі 7 күнтізбелік күн ішінде күтілсе, тасымалдаудан бас тарту құқығына ие. Аналар мен жаңа туған нәрестелер бала туылғаннан кейінгі алғашқы 7 күнтізбелік күн ішінде ұшуға жіберілмейді. Болашақ ананың денсаулығы оның және әуе сапарына рұқсат беретін дәрігердің бірлескен жауапкершілігі болып табылады. 


Air Astana әуекомпаниясы белгіленген елдің көші-қон заңнамасының талаптарына сәйкес жүкті әйелді тасымалдаудан бас тартуы мүмкін. 

Көмек орталығы

Сіз біздің қызметтеріміз туралы пайдалы ақпарат ала отырып, түрлі мәселелер бойынша сұраныстарыңызды Air Astana-ға тікелей жібере аласыз.