Жатын эконом
Ұзақ сапарда анағұрлым жайлы әрі оңаша болу
Біздің ұзақ қашықтыққа ұшатын рейстерімізде жайлылық пен жеке кеңістік қамтамасыз ету үшін сізге жатын эконом-класс қызметін ұсынамыз. Үш орыннан тұратын арнайы қатар (мысалы, 14ABC) тек сіздің жайлылығыңыз үшін беріледі: сіздің отырғызу талоныңызда 14B орны көрсетіледі, ал көрші екі орын сіздің жеке пайдалануыңыз үшін бұғатталады. Бұл қызмет эконом-кластың алдыңғы бөлігінде қолжетімді.
Астана – Франкфурт
Алматы – Лондон
Алматы – Бейжің
Астана – Бейжің
Жатын эконом-класс қызметінің қолжетімді мерзімдері
Астана – Франкфурт: 2025 жылғы 13 қараша – 2026 жылғы 1 қаңтар, 2026 жылғы 20 қаңтар – 28 наурыз
Франкфурт – Астана: 2025 жылғы 20 қазан – 16 желтоқсан, 2025 жылғы 28 желтоқсан – 2026 жылғы 28 наурыз
Алматы – Лондон: 2025 жылғы 3 қазан – 2025 жылғы 31 желтоқсан, 2026 жылғы 23 қаңтар – 27 наурыз
Лондон – Алматы: 2025 жылғы 3 қазан – 30 қараша, 2026 жылғы 1 қаңтар – 27 наурыз
Жатын экономның артықшылығы
Үйдегі диван сияқты креслоны және төсеніші, мамық жамылғысы мен жастығы бар арнайы жиынтықты пайдаланып, өте жақсы демалып қаласыз, және осының барлығы эконом-кластың толық тарифінен сәл жоғары тұрады. Ұшу кезінде барынша рақаттануға мүмкіндік беретін өзге де артықшылық бар:
Әуежайдағы қызмет
Алматы, Астана, Франкфурт және Лондон әуежайларында сізге басымдық беріледі. Тіркеу кезегінде уақыт жоғалтпай, премиум бизнес-лаунждарға эксклюзивті қолжетімділікпен жайлылықтың үлгісін сезінесіз.
Қосымша жолжүк
Кеңейтілген багаж жүктемемізді пайдаланыңыз, сізге қосымша 2 багаж бөлігін алып жүру мүмкіндігін сыйлаймыз. Әрбір багаждың салмағы 23 кг-ға дейін бола алады, бұл сізге дәстүрлі стандарттан әлдеқайда артық мүмкіндік береді.
Премиум-кластағы жайлылық
KCTV көмегімен ұшу барысында соңғы фильмдерді тамашалап, жеке ойын-сауық жүйесінен ләззат алыңыз және бизнес-кластың жол жиынтығын иеленіңіз.
Анағұрлым икемді
Саяхатыңыз үшін толық өзгертуге және қайтаруға болатын билеттің икемділігін пайдаланыңыз.
Қалай брондауға болады?
Economy Sleeper билетін брондау үшін, бұл мүмкіндікке қол жеткізуге болатын сайтымызға өтіңіз не рейсті брондағанда мобильдік қосымшамызды пайдаланыңыз. Рейс қараған кезде салонда ұсынылатын нұсқалар мен тарифтер ішінен Economy Sleeper-ді таңдаңыз, сосын бірінші қатардан орын таңдаңыз, сол кезде жаныңыздағы екі орын қалаған орныңызбен бірге бұғатталады.
Борттағы ойын-сауық
Ұшу барысындағы ойын-сауық жүйеміз ұшақ бортындағы уақытыңызды қызыққа толтырады. Алуан тілдегі фильм, бағдарлама, ойын мен музыканы таңдаңыз. Мұнымен қатар жергілікті және шетелдік баспасөздің цифрлық форматтағы мол түрі MyPRESS платформамыз арқылы қолжетімді.

Эксклюзивті жол жиынтығы
Moschino және TEMPLESPA-мен бірге біз бизнес-класс жолаушыларына арналған экологиялық жиынтықтарды ұсынамыз. Ішінде TEMPLESPA косметикасы, тарақ, қалам, тырнақ пилочкасы, көз маскасы және қайта өңделген материалдардан жасалған шұлықтар бар.