Брондау және басқару
Ақпарат
Nomad Club
Көмек

Kazakhstan Flag
KZ
KAZ

Эконом-класс

Әр жолаушыға ыңғайлы әрі жайлы

Бірінші кезекте, қызмет көрсету
Эконом-кластағы сапар шектеусіз қолжетімдігімен ғана емес, сондай-ақ жайлы ұшуды қамтамасыз етуімен ерекше. Сапалы қызмет пен қолайлы жағдай жасауға ерекше мән бере отырып, біз ұшқан уақытыңыз жағымды өткенін және есте қалғанын ойластырамыз. Кең креслодан ұшу кезіндегі әртүрлі ойын-сауыққа дейін – салонымыз бен эконом-класс қызметі саяхат барысындағы сұранысыңызды қамтуды көздейді.

Сергітер ас пен сусын

Сізге барлық рейсімізде балғын да пайдалы ингредиенттен пісірілген дәмтатым, сэндвич немесе негізгі тағам, сондай-ақ бортта қалауыңызға ыстық, салқын және алкоголь сияқты түрлі сусын ұсынылады. Анағұрлым ұзақ рейсте диеталық қажетіңізге сай арнайы тамаққа тапсырыс бере аласыз.

Эконом-кластың ерекшелігі

Сүйікті орныңызды таңдаңыз да, жамылғы мен ауқымды кеңістікті пайдаланып ыңғайлы жайғасыңыз. Біздің барлық кресло эргономикалық тұрғыда құралғандықтан, қысқа не ұзақ уақытқа ұшқанда барынша арқаны кеңге салуға және жайбарақат рақаттануға мүмкіндік береді. Құрылғыңызды қуаттағыңыз келсе, жеке USB ағытпаны немесе креслодағы ортақ электр қуатын пайдаланыңыз.
Орын таңдау мүмкіндігі

Аяқты созып отыратын кеңістік немесе ұшақтан алғашқылардың бірі болып шығуды қаласаңыз, MySEAT қызметін таңдаңыз.  

Ұшу кезіндегі ойын-сауық

Фильм, телебағдарлама, ойын, музыка мен MyPRESS электрондық баспасөзін қоса ойын-сауықтың мол түрі сапарыңызды жағымды етеді.  

Жайлы кресло

Ұшақтағы аяқ қоятын кеңістік пен шалқаятын жайлы кресломызбен, сондай-ақ қозғалмалы басжастаңғы және шынтақшамен ыңғайлы отырып рақаттаныңыз.  

Бизнес-класты сезіну

Біздің Economy Sleeper ұсынатын бизнес-кластағыдай жол жиынтық пен тамақтануды пайдаланып, үш орындық бір қатарды толық өзіңіз иеленіңіз де саяхатыңызды жақсартыңыз.  

Таңдалған бағытқа байланысты мәзір әртүрлі болуы мүмкін.

Жас жолаушылар

Біз балаларды қуана қарсы алып, ұшу барысында кішкентай саяхатшыларымызға ойын-сауық бағдарламасының көмегімен шаттық сыйлап, көңілдерін көтереміз.

Жол жиынтығы

Халықаралық рейстерде біздің эконом-кластың жол жиынтығын – табиғи материалдан әзірленген жаңа топтаманы қолдана аласыз.

Жауапкершіліктен бас тарту: Air Astana әуе компаниясы A320, A321 және B767 ұшақтарының ерте және кеш модельдерінен тұратын аралас флотты пайдаланады. Рейстердегі өнімдер, қызметтер және сипаттамалар маршрутқа және ұшақтың конфигурациясына байланысты өзгеруі мүмкін. Операциялық талаптар да тұрақты рейстерде қолданылатын ұшаққа соңғы минутта өзгерістер енгізуге әкелуі мүмкін. Біздің өнімдеріміз немесе арнайы талаптар туралы сұрақтарыңыз болса, рейсті брондаудан бұрын бізбен хабарласыңыз.