Электрондық ваучер
Электрондық ваучер
Ортақ шарты:
Электрондық ваучерді Air Astana қызметкерлері ұшуға дейін, ұшу кезінде немесе одан кейін өтемақы ретінде береді. Осы ваучерді ала отырып жолаушы/клиент Air Astana әуекомпаниясынан осы сұраныс бойынша арыздан , сонымен қатар қосымша өтемақы талап ету құқынан бас тартады.
Оны электрондық поштаңызға немесе ұялы телефон нөміріңізге жібереміз.
Кезекті билетіңізді airastana.com сайтынын сатып алған кезде ғана пайдалана аласыз. Төлем кезінде «Ваучерді пайдалану» тармағын таңдап, ваучер және құжат нөмерлерін толтыру керек. Келесі қадамда тек «Банк картасымен төлеу» тәсілін пайдаланып, картаңыздың мәліметтерін енгізіңіз. Бір брондау үшін тек бір ваучерді пайдалануға болатынын ескеріңіз.
Сонымен қатар, билетпен бірге бір уақытта қосымша қызметтерді де сатып алуыңызға болады.
Электрондық ваучерді пайдалана отырып сатып алынған билетті қайтаруға және қайта брондауға тарифті қолдану ережелеріне сәйкес рұқсат етіледі. Электрондық ваучер қайтаруға жатпайды.
Иә, барлық жолаушыларға бір транзакция, бір брондау кезінде ақы төленген жағдайда.
Егер билет құны ваучердің номиналды құнынан асып кетсе, қалған соманы төлеу қажет болады. Егер билет бағасы ваучер сомасынан төмен болса, айырмашылық қайтарылмайды.
Ваучер берілген жеріне байланысты теңгеде, АҚШ долларында немесе жергілікті валютада берілуі мүмкін.
Ваучер сомасы Air Astana-ның бас брондау жүйесінің қазіргі айырбас бағамына сәйкес автоматты түрде билет валютасына аударылады.
Жоқ, ваучерді қайтаруға немесе ақшаға айырбастауға болмайды.
Ваучер тек Air Astana әуекомпаниясының рейстеріне брондауға жарамды.
Көмек орталығы
Сіз біздің қызметтеріміз туралы пайдалы ақпарат ала отырып, түрлі мәселелер бойынша сұраныстарыңызды Air Astana-ға тікелей жібере аласыз.