Эйр Астана логотипі
Брондау және басқару
Ақпарат
Nomad Club
Көмек

Kazakhstan Flag
KZ
KAZ

Air Astana-ның Алматыдағы ішкі рейстерге тіркеу рәсіміндегі өзгерістер

2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап Алматы әуежайындағы Air Astana-ның ішкі және халықаралық рейстеріне тіркеу тек Т2 терминалында жүргізіледі. Бұл өзгерістер ішкі рейстер терминалы (Т1) ғимаратындағы қайта құру жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр және жөндеу аяқталғанға дейін жалғасады.



Ішкі рейстерге тіркеу Т2 терминалындағы 14–25 тіркеу орындарында жүргізіледі. Тіркеуден кейін жолаушылар алдын ала тексеруден өту және ұшаққа отыру үшін Т1 терминалына баруы керек. Онлайн тіркеуден өткен жолаушылардың жүктері Т2 терминалындағы 14–15 орындарда (baggage drop-off) қабылданады. Онлайн тіркеуден өткен жүксіз жолаушылар тікелей Т1 терминалына барып, тексеруден өтіп, ұшаққа өте алады.



Онлайн тіркеу Air Astana-ның ресми сайтында және мобильді қосымшасында қолжетімді. Ішкі рейстерге онлайн тіркеу ұшуға 36 сағат қалғанда ашылып, 60 минут қалғанда жабылады. Сонымен қатар, Т2 терминалында өзін-өзі тіркеу киосктері орнатылған. Air Astana жолаушыларға тіркеу уақыты мен терминалдар арасындағы өту уақытын ескеріп, әуежайға алдын ала келуді ұсынады.



Халықаралық рейстерге тіркеу тәртібі өзгеріссіз.



Air Astana Алматы халықаралық әуежайымен бірлесіп, терминалдағы қайта құру жұмыстары кезеңінде жолаушыларға қолайлы және сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Air Astana қосымшасын орнатыңыз

Онлайн тіркеу тәжірибеңізді біздің ыңғайлы мобильді қосымшамызбен жақсартыңыз. QR кодты сканерлеңіз немесе қосымша дүкеніне кіріп, Air Astana қосымшасын жүктеп алыңыз.

Google Play StoreApp Store
Көмек орталығы

Сіз біздің қызметтеріміз туралы пайдалы ақпарат ала отырып, түрлі мәселелер бойынша сұраныстарыңызды Air Astana-ға тікелей жібере аласыз.