Брондау және басқару
Ақпарат
Nomad Club
Көмек

Kazakhstan Flag
KZ
KAZ

Билет алу үшін комиссиялық алымдар

Біздің билет сату кеңселеріміз бен брондау және ақпарат орталығымыз немесе WhatsApp онлайн-кеңесшіміз арқылы билет брондау кезінде, алым сомасы ұшу бағыты мен брондау класына негізделеді.


Халықаралық рейстерде 11 жасқа дейін (қоса алғанда), ал ішкі рейстерде 14 жасқа дейін (қоса алғанда) балаларға билеттері үшін белгіленген комиссиялық алым 50% мөлшерінде төленеді.


Саяхатыңыз эконом-класс пен бизнес-кластың тіркесімі болып табылған жағдайда, сіз бизнес-класқа қатысты комиссиялық алым төлейсіз. Бішкек - Алматы бағыты бойынша рейсі кез келген басқа халықаралық рейсімен тіркескенде, сіз осы халықаралық рейс үшін комиссиялық алым төлейсіз.


Комиссиялық алымдар тек түпнұсқалық билет берілген кезде төленеді. Брондауды өзгерту немесе билетті қайта тапсыру қажет болған жағдайда, ешқандай қосымша комиссиялық алым алынбайды. Комиссиялық алымдар қайтарылмайды.



Ішкі рейстер:


Ұшу ұзақтығыЭконом-классБизнес-класс
Барлық рейстер850 KZT1700 KZT



Халықаралық рейстер:


Ұшу ұзақтығыЭконом-классБизнес-класс
Ұзақ рейстер (5 сағаттан астам)8000 KZT16000 KZT
Ұзақтығы орташа рейстер (3-5 сағат)5000 KZT9000 KZT
Қысқа рейстер (3 сағатқа дейін)2000 KZT8000 KZT



Біздің ресми сайтымыз арқылы билет сатып алған жағдайда комиссиялық алымды төлеуіңіз қажет. Комиccиялық алымының мөлшері бағытқа байланысты болады (халықаралық бағыт немесе ішкі бағыт).


Air Astana мобильді қосымшасы арқылы билет сатып алған жағдайда комиссия ұсталмайды.


Туристік агенттіктер талап ететін комиссиялық алымдар Air Astana компаниясы талап ететін алымдардан өзгеше болуы мүмкін.



Ұшу ұзақтығыЭконом-классБизнес-класс
Барлық рейстер300 KZT950 KZT


Көмек орталығы

Сіз біздің қызметтеріміз туралы пайдалы ақпарат ала отырып, түрлі мәселелер бойынша сұраныстарыңызды Air Astana-ға тікелей жібере аласыз.