Тіркелген жолжүк
Төменде әртүрлі саяхат кластары үшін тіркелген жолжүкті тасымалдау нормалары және жолжүгіңізді тиімді басқару бойынша ұсынымдар келтірілген.
Тіркелген жолжүкті тасымалдау нормасы
Жолжүк өлшемі (ұзындығы+ені+биіктігі) 158 см-ден аспауы керек. Егер сіздің жолжүгіңіз осы нормадан асып кетсе немесе арнайы жолжүкке жатса (cпорт жабдықтары, қару, тірі жануарлар) сіз алдын ала растау алып, жарияланған тарифтерге сәйкес қажетті төлемді жасауыңыз керек.

Бизнес-класс

Жатын эконом-класс

Эконом-класс
Қазақстандық заңнамаға сәйкес әрбір жолжүк данасының салмағы 32 кг-нан аспауы қажет. Осы себепте жолжүктің салмағын азайту мақсатында заттарды басқа сөмкелерге салуға кеңес береміз. 32 кг-нан асатын жолжүкті карго қызметі арқылы тасымалдауды қарастырыңыз.
Жолжүкті өз бетінше тапсыру
Cіздің саяхатыңыз ыңғайлы болу үшін жолжүгіңізді ішкі рейстер үшін 2 cағат бұрын, халықаралық рейстер үшін 3 cағат бұрын өз бетінше тапсыру қызметін енгіздік. Егер Сіз онлайн немесе мобильдік қосымша арқылы рейске тіркелсеңіз және отырғызу талоныңызды бастырып шығарсаңыз, тікелей жолжүкті тапсыру cтойкасына барыңыз. Біздің әріптестіріміз жолжүгіңізге бирка тағуға және тапсыруға көмек көрсетеді.
Қосымша төлемдер мен кешігулерді болдырмау үшін жолжүгіңізді әуекомпанияның салмақ пен өлшем ережелеріне сәйкес екеніне қол жеткізіңіз.
Егер жолжүкке қатынасты арнайы талаптарыңыз болса, мысалы cынғыш заттар немесе спорт жабдықтары, біздің қызметкерлерімізге жолжүк тапсыру кезінде хабарлаңыз. Cізге көмек көрсетуге тырысамыз.
Пайдалы сілтемелер
Nomad Club бағдарламасына қатысушыларға арналған артықшылықтар
Егер сіз Nomad Club-тың гауһар, алтын немесе күміс деңгейіндегі мүшесі болсаңыз, жолжүкті алып жүрудің қосымша нормасын пайдаланыңыз.
Ұшуға дейінгі жолжүкті басқару
Жолжүк тасымалдау нормалары және қосымша жолжүк үшін алымдар туралы ақпаратты «Брондауды басқару» бөлімінен қараңыз.
Қолжүк нормасы
Қолжүгін тасымалдау туралы қосымша ақпарат және рейсіңізге қатысты ережелер.
Брондау және басқару
Сапарыңызды оңай жоспарлап, брондауды толық бақылаңыз. Рейс туралы маңызды ақпаратты қарап шығып, сапарыңызды оңай ұйымдастырыңыз.Қатысты тақырыптар
Біздің жолжүк қызметтеріміз бен тасымалдау ережелері туралы толығырақ.
Жүк тасымалы

Қосымша жолжүк

Арнайы жолжүк
