Жануарларды тасымалдау
Air Astana әуекомпаниясы жолаушылардың үй жануарларын ұшақ бортында тасымалдау мүмкіндігінің болуының қаншалықты маңызды екендігін жете түсінеді. Жайлы саяхат үшін жануарларға қажетті барлық құжаттардың бар екеніне көз жеткізіңіз.
Үй жануарлары мен басқа жануарларды тасымалдау
Тасымалдау түрлері мен құны жануардың түріне, салмағына және көлеміне, сондай-ақ әртүрлі елдерде қолданылатын ережелерге байланысты. Сіз үй жануарыңызды жолаушылар салонында немесе ұшақтың жүк бөлімінде тасымалдай аласыз. Біз, сондай-ақ жануарлардың әралуан түрлерін әуе арқылы тасымалдау қызметтерін ұсынамыз. Төмендегі батырманы басу арқылы үй жануарларын тасымалдау ақысы туралы ақпаратпен таныса аласыз. Тиісті тарифтер туралы ақпарат алу үшін ұшып шығатын қаланы, межелі жерді және үй жануарыңыздың салмағын көрсетіңіз.
Air Astana әуекомпаниясының бортында тасымалдауды ұйымдастыру үшін бұл туралы өз туристтің агентіңізге хабарлаңыз немесе ұшудан кемінде 24 сағат бұрын Көмек орталығы арқылы сұрау жіберіңіз. Ұшақ салонында да, жүк бөлімінде де жануарды тасымалдау ақысы рейске тіркелу кезінде төленеді.
Қосымша жолжүк және жануарларды тасымалдау құнын тексеру үшін төменгі тізімнен ұшу қаласын таңдаңыз
Сіз тарифтермен, сондай-ақ сіз ұшып шығатын және баратын жеріңізге байланысты артық жолжүктің және жануарлар контейнерлерінің рұқсат етілген максималды салмағы мен өлшемдерімен таныса аласыз.Үй жануарлары мен басқа жануарлармен тасымалдау ережелері
Ұшақ салонында тасымалданатын жануарлар үшін максималды салмақ – контейнер салмағын қосқанда, 8 кг-ды (17 фунт) құрайды. Тасымалдауыш контейнер алдыңыздағы орындықтың астына сыятындай көлемде болуы керек. Тасымалдауыштың ең үлкен өлшемдері (ұзындығы, ені, биіктігі) Airbus және Boeing ұшақтары үшін 30 x 47 x 27 см.
Қажетті құжаттар:
- Ветеринариялық төлқұжат
- Ветеринариялық куәлік
- Жануарды сәйкестендіруге арналған микрочип немесе татуировка
Жануарды тасымалдау үшін пайдаланылатын үй жануарларын тасымалдауыш белгілі бір талаптарға сай болуы керек. Ол берік болуы керек, оның желдетуге және тамақ беруге арналған тиісті тесіктері, сондай-ақ су өткізбейтін негізі болуы керек. Егер үй жануарларын тасымалдауыштың дөңгелектері болса, ұшу кезінде оларды алып тастау немесе бекітіп қою керек. Бұдан өзге, оның ішінде жануардың ыңғайлы тұрып, жатуы үшін жеткілікті орын болуы керек. Борт үстінде тасымалдауышты ашуға, жануарды тамақтандыруға немесе қолға алуға тыйым салынатынына назар аударыңыз. Кішкентай иттер мен мысықтарды тасымалдауға жануарларды тасымалдауға арналған арнайы жұмсақ контейнерді пайдалану ұсынылады. Жануарларға арналған мұндай арнайы жол сөмкелерін зоодүкендерден сатып алуға болады. Жануарларды жолаушылар салонында тасымалдауға арналмаған қарапайым жұмсақ сөмкелерді пайдалануға болмайды. Бір жолаушыға жасы алты айға дейінгі ұялас үш жануарға дейін тасымалдауға рұқсат етіледі.
Қосымша ескертпелер:
- Қазақстан аумағында тасымалдауға рұқсат етілген күшіктердің жасы 8 аптадан басталады. Қысым айырмасына байланысты ұшу кезінде боксер, бульдог және пекинес тұқымды иттердің тыныс алуы қиындауы мүмкін екенін білген маңызды.
- Құрлық ұлулары, атап айтқанда ахатиналар ұшақ салонында арнайы рұқсатсыз және төлемсіз тасымалданады. Контейнер мықтап жабылуы керек.
- Егер сіз тасбақаны тасымалдағыңыз келсе, тасбақаның жұқтырылмағанын және ауру тасығыш емес екенін растайтын ветеринариялық анықтаманы ұсынуыңыз керек. Бұдан өзге, елге/елден ұшқан кезде тасбақаның құнды жануар емес екені және Қызыл кітапқа енгізілмегені туралы Зоология институтының анықтамасы болуы керек.
- Аквариум балықтарын, құстарды және кеміргіштерді ұшақ салонында да, тексерілген жолжүк ретінде де тасымалдауға болмайды. Әуе кемесінің жүк бөлімдерінде құстарды, балықтарды және кеміргіштерді тасымалдауға рұқсат етіледі. Тасымалдау үшін cargo@airastana.com мекен-жайына жүгіну қажет.
- Аквариум балықтары тек жүк (карго) ретінде арнайы жабылған қапшықтарда тасымалданады, оттегімен сорылады (үй жануарлары дүкенінде) және берік қорапқа салынады. Тасымалдау үшін cargo@airastana.com жүк тасымалдау бөліміне хабарласыңыз.
Егер сіз үй жануарларыңызды жолаушыларды тіркеу үстеліне алдын ала келісусіз және тасымалдауды брондаусыз әкелсеңіз, олар тасымалдауға қабылданбайтынын ескеру маңызды.
Әуекомпания жануарлардың дене жарақаты, жоғалуы, жеткізілуінің кешігуі, ауруы немесе өлімі үшін жауап бермейді. Сондай-ақ, әуекомпания оларды тасымалдауға тиым салынған жағдайда да жауапты болмайды.
Жүк бөлімінде тасымалданатын жануарлар арналған торда жануардың тұруына, қимылдауына және еркін жатуына мүмкіндік беретін жеткілікті орын болуы керек. үк бөлімінде тасымалданатын жануарлардың максималды салмағы – контейнер салмағын қосқанда, 50 кг-ды құрайды. Салмағы бұл шектеуден асатын жануарлар жүк ретінде, авиациялық жүк қағазын рәсімдей отырып, қабылданады. Салмағы 40 кг-нан асатын жануарларды берік ағаш контейнерлерде тасымалдау қажет.
Тасымалданатын жануарлардың жасы кемінде 3 ай болуы керек.
Бір контейнерде бірге тіршілік етуге үйренген, мөлшерлері бірдей болатын екі жануарды алып жүруге болады, әр жануардың салмағы 14 кг-нан артық болмауы тиіс. 14 кг-нан асатын жануарлар жеке контейнерлерге орналастырылады. Бір контейнерде жасы алты айдан аспайтын ұялас үш жануардан артық тасымалдауға болмайды.
Қосымша ескертпелер:
- Егер сұрақтар туындаса, Көмек Орталығы арқылы хабарласыңыз.
Қауіпсіздік талаптарына сәйкес, бизнес-класс салонында жануарларды орналастыру тек A321 NEO/CEO ұшақтарында ғана рұқсат етіледі. Қызмет көрсету класы эконом-кластан бизнес-класқа жоғарылаған жағдайда жануарларды тасымалдауға арналған өтінішті қайтадан растау қажет. Әуе кемесінің типі басқа болған жағдайда жануарды тасымалдауға рұқсат етілмейді.
Эконом-класында ортаңғы қатарда алдыңғы орынның астындағы кеңістік шектеулі болғандықтан, жануарлар тек терезе жанында немесе дәлізге жақын орындарға (isle seat) орналастырылады. Жануарлар қауіпсіздік ережелеріне сәйкес MySEAT ыңғайлы орындарында немесе апаттық шығу жолдары маңында орналастырылмайды.
Әуе кеменің типі және жануарларды тасымалдау мүмкіндігі туралы нақты ақпарат үшін Брондау және Ақпарат орталығына хабарласыңыз.
Ұшақ түрі | Жолаушылар салонында (бизнес-класс) | Жолаушылар салонында (эконом-класс) | Жүк бөлімінде |
A320, A321, A321LR | Қолданылмайды | 4 | 2 |
A321 NEO/CEO | 1 | 4 | 2 |
B767 | Қолданылмайды | 5 | 2 |
Жануарларды тасымалдауға қатысты заңнама әр елде әр түрлі. Ұлыбритания, Ирландия, Оңтүстік Африка, Аустралия сияқты кейбір елдерде үй жануарларын жүк ретінде алып кіруге толықтай тыйым салынған. Бұл елдерге үй жануарларын қолжүк ретінде немесе тіркелген жолжүк қылып кіргізгені үшін әуекомпанияға айыппұл салынады. Бұл елдерге жануарларды әуе жүкқұжаты бойынша ғана тасымалдауға рұқсат етілген.
Үндістан, БАӘ және Гонконгтан жануарларды алып шығуға ғана рұқсат. Малайзия мен Қытайға (Үрімші, Бейжің, Чэнду) мысықтар мен иттерді ғана алып кіруге/шығуға болады. Үрімшіде жануарларды тек тіркелген жүк ретінде тасымалдауға рұқсат етілген. Жануарларды Біріккен Араб Әмірліктеріне тек әуе жүкқұжаты бойынша тіркелген жүк ретінде тасымалдауға болатынын ескеріңіз.
Еуро Одақ елдеріне жануарларын алып ұшатын жолаушыларда салынған екпелер көрсетілген ветеринарлық төлқұжатпен бірге микрочип және құтыруға қарсы антиденелерді титрлеуге арналған тест (ұшатын күні тест мерзімі 3 айдан аспаған болуы керек) болуы тиіс. Жолаушылар тест пен елден шығуға қажетті басқа да құжаттарды кез келген ветеринарлық емханаға барып алуына болады. Тесттен өтуге кемінде 30 күн кетеді, сондықтан елден шығу рұқсатын алдын ала алып қойған жөн.
Әуекомпания жануарды немесе жануарлардан алынатын өнімдерді әкелуге рұқсат берілмеген жағдайда жауапты болмайды және барлық шығыстарды жолаушы төлейді.
Сеул
Корея Республикасына ит немесе мысық әкелу үшін кету еліндегі Мемлекеттік орган берген ветеринариялық сертификатты кедендік декларация нысанында ұсыну қажет, тиісті торкөзді белгілеу керек, ұшып келген кезде жануарды карантин қызметкері тексереді.
Тексеру талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, жануар және жануарлардан алынатын өнімдер кері қайтарылуы не одан әрі тексеру үшін карантиндік аймаққа тасымалдануы мүмкін. Барлық шығындарды жануардың немесе жануарлардан алынатын өнімдердің иесі көтереді.
Әуекомпания жануарды немесе жануарлардан алынатын өнімдерді әкелуден бас тартқан жағдайда жауапты болмайды және барлық ілеспе шығындарды жолаушы төлейді.
Толық ақпарат жануарлар мен өсімдіктерді тексеру агенттігінің сайтында.
Бангкок және Пхукет
Бангкок қаласынан жануарды алып шығу үшін жолаушы кемінде 3 күн бұрын Суварнабхуми әуежайындағы CE Building Free Zone аумағында орналасқан Animal Quarantine Office-ке жүгінуі керек. Бұл кеңседен жануарды экспорттауға арналған лицензия алу қажет. Егер жолаушы бұл лицензияны ұсынбаса, жануарды алып шығуға рұқсат берілмейді.
Таиландқа/Таиландтан жануарларды әкелу/әкету кезінде белгілі бір ережерелді ұстану маңызды.
- Сіздің үй жануарыңыздың құжаттары: Сізге үй жануарыңыздың ветеринариялық төлқұжаты, ветеринариялық куәлік және егер қажет болса, микрочип құжаттары қажет болады. Таиландқа немесе Таиландтан иттерді немесе мысықтарды әкету/әкелу үшін қажетті құжаттармен танысып шығыңыз.
- Әкелуге рұқсат: Тайландқа кірер алдында сіз үй жануарларын әкелуге рұқсат алуыңыз керек. Сондай-ақ, келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- Үй жануарының төлқұжаты.
- Ағылшын тілінде толтырылған және ұшып шығатын ел үкіметінің уәкілетті ветеринариялық лауазымды адамы қол қойған немесе қосымша растаған үй жануарының денсаулығы туралы куәлік;
- Мысықтар мен иттерге арналған барлық қажетті екпелерді көрсете отырып медициналық сертификат, құтыруға қарсы екпе ұшуға дейін кемінде 12 ай және оба, гепатит және парвовирусқа қарсы екпе ұшуға дейін кемінде 21 күн бұрын жасалуы керек. Вакцинация сертификаты ұшуға дейін кемінде 21 күн бұрын берілуі керек. Иттер ұшуға дейін кемінде 21 күн бұрын лептоспирозға қарсы вакцинациялануы немесе ұшуға дейін 30 күн ішінде теріс нәтижелі лептоспироз сынақтамасынан өтуі керек.
- Егер жануарда микрочип болса, микрочип құжаттарын ұсыну қажет.
- Алдын ала өтінім: Үй жануарларын ұшақ салонына немесе жүк бөлімінде тасымалдау үшін онлайн алдын ала рұқсат алу қажет; бұл процедура жануарларды тасымалдаудың екі санатына да қатысты. Жолаушылар өтінім нысанын толтырып, құжаттарды (иесінің төлқұжаты, үй жануарының сипаттамасы, вакцинация тарихы және үй жануарының фотосуреті) дайындап, келуге дейін 60 күн ішінде, бірақ келуден кемінде 14 күн бұрын оларды электрондық пошта qshk_hkt@dld.go.th арқылы Пхукет әуежайының карантиндік пунктіне немесе электрондық пошта qsap_bkk@dld.go.th арқылы Бангкок әуежайының карантиндік пунктіне жіберуі керек. Тіркелетін багаж ретінде жануарларды әкелуге өтінім жіберу және ұшуға дейін кемінде 7 күн бұрын рұқсат алу қажет. Қызметкер электронды пошта арқылы жануарларды әкелуге рұқсат береді, ол берілгеннен кейін 60 күн ішінде жарамды болады. Жолаушылар әуежайға келген кезде жануарлардың карантині жөніндегі қызметкерге көрсету үшін әкелуге рұқсатты басып шығаруы керек.
- Кедендік ресімдеу: «Декларациялауға арналған тауарлар» бөлімінде кеден қызметкерлеріне үй жануарын әкелуге және әкетуге рұқсатты көрсетіңіз және барлық қолданылатын төлемдерді төлеңіз.
- Жануарларды әкелу процедуралары: Бангкокта жолаушылар қажетті құжаттарды дайындап, төлқұжат бақылауынан өткеннен кейін бірден жануарлар карантині бөліміне барып, келген кезде багаж бөлімінде және ұшақ салонында тіркелген багаж ретінде жануарларды алып жүруге рұқсат ала алады. Алайда, Пхукетке келген кезде ұшақ салонында жануарларды алып жүруге рұқсат алу мүмкін емес екеніне назар аударыңыз.
- Жануар тұқымдары бойынша шектеулер алынып тасталған: Қазіргі кезде жануар тұқымына шектеулер жоқ, бұрын Питбуль мен американдық Стаффордширлерге рұқсат етілмеген болатын.
- Сұраныс нысаны, импорт нысаны, экспорт нысаны және импортқа рұқсат үлгісі - қосымшада;
Вьетнам
Кіргізу үшін қажетті құжаттар:
- Ветеринариялық сертификат
- Вакцинация сертификаты
- Микрочип
- Жануар паспорты
Бұл құжаттардың жарамдылық мерзімі Вьетнамда болған бүкіл уақытқа белсенді болуы керек. Бұл ережелер тек иттер мен мысықтарды тасымалдауға қатысты. Басқа жануарларды әкелу үшін алдын ала нақты ережелерді анықтау қажет.
- Ветеринариялық денсаулық сертификаты
Вьетнамға жануарларды кіргізу үшін халықаралық ветеринариялық сертификат қажет. Бұл құжат сіздің елдегі аккредиттелген ветеринар дәрігерімен берілуі тиіс. Сертификат жануардың денсаулығы мен егулері туралы ақпаратты қамтуы керек, ағылшын тіліне аударылып, тиісті органдармен бекітілуі тиіс. - Вакцинациялау
Жануарлар құтыруға және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы егілген болуы тиіс. Егулер сапардан кемінде 30 күн бұрын жасалуы керек. Барлық вакцинация туралы ақпарат ветеринариялық сертификатта көрсетілуі қажет. - Микрочип
Жануар ISO 11784/11785 халықаралық стандарттарына сәйкес келетін микрочиппен белгіленуі тиіс.
Микрочип ветеринариялық қызметтерге қолжетімді дерекқорда тіркелуі қажет. Ветеринариялық сертификатта микрочип туралы ақпарат, оның нөмірі және жануар денесіндегі орны көрсетілуі тиіс. - Кіргізуге рұқсат
Егер сіз екі немесе одан аз жануар кіргізсеңіз, рұқсат талап етілмейді.
Егер сіз үш немесе одан көп жануар кіргізсеңіз, Ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту министрлігінен (MARD) рұқсат алу қажет: MARD веб-сайты.
Бұл рұқсатты Ветеринариялық ғылымдар басқармасы (DVS) арқылы алуға болады: DVS веб-сайты. - Карантин
Кейбір жағдайларда жануарлар Вьетнамға келгеннен кейін карантинге жіберілуі мүмкін. Карантиннің ұзақтығы мен шарттары жануардың денсаулығы мен ветеринариялық тексеру нәтижелеріне байланысты болады.
Подгорица
Үй жануарларын елге әкелуге рұқсат, егер олар ветеринарлық төлқұжатпен және экспорт елінен ресми ветеринар берген үй жануарларын коммерциялық емес тасымалдауға арналған тиісті ветеринарлық сертификатпен бірге жүрсе.
3 айдан бастап иттер мен мысықтарды коммерциялық емес мақсатта тасымалдауға болады, бұл үшін келесі құжаттар керек:
- жануарларды анықтау;
- төлқұжат;
- құтыруға қарсы вакцинация (вакцинация күні 12 аптадан басталады; егер бұл құтыруға қарсы алғашқы вакцинация болса, вакцинация күнінен бастап 21 күн аяқталады);
- құтыру антиденелерін титрлеу сынағы (вакцинация күнінен 30 күн өткен соң және тасымалдау күнінен кемінде үш ай бұрын);
- эхинококкқа кіру немесе шығу кезінде заңды түрде емделу(денсаулық жағдайы туралы ветеринарлық анықтамамен).
Ережелерге сәйкестігіне көз жеткізу үшін осы шарттарды Черногориядағы уәкілетті ветеринардың тексеруі міндетті түрде жүргізіледі.
Мале
Иттер мен шошқаларды Мальдивке/одан тасымалдауға тыйым салынады. Мысықтарды ұшақ салонында тасымалдауға рұқсат етіледі (әуекомпания ережелері бойынша балық пен құстар тек жүкпен тасымалданады, кеміргіштерге тыйым салынады).
- микрочип қажет емес, бірақ өте ұсынылады, өйткені микрочип төтенше жағдайда жануарды анықтаудың жалғыз құралы бола алады;
- мысық елге кірерден кемінде 30 күн бұрын құтыруға қарсы вакцинациялануы керек. Құтыру титрін тексеру шыққан еліне қарамастан қажет емес;
- жануардың денсаулығы туралы сертификаты мен төлқұжаты болуы керек;
- Мальдив Республикасы балық шаруашылығы және ауыл шаруашылығы министрлігінің рұқсаты.
Толығырақ мына жерден оқыңыз.
Шарм-эль-Шейх
Ұшақ салонында немесе жүк бөлімінде бір ғана жануарды тасымалдауға рұқсат етіледі.
Ұшу үшін әуекомпанияның стандартты талаптары қолданылады.
- Жануар төлқұжатының болуы;
- ветеринариялық куәлік (ветеринариялық қадағалаудан алу қажет);
- оны анықтау үшін татуировка немесе микрочиптің болуы;
- жануарға арналған контейнердің болуы.
Батуми және Тбилиси
Грузияға әкелінетін иттер мен мысықтар келесі талаптарға сай болуы керек:
- Таңбалаудың болуы (HDX немесе FDX-B транспондері немесе оқылатын спираль);
- Құтыруға қарсы егудің болуы (12 аптаға дейінгі жануарлардан басқа);
- Құтыруға қарсы антиденелерді титрлеу сынағының болуы;
- Эндопаразиттер мен экзопаразиттерге қарсы препараттармен емделуі;
- "Денсаулық сертификаты" немесе жануарлар төлқұжатының болуы.
Ираклион
Үш (3) айдан асқан иттерді, мысықтарды әкелу
a) ISO 11784/11785 халықаралық стандартына сәйкес микрочиптің болуы. Егер жануардың микрочипі осы стандартқа сәйкес келмесе, сіз ветеринарға тексеру кезінде транспондердің көрсеткіштерін оқу үшін қажетті құралдарды ұсынуыңыз керек немесе жануардың нақты оқылатын татуировкасы болуы керек.
ә) бір дозаға кемінде бір антигендік бірлігі (ДДҰ стандарты) бар инактивацияланған вакцинаны пайдалана отырып, өндіруші зертхананың ұсынымдарына сәйкес құтыруға қарсы вакцинациялануы немесе ревакцинациялануы тиіс. Құтыруға қарсы вакцинаны чиптеу процедурасынан кейін ғана жасауға болады.
б) егер жануар II қосымшаға енгізілмеген елден келсе, вакцинациядан кейін кемінде 30 күн өткен соң және қоныс аударудан үш ай бұрын алынған үлгіде жүргізілген бейтараптандыратын антиденелердің кемінде 0,5 ХБ/мл-ге тең титрлеуінен өтуі тиіс, 998/2003 регламентінің (ЕО) С тарауы (соңғы жағдай бойынша түзетулермен). Құтыруға қарсы антиденелер сынағы тек аккредиттелген зертханаларда жасалуы керек.
Сол жануардың келесі қозғалыстарында антиденелерді титрлеуді қайта бастау қажет емес, өйткені өндіруші зертхана талап ететін вакцинация хаттамасы үзілмейді. Ветеринариялық сертификатқа зертхана жүргізген жануардың серологиялық сынағының расталған көшірмесі қоса берілуі тиіс.
в) 2004/824/EC комиссиясының шешіміне қосымшаға сәйкес ресми ветеринар берген сертификатпен бірге жүруі керек.
Үш (3) айға дейінгі иттерді, мысықтарды әкелу
Грекия аумағына құтыруға қарсы егілмеген үш айға дейінгі Үй жануарларына тек II қосымшаға енгізілген үшінші елдерден кіруге рұқсат етіледі, 998/2003 Ережесінің С тарауы:
- қозғалыс кезінде оларды анасы ертіп жүреді және төрт жастан аспайды. Ветеринариялық-санитариялық сертификат жаңа туған нәрестенің туған күні мен сипаттамаларын растауы керек. Егер балапандар анасымен бірге жүрмесе, олар үшін мыналар қажет:
- электрондық сәйкестендіру үшін (микрочип) немесе анық оқылатын татуировкасы бар.
- комиссияның 2004/824/ЕО шешіміне қосымшаға сәйкес ветеринариялық сертификатпен сүйемелденуі тиіс. IV тармақта ананың соңғы вакцинация күнін көрсету керек. Бұл күн II тармақта көрсетілген туған күнінен кемінде 30 күн бұрын болуы керек. Сондай-ақ, құтыру ауруына шалдыққан жабайы жануарлармен байланыстың жоқтығы расталуы керек.
Иттерді, мысықтарды үшінші елдерден коммерциялық емес көшіруге арналған ветеринарлық сертификат қоғамдастық ішінде берілген күннен бастап төрт (4) ай ішінде немесе құтыруға қарсы вакцинация мерзімі аяқталғанға дейін жарамды. Ең ерте күн ескеріледі.
Егер сертификатты ветеринар дәрігер берген және қол қойған жағдайда, жөнелтуші елдің құзыретті органы осы сертификатты растауы тиіс.
Кейіннен Финляндияға, Ирландияға, Мальтаға, Швецияға немесе Ұлыбританияға қоныс аударған жағдайда, ветеринарлық сертификаттың V, VI және VII бөліктері (2004/824/EC шешімі) осы елдердің ұлттық заңнамасына сәйкес толтырылуы керек.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап IATA ережелері сіздің үй жануарыңызды әуекемесінің жолаушылар салонында немесе жүк қоймасында тасымалдауға қабылдауды тексеру парағын пайдаланып қабылдауды талап ететінін ескеріңіз, бұл рейске тіркеу кезінде рейс алдында толтырылады.
Үй жануарларын тасымалдау кезінде барлық құжаттар мен контейнер талаптарының ескерілуін және орындалуын қамтамасыз ету үшін қабылдауды тексеру парағы қажет.
Мұны істеу үшін ұшуға алдын ала дайындалып, төмендегілерді орындау керек:
- Үй жануарларымен саяхаттайтын жолаушылар ұшуға дейін кемінде 24 сағат бұрын алдын ала келісіп, қызметке тапсырыс беруі керек және үй жануарларын тікелей рейске тіркеу пунктіне әкелмеуі керек;
- үй жануарларын жолжүкте немесе әуекемесінің салонында тасымалдау мүмкіндігі сіздің бағытыңызға қатысты әрбір мемлекеттің қолданатын ережелеріне сәйкес болуы;
- Air Astana Group (Air Astana немесе FlyArystan орындайтын рейстер үшін), сондай-ақ транзиттік бағыт кезінде басқа әуекомпаниялардан үй жануарларын кабинада немесе жүк қоймасында тасымалдауға растаудың бары;
- Қажетті ветеринариялық тексерулер немесе процедуралар (мысалы, вакцинациялар, микрочиптеу) сапарыңыздың алдында жақсы өткізілгені;
- Сіздің үй жануарыңызға қажетті ресми және ветеринариялық құжаттарды дайындаңыз (мысалы, жануардың төлқұжаты);
- Сіздің сапарыңызға қатысатын барлық басқа әуекомпанияларда үй жануарыңызды кабинада немесе жүк қоймасында өзіңізбен бірге ала алатыныңызға көз жеткізіңіз;
- Үй жануары таза және тасымалдауға дайын;
- Жәшік көлеміне сәйкес келетін сәйкес өлшемді үй жануарлары контейнерін сатып алғаныңызға көз жеткізіңіз, соның ішінде:
- Үй жануарының табиғи қалыпта отыру, тұру, бұрылу және жату мүмкіндігі;
- Қолайлы сіңіргіш материалдың болуы;
- Ұзақ тасымалдау кезінде (12 сағаттан астам) жартылай толтырылған су ыдысының болуы;
- Контейнердің барлық жағынан ауаны өткізу қабілеті және жеткілікті мөлшердегі желдету саңылауларының болуы (төрт жағында, контейнердің төрт жағының жалпы бетінің 16%).
- Үй жануарыңыз тасымалдау контейнерімен таныс екеніне көз жеткізуді сұраймыз Жануарды тыныштандыру үшін контейнерге төсек-орындарды немесе үй жануарына таныс ойыншықты қоюды ұсынамыз;
- Жануардың жаға немесе әбзел кигеніне және оған сәйкес қарғыбауы бар екеніне көз жеткізіңіз.
Ұшу күні сізге қажеттісі:
- Үй жануарыңызды рейс ұшып шығудан 2 сағат бұрын тіркеу кассасына алдын ала әкеліңіз;
- жануарды тасымалдауға қажетті барлық құжаттарды тіркеу бөліміне көрсетіңіз;
- Ұшуға тіркелу кезінде немесе кассада үй жануарыңыздык тасымалдау құнын төлеңіз;
- Жануардың жаға немесе әбзел кигеніне және оған сәйкес қарғыбауы бар екеніне көз жеткізіңіз.
Егер әуекомпанияның тасымалдау талаптары, Қазақстан Республикасының ветеринариялық ережелері немесе бағытталған мемлекеттің экспорт-импорт ережелері бұзылса, әуекомпания үй жануарларын тасымалдаудан бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
Әуекомпанияның бақылауынан тыс жағдайлардан туындаған физикалық зақымға, жануардың ауруына немесе өліміне әуекомпания жауапты емес. Мұндай жағдайларға жануардың бұрыннан бар денсаулық мәселелері немесе жануарлардың белгілі бір тұқымдарының әуе тасымалдау жағдайларына төзімділігі жатады. Бұл белгілі бір мемлекетке кіруге немесе транзитке тиым салынған жағдайларына да қатысты.
Қатысты тақырыптар
Біздің көрсетілетін қызметтерімізбен жолжүк тасымалдау ережелері туралы толығырақ.
Жүк тасымалы

Қосымша жолжүк

Арнайы жабдықтарды тасымалдау
