Бизнес-класс Air Astana
Бизнес-класс артықшылықтары
Бизнес-класты ыңғайлы да кең креслодан, борттағы түрлі озық ойын-сауықтан, эксклюзивті жол жиынтығынан, таңдауы мол премиум-кластың сапалы тағамы мен сусынынан бастап, ұшу барысында жеке қызмет көрсетуге дейін таңдауға себеп көп. Баратын жеріңізге жеткенше жақсы тынығып алу үшін, қазақтың нағыз қонақжайлылығын ілтипаты сыйлайтын ұшақ бортындағы оңаша атмосферада өзіңізді ерекше әрі жайбарақат сезінесіз.

Біздің бизнес-класс күту залдарымыз

Ұшақтағы ойын-сауық
Үлкен сенсорлы экранмен және шуды басатын құлаққаппен жабдықталған ойын-сауық жүйеміз ұшу кезінде уақыт өткізуге көмектеседі.

Эксклюзивті жол жиынтықтары
Біздің ұзақ халықаралық рейстерде бизнес-класс жолаушыларына стильді Samsonite пен Coccinelle жол жиынтықтары ұсынылады.
Жауапкершіліктен бас тарту: Air Astana әуекомпаниясы A320, A321 және B767 ұшақтарының бастапқы және кейінгі үлгілерінен тұратын аралас әуепаркін пайдаланады. Бағыт пен ұшақтың конфигурациясына байланысты рейстегі ұсынылатын өнімдерде, қызмет пен сипаттамада айырмашылықтар болуы мүмкін. Сондай-ақ орындалатын рейсте қолданылатын ұшақ түрі операциялық талаптарға байланысты соңғы минутта өзгеруі мүмкін. Біздің өнімдер немесе қызметтер жайлы сұрақтарыңыз немесе арнайы талаптарыңыз болса, рейсті брондауға дейін бізге хабарласуыңызды өтінеміз.