Брондау және басқару
Ақпарат
Nomad Club
Көмек

Kazakhstan Flag
KZ
KAZ

Жолжүкке қатысты көмек

Жоғалған, кешіктірілген немесе зақымдалған жолжүк

Жолжүгіңіз өзіңізбен бірге межелі жерге жеткені маңызды. Егер қандай да бір себептермен біздің рейсімізде жолжүгіңіз жоғалған, кешіктірілген немесе зақымдалған болса, қажетті көмек көрсетуге дайынбыз.

Егер сіз ұшып келу аймағында тасымалдау таспасында жүкті таппаған болсаңыз, келу аймағынан шыққанға дейін тез арада Жүкті іздестіру (Lost & Found) бөліміне жүгінуіңіз қажет. Жүкті іздестіру қызметкерлері сізге арнайы нысанды толтыруға көмектеседі. 


Келмеген жолжүктің мәртебесін төмендегі сілтеме бойынша бақылай аласыз. 


Жолжүк іздестіру мәртебесін тексеру 


Егер жолжүгіңізді іздестіру бойынша сұрақтарыңыз болса, арнайы актте (Property Irregularity Report, PIR) көрсетілген телефон нөміері бойынша қоңырау шалуыңызды сұраймыз. Сондай-ақ, сіз әрдайым тәулік бойы жұмыс істейтін Air Astana әуекомпаниясының Жүкті іздестіру бөліміне жүгіне аласыз: 



 Алматы Астана Атырау 
Телефон нөмірі +7 727 2703 041 +7 7172 286473 +7 7122 20 93 20 

E-mail  

 

ala.lf@airastana.com 

 

nqz.lost.and.found@airastana.com guw.lf@airastana.com 

 

Келмеген жолжүкті  іздеу жолаушыдан өтініш алған сәттен бастап 21 күн ішінде жүргізіледі. Егер 21 күн өткеннен кейін жолжүк табылмаса, жолаушы тасымалдаушыға жазбаша шағым жолдай алады. Жолжүктің жоғалуына байланысты шығындарды өтеу туралы шағымды сіз осы нысан арқылы сайтымызға жібере аласыз. 


Шағымға келесі құжаттардың скан-көшірмелері қоса жіберілуі қажет: 

  • Жүк биркасы; 
  • Жолжүкті іздестіру актісі (PIR);
  • Жеке басты куәдандыратын жарамды құжат. 

Егер жолжүгіңізді әуежайда алған кезде зақымданғанын байқаған болсаңыз, дереу Жолжүкті іздестіру (Lost & Found) бөліміне өтуіңізді сұраймыз. Әріптестеріміз бұл фактті тіркеп, сізге шығынды өтеу туралы шағым жазуыңызға көмектеседі. 


Зақымдалған жолжүктің фотосуреттерін түсіріп, төменде көрсетілген құжаттармен бірге әуекомпания сайтына  жіберуіңізді сұраймыз: 

  • Жолжүктің зақымдануына байланысты келтірілген шығын мөлшері көрсетілген өтініш; 
  • Жүк биркасы; 
  • Жеке басын куәландыратын құжат; 
  • Жолжүктің  зақымдануы туралы Акт (PIR). 
  • Халықаралық рейстер: Халықаралық рейстерде тасымалдаушының жауапкершілігі «Халықаралық әуе тасымалының кейбір қағидаларын біріздендіруге арналған конвенция (Монреаль, 1999 жылғы 28 мамыр)» немесе «Халықаралық әуе тасымалының кейбір қағидаларын біріздендіруге арналған конвенция (Варшава, 1929 жылғы 12 қазан)» ережелеріне сәйкес айқындалады. Бұл ережелер халықаралық келісімдерде белгіленген ережелерге сәйкес қабылданады. 
  • АҚШ ішіндегі пункттер арасында ғана ұшқан кезде Федералдық ережелер әуетасымалдаушының жауапкершілігі бойынша кез келген шектеу бір жолаушы үшін 2,500 АҚШ дол. кем болмауын талап етеді. Заттардың кейбір түрлері үшін қосымша бағалау мәлімделуі мүмкін. Кейбір тасымалдаушылар өздеріне нәзік, бағалы және тез бұзылатын заттар үшін жауапкершілік алмайды. Толық ақпаратты тасымалдаушыдан алуға болады.                     
  • Air Astanа-ның тіркелген багажды тасымалдау кезіндегі жауапкершілігі: Жолаушы жолжүгінің ішіндегісі «бағалы жолжүк» анықтамасына жататын болса, мұндай жағдайларда әуекомпания жолжүкті сақтандыруға кеңес береді. Air Astana әуекомпаниясы, көптеген көшбасшы әуекомпаниялар сияқты, тіркелген жүкке зақым келген жағдайларда, яғни, сынған дөңгелектер, жоғалған бекіту таспалары, жолжүктің жұлынып қалған тұтқалары үшін, сондай-ақ ұзақ уақыт пайдалану салдарынан тозу нәтижесінде пайда болған сызаттар, үйкелістер, майысқан, жыртылған, кірлеген жерлері үшін жауапкершілік көтермейді. 

Жолаушыларға құнды заттарды сақтау үшін сақтандыруды қоса алғанда, тиісті шаралар қабылдау және оларды тасымалдаушының ережелері туралы хабардар болу ұсынылады. 

Сапарына соңғы межелі орны немесе шыққан елінен басқа өзге елде аялдау кіретін жолаушыларға мыналар хабарланады: Варшава Конвенциясы ретінде белгілі шарттың ережелері бүкіл сапарға, соның ішінде шыққан немесе баратын елдің ішінде кез келген бөлігіне, соның ішінде шыққан немесе баратын елдің аумағында оның кез келген бөлігіне толығымен қолданылады. Америка Құрама Штаттарындағы келісілген аялдау орындарынан шығатын, ол орындарға баратын немесе сол орындардың ішінде сапар шегетін жолаушылар үшін Конвенция және қолданыстағы тарифтері бар арнайы тасымалдау шарттары, осындай шарттың тарапы болған нақты тасымалдаушының жолаушының өлімі немесе оған жарақат келтіру бойынша жауапкершілігі көптеген жағдайда дәлелденген шығынмен шектелетінін, бірақ бір жолаушы үшін 75,000 АҚШ дол. аспайтынын және осындай шектерге дейінгі осындай жауапкершілік тасымалдаушы тараптың салғырттығына байланысты болмауы тиіс екендігін қамтамасыз етеді. 


Мұндай арнайы шарттардың қатысушысы болып келмейтін тасымалдаушылардың қызметтерін пайдаланатын жолаушылар үшін, Америка Құрама Штаттарындағы келісілген аялдау орындарына дейін, сол орындардан сапар шекпейтін немесе Америка Құрама Штаттарында келісілген аялдау орындары жоқ жолаушылар үшін жолаушылардың өліміне немесе жарақатына тасымалдаушының жауапкершілігі көптеген жағдайда 10,000 АҚШ дол. немесе 20,000 АҚШ дол. мөлшеріндегі сомамен шектеледі. Осындай арнайы шарттардың тараптары болған тасымалдаушылардың атаулары сондай тасымалдаушылардың барлық билет кассаларында бар және талап ету бойынша зерттелуі мүмкін. 


Әдетте, жеке компаниядан сақтандыру полисін сатып алу арқылы қосымша қорғаныс алынуы мүмкін. Мұндай сақтандыру Варшава Конвенциясына немесе арнайы тасымалдау шарттарына сәйкес ешбір жауапкершілік шектеулеріне тиісті емес. Толық ақпарат алу үшін әуежеліңізден немесе сақтандыру компаниясының өкілінен кеңес алыңыз. 


Осы жауапкершілік шектеулерінен басқа қосымша қорғау шараларын қажет ететін жолаушылар, әдетте, оларды жеке меншік компаниядан сақтандыруды сатып алу арқылы ала алады. Мұндай сақтандыруға Варшава конвенциясында немесе арнайы тасымалдау шарттарында айқындалған тасымалдаушы жауапкершілігінің қандай да бір шектеулері әсер етпейтінін атап өту маңызды. Толығырақ ақпарат алу үшін сізге өз авиакомпанияңызбен кеңесуді немесе сақтандыру компаниясына жүгінуді ұсынамыз.  

 

Ескертпе: 

  • Жоғарыда аталған жауапкершіліктің 75,000 АҚШ дол. мөлшеріндегі шегіне заңды алымдар мен төлемдер кіреді, оған Штатта түсірілген кепілдік заңды алымдар мен төлемдерді айрықша тағайындау ретінде рәсімделген наразылық қатысты емес, шекті сомасы заңды алымдар мен төлемдер кірмейтін 58,000 АҚШ дол. болуы тиіс. 
  • Жолаушының бағдарына соңғы межелі орын немесе кеткен елінен бөлек елде аялдау кіретін болса, Варшава Конвенциясы қолданылуы мүмкін. Конвенция тасымалдаушылардың жолаушылар өлімі мен жарақаты, жолжүктің жоғалуы мен зақымдалуы үшін жауапкершілігін реттейді және көптеген жағдайда шектейді. «Халықаралық рейстердің жолаушыларына жауапкершілікті шектеу туралы хабарлама» және «Жолжүк үшін жауапкершілікті шектеу туралы хабарлама». 

Пайдалы сілтемелер

Жолжүк туралы ақпарат іздедіңіз бе? Пайдалы ресурстарды осы жерден табыңыз.
Nomad Club қатысушыларына арналған артықшылықтар

Егер сіз Nomad Club-тың «гауһар», «алтын» немесе «күміс» деңгейіндегі қатысушысы болсаңыз, сапарларыңызда жолжүктің қосымша нормасын пайдаланыңыз. 

Ұшуға дейінгі жолжүкті басқару

«Брондауды басқару» бөліміне кіріп жолжүкті алып жүру нормасы және қосымша жолжүк үшін алымдар туралы ақпаратты біліңіз. 

Тіркелген жолжүкті алып жүру нормасы

Тіркелген жолжүкті алып жүру туралы қосымша ақпарат және рейсіңізге қатысты шарттарды біліңіз. 

Қосымша ақпарат керек пе?
Толығырақ ақпарат алу үшін бізбен қалай байланысуға болады.
Брондау және ақпарат орталығы

Бізбен кез келген уақытта хабарласыңыз. 

Билет сату кеңселері

Сізге жақын кеңсені табыңыз. 

Көмек орталығы

Сұрақтарыңызға жауаптарды FAQ бөлімінен табыңыз.