Топтық сапар үшін тапсырыс беріңіз

Егер сіз демалыс, конференция, тренинг, үйлену тойы, сондай-ақ достарыңыз бен жанұяңызды зиярат ету мақсатында сапар жоспарласыңыз, топтық брондауға тапсырыс бере аласыз. Топтық брондауға тапсырыс беру үшін эконом-класста жолаушылар саны 10 немесе одан да көп, ал бизнес-класста 8-ден кем болмауы тиіс (0-2 жас аралығындағы балаларды қоспағанда). Air Astana әуекомпаниясының топтық тапсырыс беру бөлімі сіздерге әрдайым көмектесуге дайын.


Топтық тариф жеке тұлғаларға ұсынылатын тарифтерден өзгеше болуы мүмкін. Сонымен қатар, топтық тапсырыс беруде ерекше артықшылықтар қарастырылған:

  • қазір тапсырыс беріңіз де, кейінірек төлеңіз;
  • бөлшектеп төлеуге мүмкіндік беретін тиімді төлем жасау процедурасы (депозиттік шотқа негізделген);
  • барлық топ қатысушылары үшін бір баға;
  • барлық жолаушылардың есімдері болмаған жағдайда да, топ мүшелері үшін орындарға тапсырыс бере аласыз;
  • билеттерді сатып алған соң ұшқанға дейін есімдерді тегін өзгерту мүмкіндігі бар.
Сұраныс жіберуБұл нысанды толтыру арқылы сіз топтық брондау қызметкерлеріне хабарласасыз. Cізге барынша көмектесуге тырысамыз. Есіңізге сала кетейік, бөлек ұшатын топтар үшін бөлек нысан толтыру қажет.
Өтінішкер және Сапар туралы ақпарат
Бағыт
1. Ұшу

Байланыс электрондық пошта арқылы жүргізіледі; барлық тапсырыстар түсу кезегімен және 3 жұмыс күні ішінде қарастырылады. Топтық брондауға сұраныс жібергеннен кейін, сіз көрсеткен электрондық мекен-жайға сұранысыңыздың тіркеу нөмірі бар растама хат жіберіледі.
Пайдалы ақпарат
Төмендегі сілтемелер арқылы саяхатыңызды жоспарлауға көмектесетін маңызды мәліметтерді таба аласыз.
Маңызды мәліметтер

Келісімшарттың жалпы талаптары

Топтық тапсырыс жасау процедурасы мен уақыт шектеулері

Көмек орталығы

Сіз біздің қызметтеріміз туралы пайдалы ақпарат ала отырып, түрлі мәселелер бойынша сұраныстарыңызды Air Astana-ға тікелей жібере аласыз.