Рейс статусы 

Құрметті жолаушы, 


Біз кейде әр түрлі себептерге байланысты сіздің рейсіңізге қатысты өзгерістер жасауымыз мүмкін. Мұндай өзгерістер техникалық, ауа райы немесе форс-мажор жағдайлары сияқты әртүрлі себептерге байланысты болуы мүмкін. Осындай жағдайлар салдарынан бізге кейбір рейстердің бағытын, ұшу күнін және уақытын өзгертуге немесе тіпті рейсті тоқтатуға тура келеді. Дегенмен, біз сізге осы өзгерістер туралы мүмкіндігінше тез хабардар етуге бар күшімізді саламыз. 


Біз осындай өзгерістер жайлы хабарландыруларды бронда көрсетілген байланыс ақпараты арқылы мәтіндік хабарлама және (немесе) электрондық пошта хабарлары түрінде жібереміз. Мұндай хабарландыруларды жіберу уақыты өзгерістердің қай кезде орын алғанына байланысты болады. 


Жаңартылған ақпаратты дер кезінде алу үшін, сізден келесі мәселелерде жәрдемдесуіңізді сұраймыз: 

  • Біздің Брондау және ақпарат орталығы, әуе билеттерін сату кеңселері немесе туристік агенттіктер арқылы билетті брондау кезінде нақты және белсенді телефон нөмірін және электрондық пошта мекенжайын көрсетіңіз. Біздің сайтта брондау кезінде қателерді болдырмау үшін байланыс мәліметтерін екі рет тексеріңіз. 
  • Air Astana әуекомпаниясынан келетін SMS және электрондық пошта хабарландыруларын тексеріп отыру үшін, электрондық поштаңыз үнемі қолжетімді болғаны жөн. 


Біз сіздің байланыс ақпаратыңызды сіздің айқын келісіміңізсіз маркетингтік мақсаттарда пайдаланбайтынымызға назарыңызды аударамыз. 

 

Қосымшамызды жүктеп алыңыз

Сапарларыңызды басқару үшін Air Astana қосымшасын қолдана отырып, брондаудан бастап ұшып келгенге дейінгі барлық жаңалықтардан хабардар болыңыз.

Жиі қойылатын сұрақтар Рейс статусына қатысты сұрақтарға жауаптарды табыңыз.

Рейс статусы жайлы хабарламаларды жедел алу үшін, брондау жасаған кезде енгізілген байланыс ақпаратыңыз нақты әрі өзекті екеніне көз жеткізіңіз. Бұл рейсіңізге қатысты кез келген өзгеріс жайлы уақытылы хабардар болатыныңызға кепілдік береді.  

Сіз брондау кезінде көрсетілген телефон нөміріне жіберілетін SMS-хабарламалар арқылы рейстердің кешігуі және тіркелу мерзімдерінің өзгеруі туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде аласыз. Алайда ұшу уақыты кешіктірілсе де, әуежайға рейске жоспарланған тіркелу уақытының аяқталуына дейін келген жөн. 

Рейстердің тоқтатылуы немесе жойылуы рейс статусы туралы ақпаратта көрсетіледі. Сондай-ақ, сізге рейсіңіздің тоқтатылғаны немесе жойылғаны туралы хабарлама келеді. 

Брондау және ақпарат орталығы

Бізбен кез келген уақытта тәулік бойы хабарласыңыз 

Билет сату кеңселері

Сізге жақын кеңсені табыңыз 

Көмек орталығы

Сұрақтарыңызға жауаптарды FAQ бөлімінен табыңыз.