Жас шектелімі бар тарифті брондау
Бірінші сегмент ұшу кезінде Жастарға арналған тарифтер 16-25 жас аралығындағы жолаушыларға, ал Егде жастағыларға арналған тариф 60 жастан асқан жолаушыларға қолданылады.
Маңызды ескертпелер
- Жасына байланысты жеңілдік берілген жолаушылар үшін онлайн тіркелу мүмкін емес, өйткені жолаушыларға қызмет көрсету қызметкерлері жолаушының жасын растауды қажет етеді.
- Air Astana барлық бағыттарындағы жас шектелімі бар тарифтерінде нәрестені билетке қосуға рұқсат етілмейді.
- Жастар мен Егде жастағы жолаушыларға арналған тарифтерді қамтитын бағыттар тізімі әр түрлі болуы мүмкін екендігін ескеріңіз.
- Жастар мен Егде жастағы жолаушыларға арналған тарифтердің болуы шектелуі мүмкін.
Жастар тарифі
Саяхаттың бірінші сегменті ұшу кезінде жасы 16-25 жас аралығындағы жолаушылар Жастарға арналған тарифті онлайн сатып ала алады.
- 12-15 жас аралығындағы жолаушылар үшін жалғыз жүрген кәмелетке толмағандарға өтініш жасау қажет.
- Қазақстаннан түнгі уақытта (23.00-06.00) ұшатын рейстерге 18 жасқа толмаған жолаушылар қабылданбайды.
- Ережеден тыс: Делиге/Делиден бағытындағы рейстерде жеңілдік жасы 28 жасқа дейін ұлғайтылған.
Егде жастағы жолаушыларға арналған тариф
Егде жастағы жолаушыларға арналған тариф бірінші сапар сегменті басталған сәтте 60 жаста немесе одан үлкен жолаушылар үшін онлайн қолжетімді.
Қосымша ақпарат керек пе?
Егер сізде қандай да бір сұрақтар болса немесе қосымша көмек қажет болса, біздің жолаушыларға қолдау көрсететін арнайы қызметіміз әрқашан көмек көрсетуге дайын.

