Брондау және басқару
Ақпарат
Nomad Club
Көмек

Kazakhstan Flag
KZ
KAZ

Қазақстанға саяхат: Air Astana рейстері мен әуебилеттері

Біздің үйімізге – Қазақстанға, көшпенділер дәстүрінің бай мұрасы мен алуан-түрлі һәм серпінді дамыған ұлттың заманауи ырғағымен әсем үйлескен шексіз ғажайыпқа толы мекенге қош келдіңіз

Саяхат кезінде көп жердің бір-біріне ұқсастығын аңғарғанда, олардың өзіндік қайталанбас ерекшелігін паш етуге ұмтылатыны байқалады. Қазақстан биік таулы жотасымен, кең жазық даласымен, жасыл алқабымен, көсіліп жатқан шөлімен, терең шатқалымен және көгілдір өзенімен ең тәжірибелі деген саяхатшыны да осы барымен қайран қалдырар. Ел өз мәдениетінің әр алуандығын мақтан тұтады, нәтижесінде түрлі ұлт өкілдері оны туған үйі деп санайды және құрақ көрпе іспеттес бірегей мәдениетінің қалыптасуына әрқайсысы өз үлесін қосады. Қазақтар мұнымен қатар өзінің көшпенді мұрасына, ұлттық асына, ерекше дәстүрі мен салтына құрметпен қарап, ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып келеді.
Мұраға бай
Жібек Жолындағы көшпенділер дәстүрі мен еліктірер тарихы елдің өткен өмірінен сыр шертетін саяхатқа, Қазақстанның тарихи мекеніне барыңыз.
Қысқы демалыс
Алматыны қоршаған Тянь-Шань тауының қыста шаңғы мен сноуборд ұнататындарға арналған қызыққа толы жерге айналып, жанды баурап алатын әсерін сезініңіз.
Жарқыраған қалалар
Болашақ қаласына немесе Алмалар қаласына, не елдің басқа да қаласына ұшып барыңыз, олардың әрқайсысында өзіндік қайталанбас реңк, бай тарихы бар және табиғаты көркем.

Ен дала жасырған қазына

Қазақстан көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орындағы ел болса да, көпшілік үшін ол белгісіз және сырға толы жер. Дегенмен ол барып көруге тұрарлық: мұнда қарға оранған тау шыңдары, жалпақ таулы қыраттар, суы мол өзендер, қуаң шөлдер, гүлмен көмкерілген жазықтар, баз қалпын сақтаған орманды қорықтар және басқасы бар.

Сіздің жолсілтеушіңіз

Сіз бұл сайттан жақсы саяхатқа қажетті барлық ақпаратты табасыз. Сөйлесу тілі, жергілікті транспорт және қолданыстағы валюта туралы біліп алыңыз. Барғанға қай мезгіл жақсы, қолайлы ауа-райымен және мәдени ерекшеліктермен танысыңыз. Бұл жолсілтеуші – Қазақстанды зерттеуге бастайтын: жергілікті ас тағамынан бастап, өмірі қайнаған сауда орындарына дейін апарар серігіңіз.ТОЛЫҒЫРАҚ

Шатқалдан жағалауға дейін

Қазақстан – табиғатты ұнататын жандарға арналған адам аяғы баспаған, алуан-түрлі әрі әсем жер. Шарын өзені иіріп түзген керемет қызыл жартастарды паш ететін Шарын шатқалы әйгілі Үлкен Каньонды еске салады. Тянь-Шань тауында орналасқан Көлсай мөлдір таза суымен және қылқан жапырақты орманымен альпідегідей тыныштық сыйлайды. Оңтүстіктегі ән салатын шағыл құм желмен есетін әуезді гуілімен тылсым күшке толы атмосфераға бөлейді. Батыстағы Каспий теңізінің бойы көркем жағалауымен және теңіздегі әр алуан тіршілігімен баршаға аян.

Саяхат десе, елдің дәмі еске түседі

Көшпенді дәстүр терең ықпал еткен қазақтың асы алуан-түрлі дәмдерді ұсынады. Ұлттық тағам бешбармақтан бастап, иісі бұрқыраған сірне мен тойымды қуырдаққа дейін – әр тағам тарихи мұраны паш етеді. Жергілікті ас, тіске басар мен сусын тізімін мәнті, бауырсақ және қымыз толықтыра түсер. Қазақтың мереке кезінде жиі ауыз тигізетін тары жармасы мен қайырылған майдан жасалатын женті, дәстүрлі тіл үйірер ірімшігі сияқты десерті молынан жайылатын қазақ дастарқанына жағымды тәтті рең береді.

Визасыз саяхаттаңыз

80 елдің азаматы Қазақстанға визасыз кіру артықшылығын пайдалана отырып, осы бір жарқыраған елдің өзіне тән сан алуан ерекшелігі мен бай мәдени мұрасын танып білуге мүмкіндік алады. ТОЛЫҒЫРАҚ