Брондау және басқару
Ақпарат
Nomad Club
Көмек

K
KZ
KAZ

Интернет-банкинг

Енді Брондау және ақпарат орталығы арқылы брондалған билеттер үшін төлемді «Халық Банк» АҚ-ның Homebank.kz және «Kaspi Bank» АҚ-ның Kaspi.kz интернет-банкинг жүйесі арқылы жасауға болады.

Бұл жүйе қалай жұмыс істейді?

  • Air Astana-ның Брондау және ақпарат орталығына +7 (727) 2 44 44 77 немесе Қазақстан қалаларында 58 44 77 нөмірі арқылы хабарласыңыз.
  • Калаған рейске орын брондап, әуебилеттің бағасын біліп, 6 таңбалы брондау нөмірін алыңыз.
  • Брондау нөмірін пайдаланып (PNR), Homebank.kz және Kaspi.kz арқылы төлем жасаңыз. 

Электрондық билет төлем расталған сәтте брондау жасау барысында көрсетілген электрондық поштаңызға жіберіледі. Бронды www.airastana.com сайтындағы «Менің саяхатым» және «Бронды өзгерту» бөлімі арқылы тексеруге болады.


*Брондау және ақпарат орталығының агенті айтқан әуебилет бағасы тек сол күнге жарамды. Басқа күні төлем құны АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамына байланысты өзгеруі мүмкіндігін естен шығармағаныңыз абзал.

Homebank.kz немесе Kaspi.kz онлайн-банкинг жүйесі арқылы төленген әуе билеттің құнын қайтару үшін, брондау кезінде көрсетілген электрондық поштасынан help.airastana.com арқылы хат жіберуіңіз қажет.


*Егер брондау бірнеше жолаушылар үшін жасалған болса, онда сіз билетті қайтару қажет болған жолаушының билет нөмірін, брондау нөмірін, ұшу сегментін және жолаушы туралы ақпарат жіберуіңіз тиіс.


*Билетті қайтару сұрауы тіркеу соңына дейін жіберілген болса, рейске келмеу айыппұлы есепке алынбайды.

Біз cookie файлдарын веб-сайтымызды және ұсыныстарымызды жақсарту үшін, сондай-ақ маркетингтік мақсаттарда пайдаланамыз. "Барлығын қабылдау" батырмасын басу арқылы сіз біздің осындай технологияларды пайдалануымызға келісім бересіз. Сіз келісіміңізді кез келген уақытта қайтарып алуыңыз мүмкін және болашақта күшіне енеді.

Cookie файлдарын қолдану саясаты