Брондау және басқару
Ақпарат
Nomad Club
Көмек

Kazakhstan Flag
KZ
KAZ

MySEAT

Борттағы ең ыңғайлы орныңызды таңдаңыз

Ұшағымыздың бортында сүйікті орныңыз бар ма? MySEAT қызметін пайдаланып, өзіңізге қолайлы орынды таңдаңыз. Бизнес және эконом-кластағы ең қолайлы ұсыныстарды қарап, қосымша жайлылыққа ие болыңыз.


Алғашқылардың бірі болып шығу үшін, алдыңғы жақтағы орынды (бизнес-класта 1-ші қатар не эконом-класта 11-ші мен 12-ші қатар) таңдаңыз, немесе аяқ қоятын жері кеңірек апаттық шығу маңындағы орынды не салонның бірінші қатарын (бизнес-класта 1-ші қатар не эконом-класта 11-ші қатар) қолданыңыз. Қолжетімдісімен танысу үшін, брондамас бұрын әр ұшағымыздың түріне арналған орындар картасын қараңыз.  


Бір ұшу сегменті үшін қарастырылған MySEAT қызметінің стандартты бағалары төменде көрсетілген. Ерекшеліктер барына назар аударыңыз, ал Делиден ұшқанда 5% дейінгі көлемде қосымша салық алымы есептеледі.  

Airbus A320 / A321

Air Astana - Қазақстандағы алғаш рет «Эйрбас А320/А321» ұшақтарын қолданған әуекомпания және республикадағы басқа әуекомпаниялардың әуе паркінде мұндай ұшақ түрі жоқ. А320 ұшағының жанармай жағу төмендігі, зиянды шығарынды бөлу деңгейі және шу жолағы қоршаған орта үшін тиімді. А320 соңғы шығарылған ұшқыш кабинасы мен аваициялық электрондық құралдар технологиясымен жабдықталған. А320 бүгін дүние жүзіндегі ең тез сатылатын ұшақ болып саналады.

MySEAT бағалары (әр сегмент үшін)

Орын

Ішкі рейстер

1-қатар бизнес-класс9 900 KZT
2 және 4 қатар бизнес-класс9 900 KZT
1-қатар эконом-класс7 950 KZT

2-қатар эконом-класс

(шығуға жақын, стандартты аяқ кеңістігі бар орын)

7 950 KZT
Апаттық шығу орыны7 950 KZT

Орын

Ұшу ұзақтығы қысқа рейстер (3 сағатқа дейін)

Ұшу ұзақтығы орташа рейстер (3-5 сағат)

Ұшу ұзақтығы ұзақ рейстер (5 сағаттан астам)

Малеге, Лондонға, Франкфуртке ұшатын рейстер

1-қатар бизнес-класс20 USD32 USD50 USD65 USD
2 және 4 қатар бизнес-класс20 USD32 USD50 USD65 USD
1-қатар эконом-класс16 USD26 USD40 USD50 USD

2-қатар эконом-класс

(шығуға жақын, стандартты аяқ кеңістігі бар орын)

16 USD26 USD40 USD50 USD
Апаттық шығу орыны16 USD26 USD40 USD50 USD

Қалай брондауға болады?

Салонда MySEAT орнын рейске бронь қойғанда немесе кейін брондауды басқару жүйесі арқылы немесе ұшқанға 24 сағат қалғанда қолжетімді болатын онлайн тіркелу арқылы таңдаңыз. Сіз сондай-ақ Air Astana-ның кез келген билет сату кеңсесіне не Брондау және ақпарат орталығымызға + 7 (727) 244 44 77 немесе + 7 (717) 258 44 77 телефонына хабарласа аласыз.

Ақылы орындар (MySEAT опциясы) Air Astana әуекомпаниясы орындайтын рейстерде ғана қолжетімді. 


Ескерту: MySEAT опциясы бойынша кейбір орындарды брондау қолжетімді болмауы мүмкін. Мысалы, техникалық себептерге байланысты A321 EI-KDI ұшағының эконом-класында 35A орнын таңдау мүмкін емес.


Жетелеушісі жоқ балалар ақылы орындарды сатып ала алмайды.  


Nomad Club бағдарламасының Гауһар және Алтын деңгей иелері ақылы және стандартты орындарды тегін брондай алады. 


MySEAT-ті билетке арналған жеңілдік сертификаты немесе Nomad Club балдарының көмегімен иеленуге болмайды, бірақ Қазақстандағы Air Astana-ның өз сату кеңселерінде сыйға берілетін карта арқылы сатып алуға болады.  


MySEAT-ті сатып алған соң, сол бағыттағы басқа күнге қайта брондауға немесе қолжетімді өзге ақылы орынға ауыстыруға болады. MySEAT қызмет ақысы қайтарылмайды. Қызмет көрсету класын жоғарылатқан жағдайда MySEAT қызметін қайтару және қайта брондау қарастырылмаған. Өз еркімен өзгерту кезінде бос орын болмаса да, бағытты өзгертуге немесе қызметті қайтаруға жол берілмейді. 


Әуекомпания отырғызу аяқталса да, операциялық себеппен немесе қауіпсіздік себебімен сатып алынған MySEAT орнын кез келген басқа орынға ауыстыру құқығын өзіне қалдырады, осы орайда Air Astana лайықты балама орынмен қамтамасыз етеді. Біздің бортсеріктер жолаушының сатып алып қойғанына ұқсас қатардан орын ұсынуға қолдан келгеннің бәрін жасайды.  


MySEAT орнын басқа жолаушының атына қайта брондауға болмайды.  


Жануармен сапар шегетін жолаушы 1-ші және апаттық қатардағы ақылы орындарды сатып ала алмайды.  

Төленген орын ақысының қаражаты төмендегі жағдайларда қайтарылмайды: 

  • Өз еркімен бас тарту немесе әуебилетті өзгерту; 
  • Онлайн тіркелу кезінде орынды ауыстыруға ниеттену; 
  • Қызмет көрсету класын жоғарылату; 
  • Авиациялық қауіпсіздік талаптарына сай келмеу; 
  • Көші-қон және басқа талаптарды орындамау салдарынан кешігуге байланысты рейске келмеу.  

Рейс кешіккен немесе орындалмайтын жағдайда ұқсас орын ұсыну мүмкіндігі болмаса, жолаушы қаражатын қайтаруды талап ете алады. Сатып алынған орын шығыны толық қайтарылады да, жолаушы тегін орынға отырғызылады.  


Қайтаруды рәсімдеу үшін, қызмет көрсеткен әуебилетті сату агентіне жүгініңіз. MySEAT қызметі Қазақстан Республикасының территориясынан тыс жерде халықаралық агенттікпен рәсімделсе, бұл ерекше жағдай болып табылады; мұндай жағдайда қайтару Көмек орталығы арқылы сұраныс жіберу арқылы жүзеге асады.  


Әуекомпания ақша қаражатын әуежайда немесе ұшақ бортында қайтармайды.


Басқа шарт көрсетілмесе, қаражат тек төлем жасағанда қолданылған банк картасына қайтарылады.  

Апаттық шығуға жақын қатардағы орындар шығу есігінің жанында немесе соның артында орналасқан.  


Бұл орындағы жолаушылар эвакуация болған жағдайда апат есігін ашуға көмектесуге міндетті.  


Апаттық шығу маңындағы орындар жолаушы қауіпсіздік талаптарына сай келген жағдайда қолжетімді. Апаттық шығуға жақын қатардан орын алған жолаушы жақсы физикалық күйде (18-60 жас аралығы) және экипаждың жазбаша һәм ауызша нұсқаулығын ағылшын, қазақ және орыс тілінде түсінуге қабілетті болуы керек.  


Жастар және егде жастағы адамдарға арналған тарифтермен сапар шегетін жолаушылар апаттық шығу орындарын сатып ала алмайды


Апаттық шығуға жақын MySEAT орнын ала алмайтын жолаушылар: 


 - Физикалық және психикалық жағдайы жолаушының өз денсаулығына, жеке тұлғалар немесе әуе кемесіндегі тұлғалар мен мүлікке қауіп тудырса; сондай-ақ апаттық есікті ашуға шамасы келмейтін тұлғалар; 

 - Балалар мен жасөспірімдер (2-18 жас), сондай-ақ жетелеушісі жоқ балалар;  

 - Нәрестелі және/немесе балалы жолаушылар; 

 - Үй жануары бар жолаушылар; 

 - Физикалық жай-күйі тез қозғалуға мүмкіндік бермейтін жолаушылар; 

 - Экипаждың ағылшын, қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулығын түсіне алмайтын жолаушылар; 

 - Зейнеткерлер; 

 - Жүкті әйелдер; 

 - Қауіпсіздік белдігін тағу үшін ұзартқыш қажет болатын жолаушылар; 

 - Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар. 


Жолаушыларды апаттық шығу қатарына орналастыру жөнінде соңғы шешімді рейсті орындайтын әуекомпания қызметкерлері қабылдайды. 


Қауіпсіздік талаптарына сай болмаған жағдайда, әуекомпания қызметкерлері жолаушыға ақша қаражатын қайтармай басқа орын беруге мәжбүр болады.


Жолаушы бұдан былай қауіпсіздік талаптарына сай келмесе, орынды қайта брондау үшін Көмек орталығы арқылы ұшқанға дейін кем дегенде 48 сағат бұрын бізге хабарласуы қажет.