MyCHOICE
Өзіңізге қажетті тарифті таңдаңыз
Эконом немесе бизнес-кластағы саяхат үшін бағасы ең тиімді тарифті таңдаңыз.MyCHOICE тарифтерін салыстыру
Қызмет көрсету класын көтеріңіз
Қызмет көрсету деңгейін бизнес-класқа дейін көтеріп, ұшу кезінде ерекше жайлылықтан ләззат алыңыз. ОРЫНДАРДЫҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН ТЕКСЕРУҚосымша жолжүк қосыңыз
Егер өзіңіз таңдаған тариф көлемінен көбірек жолжүкті өзіңізбен алып кету керек болса, ұшуға дейін 36 сағаттан кешіктірмей 30% жеңілдікпен қосымша жолжүк қоса аласыз.Air Astana Plus
Эконом-класпен ұшуды жоспарлап жүрсеңіз, сонымен қатар қосымша жолжүкке немесе бизнес-класс артықшылықтарына ие болуды қалайсыз ба? Air Astana Plus тарифін таңдап, көбірек артықшылықтарға ие болыңыз: салмағы 23 кг-ға дейінгі екі тегін жолжүк орны, тегін қайтару және қайта брондау.Тарифтер шарттары мен ережелерін мына жерден қараңыз.
Билет құнын қайтару процесі сатып алынған орынға байланысты. Егер сіз билетті агенттік арқылы сатып алсаңыз, қаражатты қайтаруға бастама жасау үшін осы агенттікке хабарласыңыз. Егер сіз билетті тікелей airastana.com сайтынан сатып алсаңыз ақшаны қайтару процесін осы сілтемеге өтіп немесе біздің Көмек орталығы арқылы сұраныс жіберу арқылы бастауға болады. Қаражатты қайтару тариф шарттарына сәйкес жүргізіледі.
Біздің сайт, мобильді қосымша немесе сату кеңселері арқылы сатып алынған билеттерді брондау күнін немесе класын «Брондауды басқару» бөлімінде өзгертуге болады. Air Astana әуекомпаниясының билеттерді сату кеңселерінде саяхатыңызға кез келген өзгерістерді енгізе аласыз. Егер брондауды билеттер сататын агенттік арқылы жасасаңыз, өзгертулер үшін де сол агенттікке хабарласуыңызды ұсынамыз. Басқа арналар арқылы сатып алынған билеттер үшін Брондау және ақпарат орталығының +7 (727) 244 44 77 нөміріне немесе біздің Көмек орталығына хабарласыңыз. Брондауыңызға өзгерістер тарифке сәйкес ережелер мен алымдарға бойынша енгізіледі.
Көмек орталығы
Сіз біздің қызметтеріміз туралы пайдалы ақпарат ала отырып, түрлі мәселелер бойынша сұраныстарыңызды Air Astana-ға тікелей жібере аласыз.