Тбилисиге саяхатым
Ең жақсы сувенир – ол дәмін татуға болатын сувенир! Айгерім Естаева дәмді Тбилисиден идеялар беруге дайын.
АЕ
Айгерим Естаева
Thu, 22 Jun 2023
Тбилисиге саяхатым
Грузия - отандастарымыз жиі таңдайтын демалыс орындарының бірі. Бұл елде әркім өз қалауы мен қалтасына қарай демала алатын болған соң, бұл таңқаларлық емес. Батумидегі жағажайлар, Сванетидегі таулар мен Боржомидің емдік суы — қысқа немесе ұзақ демалыс үшін тамаша вариант.
Бүгін Грузияның жүрегі мен астанасы Тбилиси туралы айтқым келеді. Бірден есте сақтау қабілетім нашар екенін айта кетейін, бірақ соған қарамастан Тбилиси туралы естеліктер әлі баз қалпында есімде, солармен бөлісе отырсам оқырманның да сол жерге деген қызығушылығын оятамын деп үміттенемін.
Тбилиси — бүтін елдің шағын нұсқасы іспеттес. Ескі қаланың қиыршық тасты көшелері, Pixel 34 бизнес орталығы, монастырлар, Сололакидегі ғасырлық ғимараттар мен Бейбітшілік көпірі сияқты бірегей ғимараттар. Грузин тілімен қатар аға буын орыс тілінде сөйлесе, жастар ағылшын тілінде сөйлеуді жөн көреді.
Сізге Бостандық алаңына жақын жерге тоқтауға кеңес берер едім. Солай етсеңіз, көптеген мейрамхана, кафелер мен қаланың басты көрікті жерлерін жаяу аралау мүмкіндігі бар.
Мүмкін мұным клише болар. Әйтсе де, Тбилисидегі Мтацминдаға баруға кеңес беремін, себебі Тбилисидегі фуникулер, дәлірек айтқанда, жоғарғы станцияның бақылау палубасынан ашылатын көрініс әлемдегі ең әдемі көрініс. Тік жартастың бойымен қозғалатын фуникулерлық жолмен саяхат балаға да, ересек адамға да рахат әкелері сөзсіз.
Балалар демалысы үшін Мтацминда саябағының ерекше дизайнды аттракциондарын атап өткім келеді.
Менің Тбилисиге сапарым көктемде болды, сондықтан ескерте кетейін, жылдың дәл сол мезгілінде немесе одан да суық мезгілде саяхаттар болсаңыз, пәтерлерде жылудың болмауына дайын болыңыз. Жылу сақтау үшін бізде жеке үйлерде қолданатын жылытқыш немесе пештер қолданылады.
Көктемде жемістерге де таңдау аз, ал егер бұл елге баруыңыздың бір себебі гастрономиялық тур болса, онда бұл сізге кедергі бола қоймас. Грузияда болған кез келген саяхатшы ең дәмді хинкалидің Тбилисиде дайындалатынын растайды. Тіпті бұрышта орналасқан дүкеннен кез-келген уақытта елдің символы саналатын аз немесе керісінше басым тұздалған ірімшіктің өте бай дәмі бар хачапури таба аласыз. Сондықтан бұл ел жылдың кез келген уақытында баруға тұрарлық.
Тбилиси маңында Цисквили мейрамханасы орналасқан. Ол жерді тек дәмді тағам, диірмені, бау-бақшасы мен сарқырамасы бар әдемі интерьері үшін ғана емес, грузиннің ұлттық биін, киімдері мен антиквариатын тамашалап, елдің түп мәдениетімен танысу үшін көрген жөн.
Ұшу алдында біз Дезертир базарына барып, чурчхела, жаңа әзірленген сулугуни ірімшігін және хош иісті үй ткемали тұздығын сатып алдық. Сіздің жақындарыңыз да осы сияқты жеуге жарамды «кәде сыйды» бағалайтынына сенімдімін.
Дәмді жазбамды осы жерден аяқтайын. Air Astana әуекомпаниясымен Тбилисиге ұшқан бірінші сапарым туралы (соңғы емес екеніне сенімім зор) әңгімеме назар аударғаныңызға рахмет.