Брондау және басқару
Ақпарат
Nomad Club
Көмек

Kazakhstan Flag
KZ
KAZ

Сеулге саяхатым

«Сеул бостандық сыйлап, қанаттандырады». Неліктен? Жауабын Ақмарал Исаевадан біліңіз.

АИ
Ақмарал Исаева

Thu, 22 Jun 2023
Ең алдымен Азияның жаны – Сеулге қош келдіңіз!
Әңгімемді неден бастайын? Кореяда өмір сүру тәжірибемнің басынан бастағаным жөн болар. Барлығы 2012 жылы Сеул ұлттық университеті (осында, кейін – СҰУ-де) алмасу бағдарламасынан басталды. Сеулде көктемгі семестр кезінде тұрдым. Көктем – бұл қаладағы ең таңғажайып мезгіл. Өздеріңіз білетіндей, Корея шие гүлдегенін ерекше күтеді. Себебі дәл сол кезде бүкіл қала құлпырып, аппақ қызғылт түске боялады.

Қала суық әрі желді қыстан оянып, тұрғындар көктем мерекесін тойлауға шығады. Бұл өте әдемі және сиқырлы уақыт

Кореядағы өмір өте қарбалас әрі қиын. Кәрістер жас кезінен зейнеткерлікке дейін өмір сүру үшін жұмыс істемей, жұмыс істеу үшін өмір сүретін сияқты. Әрине, мұнда жоғары білім табысты өмір кепілі ретінде қарастырылады. Беделді университетке оқуға түсу екінің бірінің қолынан келмеген соң, корейлер осы мақсатқа жету үшін керемет күш жұмсайды. Бұл елде еңбекқор, ынталы, еңбек нарығында емін-еркін бәсекеге түсіп жатқан жандардың көптігіне тәнті болдым. Wikipedia мәліметтеріне сенсек, бұл қалада 40 университет бар.
СҰУ-ға келетін болсақ, мұнда оқу мәртебе, өйткені университет білім беру пирамидасының шыңында тұр. Оның негізгі және ең үлкен кампусы қала орталығынан алыс орналасқанымен, студенттік атмосферасы ерекше. Кампуста университеттің көптеген колледж, кітапханалар, студенттік орталықтар, спорт алаңдары мен түрлі жатақханалары орналасқан. Кампус – тұтас студенттік қала, қажет нәрсенің бәрін сол жерден табасыз, өзге жаққа шабылудың қажеті жоқ. Кампус жанында көптеген ойын-сауық орындары да бар. Шын мәнінде, «SKY» аббревиатурасына жататын беделді университеттердің үштігі бар: СҰУ, Korea University және Yonsei University.
Кампустан шықсаңыз көптеген көрікті жерлерге бара аласыз. Сеулде нақты бір қала орталығы жоқ, өйткені мегаполис өте үлкен және әр аймақ өзінше ерекше.

Сеул алуан түрлі: ол дәстүрлі де, жаңа дәуір, консервативті және заманауи, әрі ескі, әрі прогрессивті, ұлттық және халықаралық та болуы мүмкін

Бұл қаланың кез келген жері таң қалдырады. Сеул еркіндік сыйлап, қанат жаюға мүмкіндік береді.

Бұл қалада дәстүрлі көрнекі жерлер (Кёнбокгун сарайы), туристік орындар (Букчон Ханок ауылы немесе Сеул ғимараты 63), романтикалық аймақтар (Чонгхечон ағыны), Хан өзені, негізгі Фиди, Йеуидо банктік ауданы сияқты көрікті жерлерден рахат ала аласыз

Негізгі ойын-сауық орындары – Ганнам, Хондэ және Итэвон аудандарында. Бәлкім сіз бұл жерлерді K-pop мәдениеті: фильм, телехикаялар мен әндерден білетін боларсыз. Бұл аймақтар сізге алуан түрлі өмір сыйлап, әрқайсысы әртүрлі өмір салтын көрсетеді.
Ганнам сән орталығы ретінде танымал. Мұнда көптеген дизайнерлік брендтік дүкендер, жоғары дәрежелі мейрамханалар, ауқатты және атақты адамдардың сарайлары орналасқан.
Хондэ өзінің қалалық өмірі: жергілікті мәдениет, өнер, музыка, сауда, клубтар және басқа да осындай ойын-сауықпен танымал.
Итэвон өзінің космополиттік өмір салты, мерекелік атмосферасы мен белсенді түнгі өмірімен танымал. Бұл өте алуан түрлі аймақ, бір бұрыштан корейлік барбекю мейрамханасы мен қарапайым кәуап дүкенін, ал келесі жерден Итэвон антикварлық жиһаздар көшесі мен Корей соғысы мемориалдық мұражайын таба аласыз
Мұнда өмірдің білім беру, іскерлік және ойын-сауық аспектілерінен басқа, денсаулық сақтау саласы да жоғары деңгейде дамыған. Қалада көптеген медицина орталықтары мен емханалар бар. Оңтүстік кореялықтар ауыр жұмыс істеп, жақсы жалақы алатындықтан, өмір сүру деңгейі жоғары. Сондықтан мұнда емдеу өте қымбат, бірақ соған тұрарлық. Кореяның медициналық туризмі бүкіл әлемге танымал.

Бір қызығы, Кореядағы көптеген университеттер мен кәсіпорындардың өз медициналық орталықтары бар. Мысал ретінде жергілікті және халықаралық деңгейде қызмет көрсететін SONY немесе Samsung ауруханаларын қарастырсақ болады

Әңгімемді қорыта келе қаланың басты көркі – адамдар жайлы сөз еткім келеді. Халықтың басым көпшілігі (тек Сеулде ғана емес, жалпы елде) кәрістер (корей тілі – хангук).
Ең таңғаларлық қасиеті – қонақжайлылығы. Қалада адасып қалсаңыз, метрода абдырап қалсаңыз немесе тілде қиындықтар туындаса, еш уайымдамаңыз, корейлер сізге көмектесудің жолын табады.
Корейлік этикет олардың қарым-қатынасының барлық аспектілерін анықтайды. Корей тілінде құрдастармен, қарт адамдармен, жақын/еместермен де өзіндік тілдесу ережелері бар. Корей мәдениеті олардың мінез-құлық стандарттарын белгілейді. Олардың менімен шетелдік студент ретінде сөйлесу стилі таң қалдырды. Барлығы сыпайы, мейірімді, жақсы болып, олардың қолдауын күн сайын сезініп жүрдім.
Жалпы, біз Сеул туралы айтқанда, көп мәдениетті қауымдастық жайлы айтамыз. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен, әртүрлі этникалық топтардан келген көптеген эмигранттар тұрады. Корей мәдениетінің жоғары әлеуметтік стандарттары барлық басқа қауымдастықтарға тарады.

Бұл қаладан кез келген уақытта демалып, дәмді тағамдардан ләззат алып, қызықты адамдармен кездесуге болатын орындар таба аласыз

Сеуіл жайлы әңгімем сізге ұнады деп үміттенемін. Жүрегімнің бір бөлігі әрқашан Кореяға тиесілі болады.
АИ
Ақмарал Исаева
*Автордың жеке пікірі әуе компанияның ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.